Әдістемелік нұсқаулық мемлекеттік аттестацияның



жүктеу 62,66 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі62,66 Kb.
#15713


    

Әдістемелік нұсқаулық

мемлекеттік аттестацияның

қорытындысы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/01



                                                                                             

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

C. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасы



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша  050704 мамандығының

студенттеріне арналған - Есептеу техникасы және 

бағдарламалық қамтамасыз ету

  

Павлодар



Қорытынды мемлекеттік

аттестация бойынша әдістемелік

нұсқаудың бекіту парағы

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.2/01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОІ бойынша Проректор 

_____________ Н.Э. Пфейфер

«___» _________ 20__ ж

050704   –   Есептеу   техникасы   және   бағдарламалық   қамтамасыз   ету

мамандығының студенттеріне арналған қорытынды мемлекеттік аттестация

бойынша 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістемелік нұсқау ГОСО ҚР 3.08.330-2006 «Бакалавриат. 050704 – Есептеу

техникасы және бағдарламалық қамтамасыз     ету мамандығы» және ГОСО

ҚР   5.03.016   –   2009   «Жоғарғы   оқу   орындарында   дипломдық   жұмысты

(жобаны)   орындау   ережелері.   Негізгі   ережелері»   –     Мемлекеттік   жалпыға

міндетті білім беру стандарттары негізінде құрастырылған. 

Құрастырушылар: 

 ЕТжБ кафедрасының профессоры, т.ғ.қ. _______ О.Г. Потапенко

                ЕТжБ кафедрасының аға оқытушысы ___________ З.Р. Ахмерова

«Есептеу   техникасы   және   бағдарламалау»   кафедрасы   отырысында

ұсынылған, , «10» __10__ 2010 ж., №6 хаттама 

Кафедра меңгерушісі________________ О.Г. Потапенко

Физика,   математика   және   ақпараттық   технологиялар   факультетінің   оқу-

әдістемелік кеңесімен келісілген, «21» ___10__ 2010 ж., №3 хаттама

ОӘК Төрағасы ______________ Ж.Г. Муканова «____» __________2010 ж.

КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы_______________ Ж.К. Нурбекова «___»__________20__ж.



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮСМБ бастығы 

______________Е.В. Крюкова «____» __________200_ ж.

ОҮЖжӘҚБ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы____________ А.А. Варакута «___»__________20__ ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

 

«10»____11______2010 г.,  № 2 хаттама




1 Жалпы қойылым.

Жоғары   білім   беретін   оқу  мекемелердегі  мемлекеттік   аттестацияның

мезгілдері,   оқу   процессінің   графигіндегі   уақытында   (академиялық

күнтізбемен)   және   жоғары   білім   мекемелердегі,   жұмыс   істейтін   оқу

жобалармен белгіленеді.

Мемлекттік аттестациясының көздейтін сұрақтары.

Мамандандырылған   теоретикалық   білімнің   денгейің   және   түлектін

таңдаған мамаңдығы бойынша практикалық жұмысқа дайындығын айқындау

мемлекеттік аттестациялаудың арқасында жатады. 



Мемлекттік аттестацияның мақсаттары.

Қойылған   мақсат   келесі   мәселелердің   шешуінің   жолдарын   айқындау

керек:

студент   деңгейінің   мемлекеттік   экзаменнің   негізгі   талаптарына   сай



екенің;

әрдайым   керек   талаптарды   студентерге   айқындап   беру,   дипломдық

жұмыс   (жоба)   жасаудың   ережелері   мен   оны   қорғау   тәртібің   жалпы   түрде

түсіндіру;

жіберу   жұмыстардың   мазмұны   уақыт   талаптарына   сай   болуын

қадағалау,   олардың   зерттеу   мен   жұмыс   жасау   сапасының   деңгейі

жоғарлануына   жол   беру,   сонымен   қатар   практикалық   бағасы   бар   жұмыс

бөлігінің мөлшерінің көбеуі;

өткен  оқу процессі  кезіндегі,  студенттің  өз-бетімен жұмыс жасауына

жол жасау;

жіберу жұмысының уақыттылы мен сапалы етіп шығаруға, өз ойымен

бөлісуге, негізгі сұрақтар мен талаптарды нық белгілеуге керекті қабілеттерге

үйрету.

Мемлекеттік аттестациясының түрлері.

Мемлекеттік   аттестация,   ол   студент-түліктерінің   өз   мамаңдықтары

бойынша комплекстік мемлекеттік емтихан тапсыру мен дипломдық жұмыс

(жоба) қорғау деген талаптары бар мереке. 

Мемлекеттік   емтихан   комбинарлы   түрде   өтеді,   оған   түлектің

мамаңдығы бойынша қабылданған жазбаға сүйініп бес сабақтан тестілеу мен

жазбаша жұмыс алынады.

Дипломдық жұмыс (жоба) қорғау мерекесі ашық түрде, студенттер мен

кафедраның мұғалімдерінің болуымен өтуі тиіс. Сонымен қатар, дипломды

қорғау мерекесіне ғылым басшысы, дипломдық зерттеу жұмыстары болған

мекеменің жұмысшылары және де басқа талап білдірген адамдар шақыруы

мүмкін.


2 Мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Мемлекеттік   емтихан   алдында,   әр   мамандыққа   белгіленген   сабақ

түрлерінең ашық лекциялар оқытылады.

Дипломдық   жобалау   бойынша   консультация,   жұмыс   практиканың   әр

кезінде   және   жіберу   жұмыс   уақытында   өткізіледі.   Сонымен   қатар,   жұмыс

басшысынында болып жатқан консультациялар графигін есепке алу керек.




Оқулық   жоспар   және   бағдарлама   талаптарына   сай   оқу   процессін

аяқтаған   білім  алушы,   мемлекеттік   аттестация   қорытындысына   жіберіледі.

Оқу   процесінің   аяқталуының   негізгі   белгісі   оқушының   қажетті   көлемде

теориялық   курстарды   мемлекеттік   жалпыға   ортақ   бакалавриат

мамандығының біліміне сай игеруі болып табылады.

Білім   алушының   мемлекеттік   аттестация   қорытындысын   факультет

деканының   бұйрығымен   білім   алушылар   кестесі   бойынша   жинақталып,

мемлекеттік аттестациялық комиссиясына жіберіледі.

Мемлекеттік   аттестациялық   комиссияның   жұмыс   кестесін   құруда

факультет деканына жауаптылық артады. 

Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмысына дейін екі жұма

қалғанда  кешіктірмей  жалпы мәлімденеді  және мемлекеттік  аттестациялық

комиссияның   жұмысының   кестесі   ректормен   бекітіледі.   Мемлекеттік

аттестациялық комиссияның мәжіліс ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс. 

Мемлекеттік емтихан өткізу реті оның бағдарлама мазмұнын есепке ала

анықталады .

  Емтихан   аралас   түрде   өткізіледі,   яғни   билет   бойынша   жазбаша

жауаптар   және   тест   алынады.   Бірақ   та   бір   уақытта   емтихан   тапсыратын

студенттер саны 15 адамнан аспауы тиіс. 

Тест   жүргізу   бекітілген   кесте   бойынша   мониторинг   бөлімімен

ұйымдастырылып,   арнайы   компьютерлік   сыныптарында   өткізіледі,тест

қорытындысы   бойынша   арнайы   ведомость   беріледі.     Тестілеу   кезінде   бір

нұсқада   тест   тапсырмалары   –   50   сұрақтан   (әрбір   сабақтан   25   сұрақ;

емтиханның жазбаша бөлімін өткізгенде бір билетте сұрақтар саны – 2 (әрбір

сабаққа   бір   сұрақтан).   Емтиханның   Тест   жүргізу   және   жазбаша   бөлімінің

пайыздық қатынасы – 50/50.   Тесттік тапсырманың бір сұрағына 1,5 минут,

билет сұрақтарына жазбаша жауап дайындауына  - 60 минут беріледі.

3 Бітіруші жұмыстардың қорғаныш реті

Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын анықтағанда өндірістің

нақты   тапсырмаларын   және   мәселелерін,   білім,   ғылым   және   мәдениетін

ескеру   керек.   Дипломдық   жұмыстың   тақырыбы  мамандардың   дайындау

профиліне және мамандыққа сай болу керек.

Дипломдық   жұмыстардың   тақырыптары   (   жобалардың   )   шығарушы

кафедрамен   өңделеді,   факультет   кеңесімен   бекітіледі.Студент   дипломдық

жұмыстың (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды. 

Студентке   алі   де   бекітілмеген   тақырыптағы   дипломдық   жұмысты

(жобаны) орындау мүмкіндігі бар. Бұл   жағдайда   студент   кафедраға

тандалған   тақырыптың     жөнділігін   дәлелдей   алатындай   ақпарат   пен

тапсырысқа берілген тақырыптың орындалуы туралы бір жақты   хат жазуы

тиіс. 

Дипломдық жұмыс үшін тапсырманы, ондағы бітіруге тиіс мерзіммен



кафедра менгерушісі бекіту керек. Жұмыс істелетін кезеннің барша мерзіміне

кесте жасалып, жеке бөлімдердің  жасалу кезектері  қарастырылып, ғылыми




жетекшісімен   ақылдасылып     кафедра   менгерушісімен   бекітілуі   қажет.   Бұл

кезенде студент жетекшісі алдында  межелдік түрде есеп беріп отыруы тиіс,

ал жетекші кафедра жиналысында студенттің дипломдық жұмысты (жобаны)

қорғауға   дайындық   дәрежесі     туралы   баяндама   жасайды.   Дипломдық

жұмысты /жобаны/ дайындау мен қорғау үшін  сегіз кредит немесе оң жұма

уақыт   қарастырылған.   Бұның   өзінде   ,   өндірістік   тәжірибеде   жиналған

мәліметтер   ,   дипломдық   жұмыстың     /жобаның/   екінші   /арнайы/бөлігінің

негізін қалауы тиіс.

Дипломдық жұмысты /жобаны/  жіберетің кафедраға  қорғау алдыңдағы

тексеріске кем дегенде екі апта бұрын тапсырылуы тиіс. 

  Дипломдық   жұмысты   /жобаны/   қорғау     алдындағы   тексеріс   ,

кафедраның   ашық   жиналысында   ,   студенттер   мен   міндетті     түрде

жетекшісінің   қатысуымен     және   керек   жағдайда   ғылыми   кеңесшілер

қатысуымен   өткізіледі.   Қорғау     алдындағы   тексерісті   ресімдеу   ,   кафедра

жиналысы хаттамасымен бекітілед.

Дипломдық   жұмысты   /жобаны/   қорғау   мемлекеттік   атестациялық

комиссия жиналысында, әрі олардың жартысынан көбінің қатысуымен өтеді.

Дипломдық жұмысты /жобаны/ қорғау келесі кезекте өтеді; 

-

Қорғау   алдында   МАК   өкілі   дипломдық   жұмысты   /жобаны/



комиссия     төрағасына   береді,   студенттің   фамилиясын   және   дипломдық

жұмыстың  /жобаның/ тақырыбын жариалайды

-

Диплом   иегерінің   баяндамасы   тындалады,   ол   7-15   минуттан



аспауы тиіс

-

Баяндама   аяқталған   соң   комиися   мүшелері   диплом   иегеріне



сұрақтар қояды, ал студент сәйкесінше  нақты, дәлелді әрі қысқа жауаптар

айтуға міндетті

-

Жауаптарды   берген   соң   МАК   хатшысы   ғылыми   жетекшінің,



рецензенттің пікірің оқып , диплом иегеріне ескертулерге жауап қату үшін сөз

кезегің береді.

Бiр   дипломдық   жұмыстың   (жобаның)   қорғауының   ұзақтығы,   ереже

бойынша   бір   студентке   30   минуттан   аспауы   керек.

 

Бір   күндік



қорғаушылардың саны – 10 адамнан аспауы қажет. 

Студенттер қорытынды мемлекеттік аттестацияға кіруге рұқсат алуға

міндетті, бұл әрі қарай қажетті есеп беру құжаттамасын ресімдей отырып,

оқу үрдісінің барлық алдағы сатыларының сәтті аяқталуын білдіреді. Барлық

шолу   лекцияларына   және   консультатцияларға   келу,   мемлекеттік   емтиханға

дайындалып, жаксы тапсыру, сонымен қатар дипломдық жұмысты (жобаны)

қорғаудың барлық сұраныстарын орындау.  

4   Мемлекеттiк   емтихандар   және   бiтiретiн   жұмыстардың

бағасының ретi 

Аралас формада өтетін мемлекеттік емтихан нәтижелері келесі түрде

жүзеге асырылады. 

Тест   қорытындысын  ОҮЖжӘҚБ  береді.   Тестiлiк   тапсырмаларының

нұсқалары   бойынша   жауаптардың   бағасы   тиiстi   кiлттердiң   қолдануымен



автоматты   iске   асады.   Мемлекеттiк   емтиханның   қорытынды   бағасындағы

нәтижелердiң дара салмақтарының тестеулерi сонымен бiрге 0, 5 құрайды.

                   Билеттер бойынша өткізілген жазбаша емтихандар қорытындысын

емтихан   комиссиясы   бағалайды.   Жазбаша   емтиханды   бағалаған   жағдайда

жауаптың   дұрыстығы   мен   толықтығы   ескеріледі.   Жазбаша   емтиханның

нәтижелерінде дара салмақтарының қорытынды бағасында - 0, 5.

        Мемлекеттік емтиханның қорытынды (Қ) бағасы тест қорытындысы (Т)

мен жазбаша емтиханның (Ж) нәтижелерін есепке алынуымен мына формула

бойынша есептеледі:

Қ = Т х 0,5 + Ж х 0,5.

Студенттердің   мемлекеттік   емтиханының   қорытынды   нәтижелерін

емтихан өткізілген күні емтихан комиссиясы кеңестен кейін жариялайды. 

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижесін  баллды – рейтингтік

және әріптік жүйемен бағалайды.

 

Сонымен бiрге теориялық, ғылыми және



жаттығу   әзiрлеу   деңгейі,   ғылыми   жетекшісінің  пiкiр  және   пiкiр  берушiнiң

бағасы назарға алынады.

Дипломдық   жұмыстың   (жобаның)   бағаланауының   негізгі   сапалық

критериялары:

тақырыптың өзектiлiк және жаңалығы; 



тақырып бойынша отандық және шетел әдебиетiнiң жеткiлiктiлiк

қолдануы; 

дипломдық жұмыстың (жобаның) тәжірибелік маңыздылығы;



дипломдық   жұмыстағы   (жобадағы)  қойылған   есептердiң

орындауы үшiн жиюлы эмпирикалық мәлiметтерiнiң жеткiлiктiлiгi;

талдау және алған нәтижелердiң интерпретациясының тереңдiгі



және дәлелдiгi; 

алған талдаудың тереңдігі және интерпретациясы; 



материал  анықтылығы   мен   сауатты   жеткізуі,  жұмысты  сапалы

рәсімдеу;  

диплом   жобасы   бойынша   теориялық   және   практикалық



сұрақтарды қоя білу, МАК мүшелерінің анық және дұрыс жауаптары және

пікір беруі.

Дипломдық   жұмыстардың   қорғаулар   нәтижелері   жеке   әрбір   студент

бойынша   мемлекеттік   аттестациялық   комиссиялар   мәжілісінде   хаттамамен

тіркеліп,қорғаған күні жарияланады.

5 Қайтадан іскерлік сараптаулар өтулер реті

Мемлекеттік   емтиханның   қайтадан   өткізуі   және   оң   бағадан

жоғарылатудан   мақсатпен   дипломдық   жұмыстар   қорғау   рұқсат   етілмейді.

«Қанағаттанарлықсыз»     баға   алған   адамның   мемлекеттік   емтихандардың

және   дипломдық   жұмыстарды   қорғау   қайтадан     өткізуі   ,   қорытынды

мемлекеттік іскерлік сараптауда осы мерзімге рұқсат етілмейді. Дипломдық




жұмыстар қорғау қанағаттанарлықсыз танылатын кезде,  оқүшы сол жұмысты

түзеп қайтадан қорғауға көрсете алатын мүмкіндігін немесе кафедра берген

жаңа   тақырыпты   жаза   бастауын   мемлекеттік   аттестациялық   комиссия

шешеді.  

Тек   қана   алдыңғы   қорытынды   мемлекеттік   іскерлік   сараптауда

«қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушы қайтадан қорытынды мемлекеттік

іскерлік   сараптауға     кіргізіледі.   Мемлекеттік   емтихандарға     теориялық

курстың   біту   жылында   әрекеттегі     оқу   жоспарымен     пәндер   тізімі

анықталады.

Қорытынды   мемлекеттік   іскерлік   сараптауда     «қанағаттанарлықсыз»

баға алған оқушы, жоғарғы оқу мекемеден ректорат бұйрығы бойынша қолға

мәлімет үлгісі беріліп  шығарылады..



6 Университет аяқтау туралы құжаттардың ресімдеулері және беруі

реті

Дипломдық   жұмысты   қорғаған,   мемлекеттік   емтиханды   тапсырған

оқушы     мемлекеттік   аттестациялық   комиссиялар   шешіммен   лайықты

мамандық бойынша бакалаврдың академиялық дәрежесі беріледі.

Дипломдағы   қосымша   декан   берген   мәлімет   бойынша   толтырылады.

Мәліметтер     мемлекеттік   жалпы   білім   беру   стандарты   бойынша   оқу

жоспарындағы   пәндер   бағасы,курстық,   дипломдық,практика   жұмысы   және

қорытынды мемлекеттік  іскерлік сараптаулар натижелерінен алынады.

Оқу   жоспарының   барлық   пәндерінің   75   пайызынан   кем   емес

экзамендары мен дифференциялданған сынақтарының бағасы «өте жақсы»,

ал   қалған   пәндер   бойынша   –   «жақсы»   бағасы   болса,   және   мемлекеттік

экзамендар мен бітіру жұмысын «өте жақсы» бағасына бітірген үйренушіге,

озаттық дипломы беріледі. 

Бітірушіге   құжаттары,   кету   қағазын   тапсырғаннан   кейін,



университеттің студенттік кадрлар бөлімінде қолына беріледі.  

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
  • C. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
  • ОҮСМБ бастығы ______________Е.В. Крюкова «____» __________200_ ж.

жүктеу 62,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау