15.10.
Сызбаларды құрудың реттілігі
Сызбаларды құрудың технологиялық тəсілдері мен негізгі
пəрмендерін қарастырайық.
253
Көріністер мен проекцияларды жасау.
Көріністер мен
проекцияларды түбегейлі айырмашылықтары бар екі əдіспен
жасауға болады:
•
негізгі көрініс сызықтарының өзге көріністер сызықтарымен
ара қатынасын белгілеуге көмектесетін қосымша сызықтарды
қолдану арқылы қолмен жасау;
•
бір модель сызбасының файлын əртүрлі қырынан кірістіру.
Екінші əдіс тек көлемді модельдердің көріністері мен
проекцияларын жасауға арналған. Сызба файлына бірдей модельді
кірістірген кезде файлдағы модель əрқашан əлемдік координаталар
жүйесінің көрінісімен, яғни жоғарыдан қарағандағы көрінісімен
қойылатынын ескеру қажет. Бірдей модельдің көріністерін сызба
файлына кірістіруді айырбастау буферін қолдану арқылы немесе
бұйымның көрінісін блок ретінде сақтап жəне блокты
Wblock
пəрменінің көмегімен файлға жазу арқылы жүзеге асыруға болады.
Бөлшектің бірнеше көрінісін алу үшін келесідей іс-əрекеттерді
орындау ұсынылады (көріністі жасау үшін 15.10 суретте
көрсетілген бөлшектің моделін қолданамыз):
жаңа файлды А3 үлгітүрінің негізінде құру (бұл жағдайда
жобалаудың объектісі бұйымның сызбасы болып табылады);
оларға кірістірілетін көріністерді байланыстыру үшін
қиылысатын екі қосымша ортогонал сызықтарын сызу;
көлемді көріністі негізгі көрініс ретінде таңдай отырып
бұйым моделінің файлын ашу, оны белгілеп, айырбастау буферіне
сақтау;
мəзірдің Терезе тармағын пайдалана отырып сызба файлын
редакциялауға өту, айырбастау буферін қосымша сызықтардың
қиылысу нүктесіне кірістіру (кірістіру масштабы 5-ке тең);
модельдің терезесіне өту, жоғарыдан жəне төменнен
қарағандағы көріністерге сай келетін өзге ракурстарды дəйекті
түрде
таңдай
отырып,
оларды
қосымша
сызықтарға
байланыстырып, дəл солай сызба файлына кірістіру.
Файлдарға кірістірілген көріністер бастапқыда МЕМСТ
талаптарына сай келмейді. Өйткені олардың көзге көрінетін
сызықтарының қалыңдығы жеткіліксіз, оған қоса, көзге көрінбейтін
жеке қабырғалары (көбінесе цилиндрлік беттің орта сызықтары)
көзге көрінетін секілді сызылған. Бұл сызықтарды өшіру мүмкін
емес. Өйткені өшіру барысында бүкіл көрініс жойылып кетеді.
Суретті қалыңдығы жеткілікті сызықтармен айналдыра жиектеу
арқылы бұл мəселені шешуге болады. Ол бөлшекті басынан қайта
сызғаннан əлдеқайда оңайырақ. Жиектеуді қалыңдығы 1 мм алдын
ала белгіленген сызықпен арнайы қабатта орындаған дұрыс.
Жиектеуден кейін объектінің моделін қажетсіз сызықтармен бірге
өшіруге болады, содан соң қиманы сызықпен түрлеу, осьтік жəне
өзге қажетті сызықтарды сызу, өлшемдерін жазып қою. 15.14
суретте негізгі көрініст айналдыра жиектелген.
254
Сурет 15.14. Сызба элементтерін жиектеудің үлгісі
255
255
|