Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/05



жүктеу 0,78 Mb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі0,78 Mb.
#16841
1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәнінен

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг», мамандықтарының студенттері үшін
курстық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқауды

бекіту парағы


Ұ СО ПМУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

___________Эрназаров Т.Я.

«___»___________20__ж.

Құрастырушы: аға оқытушы ___________ Жанат Мырзабек
«Экономикалық теория» кафедрасы

«Макроэкономика» пәнінен

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін
курстық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра отырысында ұсынылды

«___»_____________20__ж., хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)


ҚЭФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___»___________20__ж., хаттама №___


ОӘК төрайымы ___________________ Сидорова Л.А.

(қолы)


Кіріспе
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Маркетинг» мамандықтарының күндізгі және сыртттай оқу түрлерінің студенттері мамандықтың оқу жоспары мен ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес «Макроэкономика» пәнінен курстық жұмысты орындауы керек.

Әрбір студент өзінің қазіргі заманғы аралас нарықтық экономика туралы теоретикалық білімдерін тереңдету мақсатында макроэкономикалық талдаудың қазіргі заманғы әдістемелері мен әдістерін игеруі және сонымен қатар, макроэкономикалық тепе-теңдікке, жұмыспен толық қамтылуға, экономикалық өсуге, баға деңгейінің тұрақтылығына қол жеткізудің мәселелерін және т. б. мәселелерді қарастыруы, жағдайларға талдаулар жасай білуі және осының негізінде өзінің қорытындысын құрастыра білуі, алынған макроэкономикалық білімді ұлттық шаруашылықтың дамуын болжау үшін қолдана білу машығын қалыптастыруы курстық жұмысты жазудың негізгі мақсаты болып табылады.

Курстық жұмысты жазудың мәні әдеби-ғылыми, статистикалық, болжамдық материалдарды жинай отырып, зерттеулер қорытындысын өз сөзімен жеткізуге үйрену.

Курстық жұмысты жазу барысында студент берілген тақырыптың теориялық негізін толық оқып үйренуі керек, сонымен қатар нормативтік актілер мен мерзімдік басылымдардағы экономикалық мақалаларды, ұсыныстарды кеңінен қолдануы тиісті.


1 Тапсырманы таңдау нұсқасы
Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша және аты-жөнінің бірінші әріпі бойынша таңдалады (1 кесте).
1 кесте – Курстық жұмыс тақырыптарының нұсқасы


Аты-жөнінің бірінші әріпі

Сынақ кітапшасының соңғы цифры

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А - В

90

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Г - Е

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

Ж - И

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

К - М

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

Н - Ө

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

П - Т

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

У - Ф

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

Х - Ч

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

Ш - Я

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89



2 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Курстық жұмысты орындау кезінде келесі әдістемелік нұсқаулар орындалуы тиіс:

- таңдап алынған тақырыптың мәнін, ғылыми-әдістемелік және мәселелік негіздерін ашу мақсатында қажетті материалдық көздерді зерттеу және конспектілеу;

- ғылыми теориялық қорытындыны тәжірибеде болып жатқан үрдістермен салыстыру мақсатында динамикалық, нормативтік материалдар мен құрылымдық, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге талдау жасау;

- зерттелетін мәселені шешу, жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерінің негіздемесі.

Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыруды келесі кезеңдерден өтеді:

- студенттерге кафедраның отырысында бекітілген курстық жұмыс тақырыптары ұсынылады;

- тақырыпты таңдап алғаннан соң студент әдебиет көздерімен танысады, жұмыстың жоспары мен библиографиясын құрастырады, жұмыс жоспары ғылыми жетекшімен келісіледі;

- жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін, студент жоспар бойынша тақырыпты мазмұндайды, таңдалған әдебиет, журналдың мақалалары, кестелері арқылы өз конспектілерін дайындайды. Жұмыстың бөлімдерінің аттары жұмыс жоспарының сұрақтарына сай болуы тиіс.

Курстық жұмыс 20-25 баспалық бетке жазылады.

Кіріспеде:

- шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын баға беріледі, тақырыптың көкейтестілігін және ғылым мен тәжірибе үшін оның маңыздылығын негіздейді;

- жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу аясын және зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің заңнамалық базасын анықтайды;

- талдауды өткізуге, сәйкес қорытындыларды жасауға және кепілдемелерді беруге мүмкіндік туғызатын зерттеудің ақпараттық базасын көрсетеді;

- жұмыс нәтижелерінің мақұлдауын (апробациясын) белгілейді (егер ол орын алатын болса).

Кіріспеде нақты жұмыс көзқарасы тұрғысынан маңызы аз мәліметтер болмауы тиіс және көлемі бойынша 2-3 беттен аспауы керек.

Бірінші бөлім, ереже бойынша, теориялық сипатқа ие. Курстық жұмыстың теориялық бөлігінде зерттелетін мәселенің мәні ашылып көрсетіледі, оның өңделу жағдайы анықталады, зерттелетін объектінің әрекет етуінің нақты жағдайларын ескере отырып осы мәселені шешудің тұжырымдамасы баяндалады. Берілген бөлім ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, мұнда мемлекеттік және жергілікті басқарудың әдістемелік сұрақтары, ұйымдастырушылық, экономикалық, аумақтық, әлеуметтік және басқа да мәселелердің принципиалды аспектілері терең қарастырылады және бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Теориялық бөлімнің мазмұны студенттің мамандану мен мамандықтың профильді пәндері саласындағы білімдерін, әдебиетпен жұмыс істеу және жиналған материалды жүйелендіру іскерлігін көрсетеді. Теориялық бөлімде егер әдебиет көздері туралы сөз болса, онда әдебиетке сілтемелер көрсетілуі қажет.

Екінші бөлім сараптамалық сипатқа ие. Мұнда жинақталған мәліметтер көмегімен тақырыптың қазіргі күйі зерттелініп, мәселенің оң және теріс қырлары анықталады. Зерттеу объектісінің жағдайын талдау және бағалау практикада жиналған мәліметтер негізінде орындалады. Зерттеу барысында зерттелетін объектінің жағдайына әсерін тигізген факторларды бөліп көрсету, оның дамуының қол жеткізілген деңгейіне баға беру, осы үдерістің серпінінің оң және кері үрдістерін, олардың негізгі факторларын анықтау қажет. Берілген тарау талдау және жоспарлау үшін алдын-ала өңделген, жүйелендірілген сандық материалға негізделген есептеулермен толықтырылады.

Үшінші бөлім – ұсыныс бөлімі. Мұнда бірінші және екінші бөлімде жинақталған мәліметтер негізінде аталмыш мәселенің қолайсыз, олқы тұстарын жетілдіру немесе түбегейлі өзгерту бағыттарына арналуы мүмкін немесе бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Бұл қорғау үшін аса маңызды бөлім, сондықтан да берілген бөлімде келтірілетін барлық есептер аса сенімді негіздеуге, ал кестелер мен сызбалар – жеткілікті дәлелдер мен түсініктерге негізделген болуы тиіс.

Қорытынды бөлімнің басты міндеті болып барлық жұмыстың қорытындысын шығару табылады. Сондықтанда мұнда, ереже бойынша, жаңа нақты мәліметтер де, жаңа теориялық ережелер де келтірілмейді, ал тек қана қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар мен қорытындыларға келесі талаптар қойылады:

- оларда теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері болуы тиіс;

- олар нақты әрі қысқаша болуы керек;

- қортындыда әдебиетке сілтемелер мен түсіндірмелер болмауы керек;

- қорытындыда тек «кіріспе» бөлімінде көрсетілген зерттеу мақсаттарына сәйкес болуы керек және олардың мазмұны жұмыс мәтінін оқымай-ақ түсінікті болатындай баяндалуы тиіс, сонымен қатар орындалған жұмыстың практикалық маңыздылығын және егер мүмкін болса – жаңашылдықтың маңызын атап өту қажет.

Жұмыс СТП-СК-03-02 талаптарына сәйкес нысандалады және белгіленген мерзімде «Экономкалық теория» кафедрасына тіркелуге тапсырылады:

- әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жазылған курстық жұмысты жетекшіге тексеруге және оның деңгейін бағалауға тапсырылады;

- курстық жұмыс ғылыми жетекшісінің ескертулерімен өңделуі тиісті, егер ғылыми жетекшіні курстық жұмыс қанағаттандырмаса, онда ол қорғауға жіберілмейді;

- егер курстық жұмыс талаптарға сәйкес келіп, ғылыми жетекшімен құпталса, онда кафедраның шешімімен құралған комиссияның алдына студент курстық жұмыс қорғайды.

Курстық жұмысты қорғау барысында студент тақырып бойынша өз бетінше зерттеу жүргізгенін, талданып отырған әдеби-дәлелдік материалдарды жеткілікті мөлшерде игергенін, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік сипатта қойылған сұрақтарға дәлелді жауап қайтара алатынын дәлелдеп шығуға тиісті. Егер қорғау бұл талаптарға сай болмаса комиссия курстық жұмысқа теріс баға қояды және ол жөндеу мен толықтыру үшін қайтарылады.

Курстық жұмысты орындау және қорғау үшін студенттің өздік жұмысының уақыт бюджеті СӨЖ-ге бөлінген сағаттың 40%-ын жуығын құрайды. Курстық жұмыс 100 балдық шәкілмен бағаланады. Мысалы, СӨЖ-дің 60 сағатының 25 сағаты курстық жұмысты орындауға, оның ішінде: тапсырма беру, сәйкес әдебиеттерді оқуға – 1с (2 балл), курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен талаптарын орындауға – 2 с (4 балл), курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазуға – 4 с (10 балл), курстық жұмыстың екінші бөлімін жазуға – 8 с (12 балл), курстық жұмыстың үшінші бөлімін жазуға – 7 с (11 балл), қойылған талаптарға сәйкес жұмысты дайындауға – 2,5 с (5 балл), орындалған жұмысты қорғауға – 0,5 с (56 балл) бөлінеді.

Сәтті қорғаудан шыққаннан кейін студент есепке немесе «Макроэкономика» курсы бойынша емтиханға жіберіледі.



3 Курстық жұмыстың тақырыптары
3.1 ҚР-ның мемлекеттік бюджеті

3.2 Қазақстан экономикасына әлемдік қаржы нарығының ықпалы

3.3 Қазақстанның ЖҰӨ-і және ЖІӨ-і. Оларды есептеу әдістері

3.4 Аралас экономикадағы мемлекеттің рөлі

3.5 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеудің маңызы

3.6 ҚР-ның банк жүйесі

3.7 Адамзаттың жаһандық мәселелері

3.8 Халықаралық валюта қатынастары. ҚР-ның валюта саясаты

3.9 ҚР-ның еңбек нарығы: мәселелері және болашағы

3.10 Жұмыссыздық – қоғамдағы күрделі экономикалық-әлеуметтік мәселе

3.11 Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздық пен инфляцияның ара байланысы

3.12 Ұлттық қорлану – инвестицияның бастауы

3.13 ҚР-ның қор нарығы: мәселелері және болашағы

3.14 ҚР-ның инвестициялық саясаты

3.15 ҚР-дағы инфляциялық үрдістерді реттеу ұстанымдары

3.16 Инфляция және онымен күрес (шетелдер тәжірибесі)

3.17 Макроэкономикалық тұрақсыздық: мәселелері және шешу жолдары

3.18 ҚР-дағы бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз

3.19 ҚР-ның бюджеттік-салықтық (фискальдық) саясаты

3.20 Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылыққа енуі мәселелері

3.21 ҚР-ның ұлттық есепшоттар жүйесі

3.22 ҚР экономикасының өсу мәселелері

3.23 ҚР-ның ақша-несие (монетарлық) саясаты

3.24 Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтандыру саясаты

3.25 ҚР-ның ішкі және сыртқы қарызы: қазіргі жай-күйі және болашағы

3.26 Әлемдік валюталар жүйесінің эволюциясы және қазіргі уақыттағы мәселелері

3.27 ҚР-ның әлеуметтік саясаты

3.28 ҚР-ның ақша базасының және ақша агрегаттарының талдауы

3.29 Қазақстанның демографиялық мәселелері және болашағы

3.30 Халықаралық экономикалық интеграциядағы Қазақстанның рөлі

3.31 ҚР-ның төлем балансы: қазіргі жай-күйі және болашағы

3.32 ҚР-ның Ұлттық банкі және оның қызметі

3.33 Жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны

3.34 ҚР-ның ақша нарығының теңдестігі жағдайы

3.35 Мемлекеттің антимонополиялық саясатының негіздері

3.36 ҚР-ның несие-ақша нарығы және пайыз мөлшерлемесі

3.37 Халықаралық несиенің ел экономикасына оң және теріс ықпалы

3.38 Халықаралық саудадағы Қазақстанның үлесі

3.39 Халықаралық еңбек бөлінісі

3.40 Қазақстанның төлем балансы: қазіргі жағдайы және келешегі

3.41 Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ-і серпінін талдау

3.42 ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды реттеу

3.43 Айырбас бағамы, халықаралық капитал ағымы және сауда балансы

3.44 ҚР-дағы мемлекеттік қарыздар мәселесі

3.45 ҚР-ның ақша-несие саясатының ерекшеліктері

3.46 ҚР-ның сыртқы сауда байланысының сипаттамалық белгілері

3.47 ҚР-ның фискальдық саясаты

3.48 ҚР-дағы шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсімдегі рөлі

3.49 Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технологиялар мен рестуктуризацияны меңгеру

3.50 ҚР-дағы еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсіздік

3.51 Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты

3.52 Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары

3.53 Қазақстандағы халық табысы мен шығындары серпіні және құрылымы

3.54 ҚР-ның қаржы нарықтарын талдау

3.55 ҚР-дағы төлем қабілетсіздігі мәселелері

3.56 Соңғы бес жылдағы ҚР-ның негізгі макроэкономикалық агрегаттар ы серпінін талдау (жинақтау, тұтыну, инвестиция)

3.57 ҚР-ның салық салу жүйесін реформалау

3.58 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері

3.59 ҚР-ның БӘСҰ-ына кіруі: мәселелері және болашағы

3.60 ҚР-дағы зейнетақы жүйесін реформалау

3.61 ҚР-ның индустриалдық-инновациялық саясаты

3.62 ҚР-ның экономикалық өсуі: факторлары, кезеңдері және ерекшеліктері

3.63 ҚР-дағы антимонопольдық реттеу және мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы рөлі

3.64 ҚР-ның экономикасының аймақаралық ерекшеліктері

3.65 Монетарлық саясаттың экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі рөлі

3.66 ҚР-дағы банк жүйесінің дамуы

3.67 ҚР-дағы депозиттерді сақтандыру және халық жинақтарының серпіні

3.68 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы және құрылымы

3.69 Ұлттық қор: құрылымы және мақсаты

3.70 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына ықпалы

3.71 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және болашағы

3.72 Әлеуметтік әділдік концепциясы: теория және тәжірибе

3.73 Дағдарысқа қарсы (антикризистік) басқару: мазмұны, ұстанымдары, әдістері

3.74 Мемлекеттік кеден саясаты

3.75 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оны аймақтар деңгейінде жүзеге асыру мәселелері

3.76 Елдің салыстырмалы артықшылықпен байланысты мамандануы

3.77 ҚР-дағы валюта нарығы

3.78 Коммерциялық банктер жүйесінің ел экономикасына ықпалы

3.79 Мемлекеттік шығындар құрылымы

3.80 Халық шаруашылығы қуаты және қазіргі кезеңдегі пайдаланылу деңгейі

3.81 Жалпы макроэкономикалық теңдестік: теория және тәжірибе

3.82 Макроэкономикалық тұрақсыздық: теория және тәжірибе

3.83 Жұмыссыздық: теория және тәжірибе

3.84 Макроэкономикалық теория: пәні және зерттеу әдістері

3.85 Төлем балансы және айырбас бағамы

3.86 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардабы

3.87 Макроэкономикалық саясат және оның мақсаттары

3.88 Дағдарысты экономикадағы мемлекеттің рөлі

3.89 Экономикалық циклдер теориясы

3.90 Дағдарыс жағдайындағы үкіметтің негізгі макроэкономикалық саясаттары



Әдебиеттер
Негізгі

  1. Мамыров Н.К., Тлеужанова М.А. Макроэкономика. – Алматы, 2003

  2. Агапова Т.А. Макроэкономика для преподавателей. Учебно-методическое пособие. Выпуск 1. – М.: «Дело и сервис», 2003

  3. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: учебник / под общ. ред. проф. А.В.Сидоровича. – М. : МГУ им. М.В. Ломоносова, Изд-во "ДИС", 2004. – 448 с.

  4. Брагинский С.В. «Монетаризм как экономическая доктрина» / «Деньги и кредит», 1993. – № 1

  5. Бункина М.К., Семенов В.А. Макроэкономика. (Основы экономической политики): учебное пособие. – М. : "ДИС", 1996. – 120 с.

  6. Бурда М., Вишлош Ч. Макроэкономика: учебник. 2-е изд. / пер. с англ. Г.В. Борисова, И.В. Розмаинского, А.А. Фофанова, К.А. Холодилина. Под ред. В.В.Лукашевича, К.А.Холодилина. – СПб. : Судостроение, 1998. – 544 с.

  7. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. – СПб. : Питер, 2001. – 115 с.

  8. Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С.. Макроэкономика: Учебник. – СПБ. : СПбГУЭФ, 1997.

  9. Гальперин В.М., Моргунов В.И., Игнатьев С.М. Макроэкономика, в 2-х томах. – СПб., 1997.

  10. Голубевич А.Д. и др. «Валютные операции в коммерческих банках», М.: Экономика, 1994. – 115 с.

  11. Задоя А.А. Макроэкономика. – Москва, 2004

  12. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Изд-во МГУ, 1997

  13. Долан Э.Дж., Линдсей Д. Макроэкономика. – СПб. : "Литера плюс", 1994. – 255 с

  14. Селищев А.С. Макроэкономика. – СПб.: Питер, 2005

  15. Киселева Е.А. Макроэкономика – М.: Эксмо, 2005

  16. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций. – М.: Эксмо, 2006

  17. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамадиева Б.М. – Алматы, 2004

  18. Кругман Л.Р., Обстфельд М. Международная экономика: теория и политика. М. : «ЮНИТИ», 1994., гл. 14 – 20.

  19. Курс экономической теории: учебник – 5-е изд. Киров: «АСА», 2004. – 832 с.

  20. Леонтьев В. Экономические эссе: теории, исследования, факты и политика. – М. : Политиздат, 1990. – 136 с.

  21. Макконнелл К.Р., Брю С.Л.. Экономикс: принципы, проблемы и политика, в 2-х т. – М. : Инфра-М, 1996, 2000.

  22. Максимова Л.М., Носкова И.Я. Международные экономические отношения. – М. : «Банки и биржи», 1995. – 132 с.

  23. Макроэкономика./под ред. М.И.Плотницкого. – М.: Новое знание, 2004

  24. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения: учебник для вузов. / под ред. Красавиной, – М. : «Финансы и статистика», 1994. – 154 с.

  25. Микро и макроэкономика. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1997.– 98 с.

  26. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – С-Пб.: Питер, 2005

  27. Мэнкью Н.Г. Н.Г. Макроэкономика. / пер. с англ. – М.: МГУ, 1994. – 315 с.

  28. Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации . – СПб.,1994

  29. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. – М.: Изд-во МГУ, 1998

  30. Овчинников Г.П.. Макроэкономика. – СПб. : Изд-е Электротехнического института связи, 1993. – 265 с.

  31. Усоскин В.М. «Денежный мир» Милтона Фридмена. – М.: 1979. – 54 с.

  32. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М.: Дело, 1993. – 550 с.

  33. Хасбулатов Р. И. Мировая экономика. – М. : «ЮНИТИ», 1994. – гл. 7, 13, 19.

  34. Хейне П. Экономический образ мышления. / пер. с англ. – М., 1991. – 298 с.

  35. Ховард К., Г. Журавлева, Н. Эриашвили. «Экономическая теория», – М. : «Банки и биржи», 1997. – 236 с.

  36. Пигу А. Экономическая теория благосостояния. – М. : Прогресс, 1985. – 258 с.

  37. Протас В.Ф. Макроэкономика: структурно-логические схемы: учебное пособие для вузов. – М. : ЮНИТИ, 1997. – 97 с.

  38. Шишов А.Л. Макроэкономика: учебник. – М. , 1997. – 97 с.

  39. Черепков «Макроэкономическая теория», РЭЖ.

  40. Эклунд К. «Эффективная экономика. Шведская модель», 1991. Экономика / под ред. Булатова: – М. : Изд-во. «БЕК», 1995. – 156 с.

  41. 39 Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. – Алматы: Аркаим, 2003. – 120 б.

  42. Экономическая теория: задачи, логические схемы, методические материалы: учебник для вузов / под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: – СПб. : Питер. 1999.

  43. Экономическая теория / под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: учебник для вузов. 3-е изд. – СПб. : СПбГУЭФ,Питер. 2000.

  44. Экономическая теория: практикум / под ред. Н.И. Базылева, Л.В. Воровьевой. 2-ое изд., – Минск БГЭУ, 2000.

  45. Фридмен М. Количественная теория денег. – М. : Эльфпресс, 1996. – 320 с.


Қосымша

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997

  2. Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента РК Назарбаева Н.А. народу Казахстана. – Алматы, 20005

  3. Бюджет жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы

  4. Экономическая теория: Микро и макроэкономика. Учебное пособие./под ред. М.И.Плотницкого. – Минск: КН. Дом, 2005

  5. Учебные программы заочного отделения по дисциплинам кафедры макро-микроэкономики. / КазНУ им. Аль-Фараби, ФЭБ, Кафедра макро-микроэкономики. – А.: Учебная лаборатория, 2006

  6. Соболева И.Я. Маркетинг. Менеджмент. Микроэкономика. Макроэкономика. – Алматы, 2006

  7. Туманова Е.А. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода. Москва, 2004

  8. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. Т1. – М., 2003

  9. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М.: Дело,2001

  10. Колчанов Л., Ибрагимова К. «Механизм регулирования занятости в условиях рыночной экономики» / «Вопросы экономики», 1998. – №7

  11. Лиоршин А.Я. «Государство в рыночной экономике» / РЭЖ, 1992. – №10.

  12. Подпорина И.. «Современные проблемы бюджетного регулирования» / «Экономист», 1996. – № 27

  13. Проскурякова «Бюджетный дефицит и его влияние на экономику США» / «Экономика, политика, идеология», 1995. – №9

  14. Симоновский А.О.. «О направлениях и инструментах денежной политики» / «Деньги и кредит», 1992. – №4

  15. Симонов А.В. «Кредитная система и государственное регулирование» / «Деньги и кредит», 1992. – № 11

  16. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. «Сөздік-словарь», 1999.

  17. А.Челекпаев « Платежный баланс Казахстана».

  18. Долан Э.Дж., Кемпбелл К.Д., Кемпбелл Р.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. / пер. с англ. – М., 1996. – 178 с.

  19. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. Избранные произведения. – М. : Экономика, 1993. – 254 с.

  20. Бункина И.К. Деньги. Банки. Валюта: учебное пособие. – М., 1994. – 54 с.

  21. Гайгер, Линвуд Т. Макроэкономическая теория и переходная экономика. / пер. с англ. – М., 1996. – 87 с.

  22. Пезенти А. Очерки политической экономии капитализма, в 2-х томах. / пер. с итал. М. : МГУ: Прогресс, 1976. – 54 с.


Ескерту: Курстық жұмысты орындау кезінде қосымша

әдебиеттерді қолдануға шектеу қойылмайды.



Кесте 2 – Курстық жұмысты орындау кестесі


Орындалатын жұмыс түрі

Апталар

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

сағат

балл

Тақырып таңдау және тапсырма алу











































1

2

Сәйкес әдебиеттерді оқу











































Курстық жұмыстың жоспарын жасау, жетекшімен келісілу және кіріспе жазу











































2

4

Курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазу











































4

10

Курстық жұмыстың екінші бөлімін жазу











































8

12

Курстық жұмыстың үшінші бөлімін жазу











































7

11

КЖ-ты қортындылау, қойылған талаптарға сәйкес рәсімдеу











































2,5

5

Орындалған курстық жұмысты қорғау











































0,5

56



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау