Әдістемелік нұсқаулық



жүктеу 2,71 Mb.
бет6/11
Дата04.12.2017
өлшемі2,71 Mb.
#3203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары





  1. Диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы.

  2. Диэлектриктің үйектелуі? Үйектелу түрлері.

  3. Конденсатордың құрылысы. Конденсаторлардың түрлері.

  4. Жазық конденсатордың сыйымдылығы.

  5. Жұмыс формуласын қорытып шағарыңыз.

3 Зертханалық жұмыс Ферромагнетиктің кюри нүктесін анықтау



Жұмыстың мақсаты: ферромагнитті үлгінің Кюри нүктесін анықтау;үлгінің температурасы өзгергендегі магнит гистерезис тұзағының өзгерісін бақылау;
Құрал – жабдықтар: автотрансформатор, термопара, милливольтметр, микроамперметр.
ҚЫСҚАША ТЕОРИЯ
Заттың магниттік қасиеттері


  1. Магнетиктер

Барлық физикалық денелер магниттеліп магнит өрісінің әсерін алады. оларды магнетиктер деп атайды.



Магниттелу – сыртқы магнит өріснің әсерінен дененің магнит моментінің өзгеру процессі. Магнетиктің әр нүктедегі магнитттелу дәрежесі магниттелу векторымен (магниттелу екпінділігі) сипатталады. Біртекті магнитттелуде векторы заттың бірлік көлемінің магнит моменті мағынасында болады. Заттың магниттік қасиеттері оны құрайтын бөлшектердің қасиеттеріне, агрегатттық күйіне тәуелді.

Атомдар құрамындағы элементар бөлшектер – электрондар, протондар, нейтрондар өзінің меншікті магнит моменттеріне ие болады. Атомның (ионның) меншікті моменті оның барлық электрондарының меншікті моменттерінің, ядроның меншікті моменттерінің және орбитальдық қозғалысының меншікті моменттерінің векторлық қосындысына тең болады.



магнит моменті нольге тең атомдар немесе иондар сыртқы магнит өрісі болмағанда диамагнитті деп аталады. Атом (ион) парамагнитті деп аталады, егер өріс болмаған жағдайда ≠0 болғанда.

Диамагнитті эффект. Сыртқы өрістің электрондардың орбитальдық қозғалысына әсері әр атомның өріске қарсы бағытталған қосымша магнит моментінің пайда болуына әкеледі. Бұл эффект диамагнитті деп аталады. Кез-келген атом қосымша момент алады, бірақ парамагнитті атомдарда ол шамасы үлкен магнит моментімен жасырынады.

Диамагнетиктер. Диамагнитті атомдардан (иондардан) тұратын заттар диамагнетиктер деп аталады. Сыртқы магнит өрісі болмаған жағдайда олар магниттелмейді. Диамагнетиктер диамагнитті эффект салдарынан сыртқы өріске қарсы магниттеледі. Диамагнетиктерге барлық инертті газдар, көптеген органикалық қоспалар, кейбір металлдар – алтын, күміс, мыс, мырыш, сынап, қорғасын жатады.

Парамагнетиктер. Сыртқы магнит өрісі болмаған жағдайда магниттелмеген және парамагнитті атомдардан тұратын заттар парамагнетиктер деп аталады. Сыртқы өріс атомдардың магнит моменттерін индукция сызықтары бойымен бағыттауға ұмтылады. Жылулық қозғалыс оған қарама – қарсы фактор ретінде әсер етеді. Нәтижесінде өріс бағыты бойында өрістің өсуімен артатын, температура өскен сайын кемитін магниттелу пайда болады. Өрісті өшіру магнит моменттерінің жойылуына әкеледі. Парамагнетиктерге газ тәріздес оттегі, азот қышқылы, щелочь металлдар, кальций, магнит, қалайы, қорғасын, ауысу металлдарының иондары және сирек кездесетін жерлері бар тұздардың сулы ерітінділері жатады.

  1. Заттағы магнит өрісі.


Заттағы магнит өрісі болып индукциясы бар сыртқы өрістердің және ішкі индукциясы бар ішкі өрістердің қосындысы табылады. Соңғысының көзі болып– магниттелген заттың өзі табылады. Қорытынды магнит өрісі:

(2.1)
Заттың магнит өрісінің индукциясын өзгерту қасиеті (2.2) формуласымен анықталатын μ салыстырмалы магнит өтімділігімен сипатталады.

Заттағы магнит өрісін кернеулік деп аталатын H көмекші векторлық шама көмегімен сипаттайды. Вакуумда өрістің әр нүктесінде (2.3) , мұндағы μ0 – магнитті тұрақты.

Магнетикте (2.2) және (2.3) формулаларына сәйкес, (2.4) және ол заттың қасиеттерінен тәуелсіз. Тәжірибелердің көрсетулері бойынша парамагнетиктер мен диамагнетиктерде,

J = Xm H (2.5), мұндағы Xm - магниттік сезімталдық деп аталатын тұрақты, өлшемсіз шама. Жоғарыда айтылғаннан парамагнетиктер үшін, Xm > 0, ал диамагнетиектер үшін, Xm < 0.



Магнит өрісінде тұрған магнетиктерде келесі қатынас орындалады:

(2.6)

(2.4) және (2.5), (2.6) формулаларынан: μ = (1+Xm) (2.7)




  1. жүктеу 2,71 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау