Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет197/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

 
 
 
 
 
1 7   Т а р а у 
 
ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТЕ INTERNET ЖЕЛІСІН ҚОЛДАНУ
 
 
 
17.1. 
Тарихқа шолу
 
 
Коммуникациялық 
бағдарламалар 
жүйелері 
қашықтағы 
компьютерлердің арасында ақпарат алмасу үрдістерінде аппараттық 
құралдарды  басқару  үшін  арналған.  Internet-технологиялардың 
негізін  құрайтын  бағдарламалық  өнімдерді,  яғни  Internet  желісінде 
ақпаратты өңдеудің əдістері мен құралдарын қарастырайық. 
Internet 
— 
бұл 
бүкіл 
əлемдегі 
пайдаланушылардың 
компьютерлерін  бірыңғай  ақпараттық  кибернетикалық  кеңістікке 
байланыстыратын  ғаламдық  коммуникациялық  жүйе.  Бүгінгі  таңда 
Internet  пайдаланушылардың  арасында  ақпарат  алмасудың  ең 
жылдам жəне арзан жүйесі болып табылады. 
Қазіргі  Internet  желісінің  түпбелгісінің  авторлары  АҚШ 
Қорғаныс  министрлігінің  қызметкерлері  болып  табылады.  Олар  ХХ 
ғасырдың  70  жылдарының  басында  Американың  əртүрлі 
штаттарында  орналасқан  компьютерлердің  арасындағы  тұрақты, 
бөгеуілден  қорғалған  байланысты  қамтамасыз  ету  мəселесін 
шешкен  болатын.  Кейіннен,  InternettingProjekt  жобасының  аясында 
компьютерлік  ақпараттық  технологиялардың  тағы  бір  күрделі 
мəселесі  шешілді.  Ол  –  құрылымдары  мен  операциялық  жүйелері 
əртүрлі компьютерлердің арасында деректерді тарату мəселесі. 
ХХ  ғасырдың  90  жылдарының  басында  Швейцарияда 
Еуропалық  элементар  бөлшектер  зертханасының  қызметкерлерімен 
жалғыз  ғана  пайдаланушы  қабықшасынан  Internet  желісінде  жұмыс 
істеуді  қамтамасыз  ететін  жаңа  бағдарламалық  жүйе  құрылды.  Бұл 
бағдарламалық жүйе World Wide Web (WWW) — ғаламтор атауына 
ие болды. 
Ғаламдық  кибернетикалық  кеңістіктің  пайда  болуы  Internet-тің 
өркениет 
үшін 
ашатын 
мүмкіндіктері 
туралы 
көптеген 
пікірталастың  туындауына  себеп  болды.  Кейбіреулердің  ойынша, 
Internet-ті  жаппай  пайдалануға  байланысты  телевидение,  баспасөз 
жəне өзге бұқаралық ақпараттар жойылуы мүмкін. Кейде бұл 
285 


телевидение  мүмкіндіктерінің,  содан  соң    ғылымдағы,    білім 
берудегі,  өнердегі  жəне  адамзаттың  өзге  де  қызметтеріндегі 
компьютерлердің аясында орын алған полемиканы еске түсіреді. 
ХХ  ғасырдың  80  жылдарының  соңында  педагогикалық  жоғарғы 
оқу  орындарында  оқулықтарды  компьютерлік  бағдарламалармен 
алмастыру  жобалары  шындап  жасалып  жатқан.  Алайда,  мəнді 
ештеңе  енгізілмеді.  Оның  себебі  əр  партада  компьютердің  болмауы 
емес.  Қазіргі  кезде  көптеген  отбасыларда  компьютер  бар. 
Бағдарламалық  өнімдер  нарығында  мультимедиялық  бағдарламалар 
көбейіп  келеді.  Керемет  компьютерлік  энциклопедиялар  бар.  Бірақ 
кітаптар  əрқашан  кітап  болып,  ал  оқулықтар  оқулық  болып  қалады 
жəне  оларға  жақын  болашақта  ештеңе  болмайды.  Мəселе  білім 
беруде  ақпаратты  жылдам  жіберу  мен  қабылдау  мүмкіндіктерін 
қалай тиімді қолднуға болатынында. 
Сонымен  қатар,  Internet-тің  бизнестегі  рөлі  мен  орны  туралы 
пікірталастар  да  аз  емес.  «Internet  бизнеске  не  бере  алады?»  деген 
риторикалық  сұраққа  «Ал  телевидение,  радио,  телефон,  факс,  газет 
жəне  өзге  бұқаралық  ақпарат  құралдары  (БАҚ)  іскер  адамға  не 
береді?»  деген  сұрақпен  жауап  беруге  болады.  Жауап  айқын: 
Internet — іскерлік ақпаратты жедел қабылдау жəне тарату құралы. 
 
 
 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау