Метонимия – «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту» (А. Байтұрсынов). Мысалы: «Абайдың сөзінен, яки кітабынан көшіріп жазу деудің орнына «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін айтамыз. Яғни, сөз құрылымынан керекті бір сөзді тастап кету. Бірақ, одан мағынаға зардап келмейді.
Синекдоха (мегзеу) –алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Мысалы: «Аудитория есігінен буаз портфель бұл етті де, ізінше ақ жібек
шалбардың бір балағы мен ақ кенеп ботинка кірді». (З. Қабдолов)
Бұл мысалдағы мегзеу сөздерге қарап әдеби қаһарманның сырт пішін, кескін-кейпін ғана емес, жүріс-тұрысында,ы ерекшеліктерді қоса аңғарып, оның мінез-құлқын топшылауға да болады.
Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Мысалы:
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді, Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді. (М. Жұмабаев)
З. Қабдолов өзінің зерттеу еңбегінде теңеудің де (эпитет, метафора сияқты) күрделі түрі болатынын айтып, мысал келтіреді:
Шұғыла шалған кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап, Өрт топанын кешіп, Нұхтай
Жалғыз өзі тұрды бойлап:
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге. (Қ. Аманжолов)
Символ (грекше шартты белгі) - астарлау, яғни – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді.
Отырмын теңіз бойында Достарым қандай көп еді Ойнайды дауыл ойымда Көбісі соның жоқ енді Соғады толқын шың, жарды, Көпірген теңіз төңірегім Шертеді көңілім мұңлы әнді Күрсінбейді жел тегін!
(Ә.Тәжібаев)
Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім-ақ айырықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, үлкен шабытпен жырланған. Бұл өлең – символмен бірге психологиялық параллелизмнің де үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |