Негізгі өріс кестелер құрастырушысында өріс қасиеттерін
сипаттауда пайда болады, сондықтан құралдар панелінде қажетті
өрісті таңдап тінтуірмен тиісті батырмаға басу қажет.
Объектілердің сипаттары бірдей мазмұнды бірнеше кестелер
құрастыру кезінде деректерді көшіру технологиясын қолданған
жөн. Бұл үшін келесідей қадамдарды жасау керек:
Конструктор
режимінде бұрын жасалған кестені ашу;
басқа кестеде
қайталанатын өрісті белгілеу;
белгіленген өрісті (барлық қасиеттерімен қоса) айырбастау
буферіне көшіру;
айырбастау буферінен
кестені құрастырушының тиісті
жолына өрістің қасиеттерін енгізу.
ДҚ кестелері құрастырылғаннан соң, деректердің тұтастығын
қамтамасыз ету үшін байланысты кестелердің арасында байланыс
орнату қажет.* Деректердің тұтастығы байланысты кестелердегі
кездейсоқ өзгерістерден қорғанысына кепілдік береді. Байланысты
кестелерде бір кесте басты, ал екіншісі – бағынышты болып
табылады. Басты кесте негізгі өрісті, ал бағынышты – негізгі емес
ұқсас өрісті сақтауы тиіс.
Кестелер арасында байланыс орнату үшін келесі қадамдарды
орындау шарт:
деректер қорының терезесінің құралдар панелінде
Схема
данных
пəрменін белсендіру (6.6 сурет);
дерекқор
схемасының
құрастырушысының
ашылған
терезесіне басты жəне бағынышты кестелерді негізу (6.7. сурет);
кестелерді бірдей өрістер бойынша байланыстыру.
6.8.
суретте дерекқор схемасының құрастырушысының терезесі
көрсетілген – мұнда САПР ТП «ЛАЗЕР 2000» кестелері арасындағы
бірі-көбіне байланысы орнатылған. Байланысты орнату үрдісі
барысында
Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету
параметрі
қосылған, бұл кезде басты кестедегі жазбаларды еркін өзгертуге не
жоюға мүмкіндік берілмейді.
Егер кестелер арасында
байланысты өрістерді қатарлап
жаңалау
жəне
Байланысты жазбаларды қатарлап жаңару
байланыс параметрлерін қосса, онда басты кестедегі кез-келген
өзгерістер бағынышты кестеде де деректердің автоматты өзгеруі
орын алады.
Сонымен, деректер қорының кестелер құрамы қондырылған əр
кестенің құрылымы құрастырылған, кестелер арасында байланыстар
анықталып, орнатылған. Енді кестелерге деректер енгізуге кірісуге
болады.
*
Ақпараттық жүйеде ДҚ басқа кестелерімен байланыспаған
кестелер болуы мүмкін.
82
6.8.
сурет. Бірі-көбіне байланысы орнатылған дерекқор
Деректерді енгізу екі жолмен жүргізіледі: кестенің ұяшықтарына
жəне пішіндер (формалар) арқылы. Деректерді енгізу жолын
таңдауда келесі жайттарды басшылыққа алған жөн
•
Оператордың қателіктерінің ықтималдығын азайту;
•
Деректерді енгізуді ұйымдастырылуының ыңғайлығы.
Достарыңызбен бөлісу: