«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған



жүктеу 13,96 Mb.
бет5/7
Дата21.01.2018
өлшемі13,96 Mb.
#7865
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

14-Сурет Өрт сөндіргіш сызбалары:

а) ОХП-10; б) ОХВП-10; 1 – корпус, 2 – стақан; 3 – клапан; 4 – тұтқа;

5 – қосу сабы; 6 – шток; 7 – шығару құбыршасы; 8 – стақан саңылауы;

9 – шашыратқыш; 10 – ауаны эжектрлендіру терезесі; 11 – көбік қондырғысының корпусы; 12 – тор.


Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 жаңа бастаған қатты, сұйық заттардың от көздерін, сонымен қатар 1000 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған. От сөндіргіш ретінде сұйық көмірқышқылы пайдаланылады. Ыдыстың жұмысшы қысымы 5,8 – 6 мПа. Қарлы ағынның үздіксіз шығу мерзімі қоршаған орта температурасы 200С болғанда 15 сек. От сөндіргіштің сыртқы қорабы болат темірден істелген. Оның мойын жағына бекітетін және іске қосатын тетік бұралады.

Бекіткіш вентиль мембраналы сақтық клапанмен жабдықталған. Мембрана 500С температурада жарылады немесе ыдыс ішіндегі қысым – 18...21 МПа жеткенде іске қосылады да, ыдысты жарылудан сақтайды. Салмағы 10 процентке кемісе, от сөндіргіштің сұйықтығын қайта толтыру қажет. Вентиль, шығар жағы кеңітілген бұрмалы бағытталғышпен жалғасқан. От сөндіргішті іске қосқан кезде ыдысты еңкейтпей түзу ұстау керек, тек бағыттағышын жанған отқа бұру қажет және бағыттағышқа қол тигізуге болмайды, өйткені үсіп қалу қаупі бар.




15-Сурет . Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштердің сызбалары:

1 – баллон, 2 – тұтқа, 3 – сақтандырғыш мембранасы, 4 – вентиль,

5 – шашыратқыш, 6 – сифон түтікшесі, 7 – бекіту клапаны, 8 – шток,

9 – қосу рычагы, 10 – сақтандырғыш чекасы.




16-Сурет . ОУБ-3 өрт сөндіргіштің сызбасы:

1 – корпус, 2 – сифон түтікшесі, 3 – клапан, 4 – тозаңдатқыш, 5 – шток,

6 – қосу сабы.

Көмірқышқылды бромэтильді өрт сөндіргіштердің ОУБ-3 (сурет 1.3) және ОУБ-7 (маркировакадағы цифр баллонның литрмен есептегендегі сыйымдылығын білдіреді) 97 пайызы бромды этилден және 3 пайызы қоймалжың көміртегі диоксидінен тұрады. Баллоннан зарядты лақтыру үшін оған 200С градуста 0,843 МПа қысымы астындағы ауа кіргізеді. Өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 35 секунд, ағыс қашықтығы – 3...4,5 метр. ОУБ типті өрт сөндіргіштер көмірқышқылды өрт сөндіргіштерге қарағанда тиімді, бірақ бромды этил ауамен қосылғанда жарылғыш қосылыстар түзуі, және құрамының улы болуы себепті көп қолданылмайды. Сондықтан мұндай өрт сөндіргіштерді жабық бөлмелерде пайдаланғанда оқшаулағыш противогаздарды қолданылу керек.


Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП-8 Б

Негіздік металдармен, олардың қоспаларымен, 380 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған және басқа заттармен болған жануды тоқтату үшін қолданылады. От сөндіргіш зат ретінде ПСГ-2; П-1 А немесе ПСБ ұнтақтары пайдаланылады. Бұл ұнтақтар улы емес және шашыраған сумен, көбікпен, газдармен қосып пайдалануға бола береді. Ыдыстың ішінен ұнтақты үрлеп шығаруға көмір қышқыл газы немесе қысылған ауа пайдаланылады. Ыдыс сыйымдылығы 1 немесе 8 литр. Ағынның шығу мерзімі 10 – 25 сек. Жету қашықтығы 6 метр. Жанып жатқан қабатқа түскенде ұнтақ отты оттегінен бөліп тастайтын жанбайтын қабат құрайды.



ОП-1 «Момент-2П» өрт сөндіргіш үзік – үзік әрекет етеді, сондықтан бірнеше рет пайдалануға жарайды (сурет 1.4). Ол ұнтақ құрам толтырылған корпустап 1 және корпусқа бұралып жабылатын қақпақтан тұрады. Өрт сөндіргішті іске қосу үшін рычагты 9 бірден жоғары қарай тартып қалу керек. Осы кезде рычагтың төменгі ұшы штогты 7 басады. Штог серіппенің қарсылық күшін басып, төмен қарай жылжиды, клапанды 5 ашып, инемен сығымдалған көмірқышқыл газы бар баллон мембрамасын 3 тесіп жібереді. Көміртек диоксиді сифон түтікшесі арқылы 2 өрт сөндіргіш корпусына түсіп, онда саңылаулы қондырғы 6 арқылы ұнтақ шашуға жеткілікті қысым тудырады. Рычагты 9 төмен түсіру арқылы өрт сөндіргіштің жұмысын тоқтатуға болады.



жүктеу 13,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау