Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева


Internet  жəне  маркетинг



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет200/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Internet 
жəне  маркетинг
Маркетингтің  негізі  өнімнің 
жарнамасы,  ал  Internet  желісі  маркетинг  мамандары  үшін  əлеуетті 
көмекші ретінде қызмет атқарады. 
Internet  желісін  қолданғаннан  максималды  тиімділікті  алу  үшін 
кем  дегенде  компьютерлік  технологияларды,  жүйелік  талдауды 
біліп,  жарнама  шеберін  меңгеру  керек.  Бірақ  егер  оны  əлеуетті 
тұтынушыға  жылжыту  бойынша  ешқандай  əрекет  жасалмайтын 
болса,  Internet  желісінде  жарияланған  ақпарат  «өлі»  болып  қалады. 
Көбінесе провайдерлер ақпаратты сақтау үшін бағаларды төмендете 
жəне оны жылжыту үшін ешқандай қосымша қызметтерді ұсынбай, 
ақпараттық технологиялардың нəтижелерін бұзады. 
287 


 
 
 
 
 
 
 
288 
б
 
Сурет 17.1. Негізгі беті көрсетілген Internet Explorer 
терезелері (а) 
 
 
а
 
 
 


Провайдер  серверінде  ақпарат  жай  жарияланған  болса,  яғни  іздеу 
машиналарына  мекен-жайды  орналастыру  бойынша  жұмыстар, 
басқа  дереккөздерден  ортақ  сілтемелерді  ұйымдастыру  жəне  оны 
желіде  жылжыту  бойынша  өзге  белсенді  жұмыстар  жүргізілмесе, 
болжалды нəтижені күтуге болмайды. 
Internet белгілі бір ұйым үшін бұқаралық ақпарат құралы ретінде 
қалыптасуы  үшін  заманауи  ақпараттық  технологиялардың  əдістері 
мен  құралдарын  жетік  меңгерген  мамандардың  қатысуымен 
маңызды  кəсіби  жұмыс  жүргізу  қажет.  Сонымен  қатар,  желідегі 
маңызды  ақпараттық  маркетингтің  іске  асуын  бірнеше  ай  күту 
керектігін  ескеру  керек.  Ол  жарнама  қызметінің  тəжірибесімен  де, 
теориясымен  де  расталған.  Өйткені  БАҚ  беттерінде  орналасқан 
ақпаратқа  жүгінудің  мыңынан  тек  1  %  ғана  мəміле  жасасуға  алып 
келеді. Бұл интернетке де қатысты болып табылады. 
Internet  желісін  жарнама  қызметін  жүргізетін  орта  ретінде 
қарастыра  отырып,  мынаны  ескерген  жөн:  маркетингтік  жұмыс 
кəсіби  түрде  жүргізілген  кезде  қайтарым  мен  шығындардың  ара 
салмағы өзге БАҚ қарағанда ең тиімді болып есептеледі. 
Өнім  жəне  қызмет  туралы  ақпаратты  əлеуетті  жəне 
нақтытапсырыс  берушілерге  электрондық  пошта  арқылы  тарату 
факс,  телефон  жəне  өзге  ақпарат  тарату  əдістеріне  қарағанда  арзан 
болады.  Алайда  қаражатты  үнемдеу  аталған  əдістің  іскер 
адамдармен мойындалуының жалғыз себебі емес. 
Электрондық  поштаның  негізгі  артықшылығы  оның  басқа 
байланыс  құралдарына  қарағанда  тиімді  болуында.  Өйткені,  ол 
шешім  қабылдау  үдерістерінде  еңбектің  өнімділігін  айтарлықтай 
көтереді.  Мысалы,  осылай  клиенттерге  ақпараты  жеткізу  жəне 
олардан ақпарат қабылдау санаулы минутта орындалады. 
Сонымен қатар, InternetMail қосымшасының Windows ортасында 
хабарламаларды  жасап,  тарату  үшін  оңай,  əрі  үнемді  болып 
табылатынын  айта  кеткен  жөн.  Егер  сіз  Word    мəтіндік 
редакторымен  жұмысты  меңгерген  болсаңыз,  бұл  бағдарламамен 
жұмыс жасау сіз үшін қиындық тудырмайды. 
17.2
 
суретте  аталған  бағдарламаның  негізгі  жұмыс  терезесі 
көрсетілген. 
Электрондық поштаның тағы бір маңызды артықшылығы қазіргі 
кездегі  құжат  айналымының  ерекшеліктерімен  байланысты. 
Электрондық  пошта  арқылы  жеткізілген  хабарламаны  Word,  Excel, 
Access  жəне  өзге    Windows  қосымшаларында  дайындалған    кез 
келген құжатқа енгізуге болады. 
Оған  қоса,  жіберілген  ақпараттың  есебін  жүргізуінің  оңайлығын 
ескеру  керек.  Дəстүрлі  пошталық  қатынас  хаттарға  немесе  телефон 
арқылы  сөйлесуге  жұмсалатын  шығын  туралы  тек  төлем  шотына 
сүйеніп пайымдауға болады. 
 
 
 
289 


 
 
 
Сурет 17.2. Internet Mail бағдарламасының терезесі 
 
InternetMail  секілді  бағдарламаларды  қолдану  болса  жіберілген 
ақпарат туралы мəліметті бір байтқа дейінгі дəлдікпен алуға болады 
жəне  электрондық  поштаны  қолданудың  қарқындылығын  күн  мен 
сағат  бойынша  талдауға  болады.  Бұл  абоненттер  арасындағы  есепті 
əлдеқайда жеңілдетеді. 
Қорытындылай  келе,  электрондық    пошта    мыналарды 
қамтамасыз етеді деп айтуға болады: 

 
ақпаратты жіберу мен алудың тиімділігін; 

 
басқарушылық  қызметте  шешім  қабылдау    уақытын 
қысқартуға; 

 
көп абоненттермен бір уақытта жедел байланыс жасауға. 
Маркетингте  Internet  1992  жылы  бағдарламалық    жасақтамасы 
кез келген ақпаратты жедел іздеуге жəне қарауға мүмкіндік беретін 
World  Wide  Web  (WWW  —  ғаламтордың)  пайда  болуымен  ерекше 
тиімді болып қалды. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау