м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі
__________________ Сембина Г.К.
«_____»_______________2014 ж.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін
ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТАРАТЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ
пәнінен
5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – ЕТ және БҚ
мамандықтарының білімгерлері үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз 2014
Әдістемелік нұсқау тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін «Деректерді өңдеу таратылған жүйелерін жобалау» пәнінен 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В070400 – ЕТ және БҚ мамандығының білімгерлері үшін пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
т.ғ.к., доцент Сембина Г.К. _____________________
аға оқытушы Конысбаева А. _____________________
Әдістемелік нұсқау «Ақпараттық жүйелер» кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама №_____ «______»_____________20__ж.
№1 тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Ашық жүйелер технологиялары. Деректерді өңдеудің таратылған жүйелерi. Функционалды - таратылған ақпараттық технологиялар
Сабақтың мақсаты: Ашық жүйелер технологиялары, деректерді өңдеудің таратылған жүйелерi туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және жұмыстарын талдау.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Ашық жүйелер концепциясы
Эталондық модельге сәйкес есептеу желісі көптеген түрлі аппараттық және программалық құралдар көмегімен іске асатын таратылған ақпараттық-есептеу ортасы ретінде анықталады. Бұл орта вертикаль бойынша әрқайсысы өз негізгі есебін орындайтын логикалық деңгейлерге бөлінеді. Горизонталь бойынша орта локальды бөліктерге бөлінеді. Олар ашық жүйелер деп аталады және ISO ашық жүйелер сәулетінің стандарттары мен талаптарын қанағаттандырады (1 сурет).
Сурет 1. Ашық жүйелердің өзара қатынас аймағы
«Ашық жүйелер қатынасы» (АЖҚ) («Взаимодействие открытых систем» ВОС) (OSI - Open System Interconnection) термині сәйкес стандарттарды бірге қолдануға байланысты бір-біріне «ашық» жүйелер арасында мәліметтерді беру процедураларына қатысты қолданылады.
Негізгі эталондық модель бойынша ашық жүйелер қатынасы деңгей деп аталатын, бір-бірінің үстіне орналасқан жеті қабатқа бөлінген.
OSI эталондық моделі деңгейінің аттары:
физикалық
мәліметтер буыны
желілік
транспорттық
сеанстық
мәлiметтердiң берiлуi
қолданбалы
Кейбiр функцияны iске асыратын және бір деңгей құрамына кiретiн ашық жүйе бөлігі объект деп аталады, N-шi деңгейдiң объекттерiнiң өзара әрекеттесуiнiң ережелерiнiң жиыны N – хаттама деп аталады Көршi деңгейдегі объекттердiң арасындағы байланыс интерфейспен анықталады (мысалы, N және (N-1) - ші деңгейдегі объекттер арасындағы байланыс (N - 1)-ші интерфейспен анықталады).
Ашық жүйелердің ортақ қасиеттері:
Кеңейтiлiмдiк - расширяемость/масштабируемость
Тасымалданғыштық – мобилдiлiк - мобильность
Басқа жүйелермен жұмыс iстеуге қабiлеттiлiк - интероперабельность
Қолданушыға достық, соның iшiнде жеңiл басқарылу - дружественность к пользователю, в том числе легкая управляемость.
Ашық жүйелерде бұл қасиеттер кешенді түрде қолданылады. Ашық жүйелер қатынасы ақпараттық желілер сәулетінің негізгі концепциясы болып табылады.
Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері (МӨТЖ) - өзара байланысқан, бірақ бір-біріне тәуелсіз ЭЕМ-дың бірігіп қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін жүйе. Бұл жүйелер ақпараттың пайда болу және қолданылу пунктерінің территориялық таратылуымен сипатталатын объекттерді автоматтандыруға арналған.
Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері – бір рангті серверлердің желісі
Мәліметтер бөліктерге бөлініп жүйе серверлеріне таратылады
Клиент жақын серверге қосылады, ол арқылы жүйедегі барлық мәліметерге қолжетімді болады
Клиент қосылған сервер жүйенің қашықтағы серверлеріне сұраныс жасайды
Таратылған ортада әрекеттесуді ұйымдастыру
МӨТЖ-де келесі негізгі функциялар орындалады:
Ресурстарға (есептеу қуаты, программа, мәліметтер және т.б.) қолжетімділік;
Тапсырмаларды орындау және «клиент-сервер» режимінде қолданушылар мен олардың тапсырмаларымен интерактивті байланысты орнату;
Жүйе жұмысы туралы статистиканы жинау;
Жүйе сенімділігін және өмір циклын қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде МӨТЖ-нің түрлі критерий бойынша классификациясы бар:
Біркелкілік деңгейі бойынша
Толықтай біркелкі емес МӨТЖ
Жартылай біркелкі емес МӨТЖ
Біркелкі МӨТЖ
Толықтай біркелкі емес МӨТЖ –ге түрлі сәулетті және әр түрлі операциялық жүйемен жұмыс істейтін ЭЕМ-дар біріктірілген. Бұл типті МӨТЖ коммуникациялық қызмет ретінде Х.25, Frame relay, ATM, Internet-технология хаттамаларына негізделген глобальды желілерді қолданады.
Жартылай біркелкі емес МӨТЖ-лер бір типті түрлі ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін ЭЕМ-дер немесе бір ОЖ басқаруымен, бірақ түрлі типті ЭЕМ-дер негізінде құрылады. Мысалы, IBM PC компьютері түрлі ОЖ-лермен басқарылады: MS DOS, OS/2, Windows ХР. 7, Windows NT.
біркелкі МӨТЖ бір ОЖ –мен басқарылатын және бір типті ЭЕМ-дар негізінде құрылады.
Сәулеттік ерекшеліктері бойынша
Телеөңдеу жүйелері негізіндегі МӨТЖ
Желілік технология негізіндегі МӨТЖ
Желілік технологияда бір машинадағы кез-келген процесс басқа ЭЕМ-гі процеспен байланыса алады. Ал телеөңдеу жүйелері негізіндегі МӨТЖ-де процестердің толық, симметриялық және тәуелсіз өзара қатынастары орындалмайды.
Таратылу деңгейі бойынша
Регионалды (аймақтық);
Локальды.
Аймақтық МӨТЖ-не келесі параметрлерімен сипатталатын таратылған конфигурациялар кіреді:
Шексіз географиялық таратылу;
Маршруттаудың механизмдері;
Түрлі екі түйін өзінің каналы арқылы байланысқан:
Еркін топология.
Бұл типті МӨТЖ-де ЭЕМ-дар арасындағы байланыстың келесі түрлерін атап кетуге болады:
Каналдар коммутациясы;
Хабарламалар коммутациясы;
Пакеттер коммутациясы;
Фреймдер коммутациясы - Frame relay;
Ұяшықтар коммутациясы - ATM-технология.
Локальды МӨТЖ-нің негізін келесі сипаттары бар локальды желілер құрайды:
кішігірім географиялық таратылу;
бір коммуникациялық ортаны қолдану;
жоғары және өте жоғары жылдамдықты байланыс - 107... 109 бит/с;
коммуникациялық қызметтің барлық түйінін қолдану арқылы жоғары жылдамдықты ұйымдастыру үшін бір ортаға қолжетімдіктің арнайы әдістері мен алгоритмдерін қолдану;
топологиялардың шектеулігі.
МӨТЖ-нің сәулеті деп оның логикалық, физикалық және программалық құрылымдарының өзара байланысын айтамыз.
Тәжірибелік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау
Ашық жүйелер және мәліметтерді өңдеу таратылған жүйелері туралы теориялық матералмен танысу.
Ашық жүйелер және мәліметтерді өңдеу таратылған жүйелері жұмысына талдау жасау, мысалдар келтіру
Бақылау сұрақтарына жауап беру
Бақылау сұрақтары
Ашық жүйелер технологиясы дегеніміз не?
Ашық жүйелерді құру мұқтаждығы не үшін қажет болды?
Ашық жүйелер міндетті қасиеттері қандай?
OSI эталондық моделі деңгейінің аттары:
Мәліметтерді өңдеудің таратылған жүйелері дегеніміз не?
Таратылған ортада әрекеттесуді ұйымдастыру қалай орындалады?
МӨТЖ-нің түрлі критерий бойынша классификациясын келтіріңіз
Клиент-серверлі сәулеттің негізгі құрамдас бөліктерін атаңыз
№2 тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Apache Web-серверін орнату. PHP модулін орнату. DzSoft PHP конфигурация баптаулары. Editor код редакторы. Web – сервермен өзара әрекеттесу.
Сабақтың мақсаты: Apache Web-серверін, PHP модулін орнатуды үйрену, PHP сценарийлерімен жұмыс жасауды игеру.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Apache – UNIX платформасында пайда болған әйгілі Web-сервер. Сервер орнатылған соң, httpd.conf конфигурациялық файлына баптаулар енгізіледі. httpd.conf файлы 3 негізгі секциядан тұрады:
глобальды баптаулар (күйге келтірулер) секциясы - Web-сервердің программа ретінде жұмыс істеу баптаулары
«үнсіз келісім сервері – сервер по умолчанию» секциясы – Web-сервердің сұраныстарына жауап беретін сайттың үнсіз келісіммен анықталған баптауларын сақтайды
Виртуалды түйіндер секциясы – Apache бір уақытта бірнеше сайттың жұмысын қолдайды, олар «виртуалды сайттар» деп аталады.
Web-сервер орнатылғаннан кейін келесі каталогтарға қатынауға болады.
Аты |
Мағынасы
|
Htdocs
|
Web-сервердің түпкі каталогы, барлық Web-документтерді сақтайды.
|
cgi-bin
|
Сервер жағында орындалатын серверлік скрипттер мен екілік кодтарды сақтайды.
|
Conf
|
Сервердің конфигурациялық файлдарын сақтайды
|
Logs
|
Web-сервер жұмысының барлық журналдарын сақтайды.
|
Bin
|
Web-сервердің орындалатын файлдарын сақтайды
|
lib, libexec, modules
|
Web-сервердің статикалық және динамикалық қосылатын кiтапханаларын сақтайды
|
Icons
|
Сервер құратын парақтарға шығатын иконка файлдарын сақтайды
|
Include
|
C/С++ тақырыптық файлдарын сақтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |