ӘК төрағасы_______________Жұманқұлова Е.Н.
Бақылау жұмысының мақсаты – жазба жұмыстарында мазмұн мен анализін, қайнаркөздер іздестірудегі дағдыландыру, өз бетімен оқу курсы кезінде алған теориялық білімдерін бекіту.
Бақылау жұмысы сабақ оқудағы көбінесе шығармашылық және тереңдетілген ой-өрісін, тақырыпты өзбетімен оқудағы үлкен мөлшерлік элементтерді қажет етеді.
Бақылау жұмысында ұсынылған негізгі талаптар, келесілермен бекітіледі:
арнайы әдебиетпен оқу;
нақты мәдени ағымдағы процестермен теориялық байланыстарын бекіту;
жұмыста пайдаланылған керекті материалдарды анализдеу оны байланыстыра алу;
жұмыс жоспарын құра алу (кіріспе, негізгі бөлім, бекіту)
ғылыми жұмыс аппаратын дұрыс құра білу (пайдаланылған әдебиеттер тізімін)
Бақылау жұмысын орындау кезінде тек оқу курсына сәйкес келетін тақырыппен кірісу керек. Бақылау жұмысына кіріспестен бұрын алдымен жоспар құру керек. Жұмыс жоспарына тақырыпқа байланысты асақажетті 3-4 сұрақ болуы керек, сонымен қатар кіріспе мен бекіту.
Бақылау жұмысында әдебиеттен ауызша көшірілген сөздер қабылданбайды. Жұмыс сапасы алдымен студенттің өзбетімен орындаған сұрақтары, мазмұны анықталып бағаланады. Бақылау жұмысында цитаттар мен жұмыс орындаулары сауатты болу керек.
Бақылау жұмысы курстық жобалардың орындауы жөнінде стандарттың атымен сәйкестеліп орындалу керек. ГОСТа 7.1-2003 талаптарымен сәйкестелгенімен библиографиялық жазбалармен құрылады. Библиографиялық жазба. Құжаттың библиографиялық жазбасы. Жалпы талаптар мен ережелерді құру.
Бақылау жұмысы оқу жоспарының құрылымымен мерзімделеді. Бақылау жұмысының мөлшері – 10 беттен (А4) кем емес болу керек. Студент бақылау жұмысын емтиханға шейін орындау керек.
Бақылау жұмысының тақырыптары
Сөз және оның мағынасы.
Лексикография
Қазақ тілінің фразеологиясы
Мақал-мәтелдер
Тұрақты тіркестердің түрлері
Этимология
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігі.
Мақал-мәтелдердің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Сөз құрамы жайында түсінік.
Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары
Бұйрық райлы етістіктің жіктелуінің ерекшеліктері.
Сын есімнің шырайлары.
Есімдік және оның септелуі.
Етістіктің рай категориясы.
Тіліміздегі одағай сөздердің қызметі.
Үстеу және оның мағыналық түрлері.
Сөз тіркесі және оның зерттелуі.
Жай сөйлем синтаксисі
Құрмалас сөйлем синтаксисі
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Ахметов Ә., Жүнісбекова Қ., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1995.
А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. Алматы, 1975.
Болғанбайұлы Ә., Ғ. Қалиұлы Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.
Қ.Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995.
Ф.Мұсабекова. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы.. Алматы, 1991.
С.Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 2004.
Ф.Ш. Оразбаева. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2005.
Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991.
10. Р.Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы. (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана, 2000.
А.Ысқақов. Морфология. Алматы, 1991.
Ќосымша:
12. Ш.К.Бектұров. Алматы, 1991.
13. М.Ә.Қараев. Қазақ тілі. Алматы, 1994
14. Ж.Н.Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы. Алматы, 2003
15. Ф.Оразбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер. Алматы, 1988.
16. Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев. Практикалық қазақ тілі. Алматы, 1980.
Достарыңызбен бөлісу: |