Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


B) табысты максималдауға; C) сұраныс қисығының икемсiз бөлiгiне сәйкес баға белгiлеуге



жүктеу 1,39 Mb.
бет5/5
Дата23.11.2018
өлшемі1,39 Mb.
#23680
түріПрактикум
1   2   3   4   5

B) табысты максималдауға;

C) сұраныс қисығының икемсiз бөлiгiне сәйкес баға белгiлеуге;

D) MR = P болатын көлемдi таңдауға;


E) өнiм өндiрудi ұлғайту және жоғары бағаны белгiлеу.
11. Мәселен, монополист 10 бiрлiк тауарды 1 бiрлiкке 100 доллар бағасымен сата алады, бiрақ 11 бiрлiк тауарды бағаның 99,5 долларға төмендеуiне әкеледi. Шектi табыс мынаған тең:

А) 100 долларға;

В) 99,5 долларға;

С) 94,5 долларға;

Д) 94 долларға;

Е) 1099,5 долларға.


12. “Фирма” мен “сала” ұғымдары синоним болады:

А) таза монополия жағдайында;

B) жетiлген бәсеке жағдайында;

C) олигополия жағдайында;

D) монополистiк бәсеке жағдайында;

E) барлық жауаптары дұрыс.


13. Лернер коэффицентi былай есептелiнедi:

А) ( Р - АТС)/ АТС;

В) ( P-AVC)/P;

C) (P-MC)/P;

D) (Р-МС)/МС;

Е) (МС-АТС)/Р.


14. Жетiлген бәсеке жағдайында Лернер кэоффицентi (KL):

А) 0 < L <1;

B) L>1;

C) L=0;


D) L<0;

E) L=1.
15. Бағалық дискриминация нені сатудан болады:

А) Гастраномдағы сапасы бірдей алмаларды;

В) үлкен және кіші курс студенттеріне арналған «Микроэкономика» пәнінен кітап;

С) бірдей тауарларды сатудан, бірі Лондон орталығындағы қымбат супермаркетте және қаланың сыртындағы жұмысшы аудандағы дүкеннен;

D) канадалық биржадағы астықтан;

Е) фондтық биржадағы ІВМ фирмасының акциялары.
16 Нарықтық ортада монополиялық билік болуы үшін

А) жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алуы керек;

В) жеке өндіруші өнім көлемін қысқартуы қажет;

С) өндірушілер арасында бәсекелестік болмауы қажет;

D) жеке өндіруші өнім көлемін көбейтуі қажет;

E) жеке өндіруші өнім көлемін өзгертпеуі керек;


17. Монополист ең көп пайдаға ие болу үшін шығаратын өнім көлемін келесі шарттан таңдауы керек:

А) шекті шығын өнім бағасына тең болуы керек;

В) шекті шығын жалпы шығынға тең болуы керек;

С) шнкті түсім шекті шығынға тең болуы керек;

D) шекті түсім жалпы шығынға тең болуы керек;

Е) орташа шығын өнімнің бағасына тең болуы керек.


5. Есептер мен жаттығулар
1. Монополияның өніміне сұраныс функциясы Q = 24 – Р. Шығындар функциясы ТС = 10 + 5 Q2. Тепе – тең көлемді және ең жоғарғы деңгейдегі пайданы табыңыздар.

2. Нарықта екі сатып алушы және монополия. Баға 10, 20, 30 болғандағы бірінші сатып алушының сұранысы, сәйкесінше, 5, 3, 1, ал екінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше, 2, 2, 1. Монополияның тұрақты шығыны 5-ке және шекті шығыны 3-ке тең. Монополияның ең жоғарғы деңгейдегі пайдасын табыңыздар.

3. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма темекі өндірумен айнылысады. Фирманың шекті табыс функциясы мынадай: MR=10-2Q, ал ұзақ мерзім кезіндегі шекті шығынның қисығы

LMC=2Q-2. Егер ұзақ мерзім кезінде орташа шығынның (LAC) мәні 6-ға тең болса, онда фирма өндіріс күшінің артық шығаруы қандай болады.



4. Фирма монополия жағдайында тауар өндіреді. Берілген тауардың сұраныс функциясы P=144-3Q, ал орташа шығындар функциясы AC=25/Q+Q. Қандай жағдайда фирманың пайдасы ең жоғарғы деңгейде болады?
6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. Монполист пайдасын баға шекті шығыннан 2 есе артық болғанда барынша көбейтеді делік. Бұл оның өніміне деген сұраныстың икемді екенін білдіре ме? Егер білдірсе, сұраныс икемділігін есептеңіз.
Жауабы: Иә. Е=-2.
2. Темекі өндіруші монополист тауарының әрқайсысын 45 теңгеден сатады делік. Темекінің сұраныс икемдігі – 3-ке тең. Фирма өз пайдасын барынша көбейтеді деп ұйғарып, MR шекті түсімнің және шекті шығын көлемдерін анықтаңыздар.
Жауабы: MR=MC=30теңге.
3. Монополистің соңғы сатылған тауар бірлігінен түскен шекті түсімі 180 теңгеге тең. Егер сұраныстың бағалық икемділігі – 2,5-ке тең болса, онда монополиялық баға қандай болады? Монополистің шекті шығынын есептеуге бола ма? Егер болмаса, неліктен? Қандай жағдайда монополистің шекті шығынын анықтауға болады?
Жауабы: Рm=300 теңге.
4. Қазіргі кезде фирма өз өнімінің әр данасын 60 теңгеден сатып, жоғары деңгейдегі пайда табуда. Ұтымды өнім көлемі 5 дана. Қосымша зерттеулер жалпы шығын мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы байланыстың келесі заңдылыққа бағынышты екендігін көрсетеді: TC=2Q2+2Q7

Осы фактілерге сүйене отырып, берілген фирманы монополист деп атауға бола ма?



Жауабы: L=56%. Фирма нарықтағы сату көлемінің 56%-ін бақылайтын болғандықтан, оны монополист деп атаймыз.

5. Суретте монополистің табысы мен шығынының қисықтары бейнеленген.

а) барынша көп пайда әперетін өнім көлемін анықта;

ә) монополиялық бағаны анықта;

б) графикке монополистің пайдасын көрсететін ауданды белгіле;



в) монополистің өніміне нарықтық сұраныстың азаюы монополистің іс-әрекетіне қандай әсерін тигізеді.


Жауабы:

а) MR=MC болғандағы OQ өнімінде пайда мейлінше көп мәнге ие болады;

ә) ОР;

б) РАВС ауданы;



в) нарықтық сұраныстың азаюы, сұраныс қисығы мен шекті табыс қисығын солға қозғалтады. Сондықтан МС мен MR қисықтары төмен деңгейге сәйкес келетін өнім көлемінде қиылысады. Демек, монополист аз өнім шығарады.
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Монополия дегеніміз не?

2. Монополияның негізгі сипаттамаларына тоқталыңыздар

3. Шекті табыс дегеніміз не?

4. Монополияның болуына негізгі үш себепті атаңыз.

5. Тұтынушыларды баға бойынша алалау дегеніміз не?

6. Тұтынушыларды бағамен алалау үшін қандай шарт орындалуы керек?

7. Бағамен алалаудың экономикалық салдарын атаңыз.

8. Табиғи монополия дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 124-142 беттер

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 135-143 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с.191-210;

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с.228-246;

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с. 248-263;

6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.144-154

7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 253-270

8. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с.120-136


9-10. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОЛИГОПОЛИЯ
1. Қысқаша теориялық материалдар

1 Олигополия туралы түсiнiк.
Олигополиялық және монополиялық бәсеке таза монополияға қарағанда өмiрде жиi кездеседi. Олигополияның негiзгi сипаттамасы мынадай: өнiм өндiрумен азғантай фирмалар айналысады, бiрақ олардың әрқайсысы өнiм көлемiне немесе бағаға өздерiнiң iс-әрекетiмен әсер ете алады. Олигополиялық саладағы фирмалардың өнiмдерi стандартталған немесе дифференцияланған (сараланған) болып келедi.

Олигополия жағдайындағы фирмалар бiр-бiрiмен өзара тәуелдi болады. i.

Олигополия болуының себептерi мынадай:


  1. Масштаб тиiмдiлiгi. Мысалы, АҚШ-ғы «Үлкен үштiк» деп аталатын фирмалар - Дженерал Моторс, Форд, Крайслер – елдегi шығарылатын барлық автомобильдердiң 90 % -ын шығарады.

  2. Салаға енудiң қиындылығы. Патент болу керек, кейбiр өнеркәсiптiк шикiзаттар iрi бiрнеше фирмалардың қолында болуы керек, сол сияқты жарнамаға мол қаражат қажет.

  3. Бiрнеше немесе екi фирмалардың бiрiгуi. Мұндай бiрiгу кезiнде олардың нарықтағы үлесi ұлғая түседi, ал мұның өзi масштаб тиiмдiлiгiне жағдай жасайды. Екiншi жағынан, iрiленген фирма ресурс сататын фирмаға өз шарттарын, талаптарын қоюы мүмкiн. Соның арқасында ресурстар мен шикiзаттарды арзан бағамен сатып алу мүмкiндiгi туады.

Баға белгiлеу кезiнде олигополстер мынадай 4 модельдiң бiреуiн таңдауы мүмкiн:

А) Фирмалардың астыртын келiсулерi;

В) Баға белгiлеушi озық фирма;

С) Шығын және «плюс» принципi бойынша;

D) Сұраныстың сынық қисығы.

Олигополия жағдайындағы бағадан тыс бәсеке. Олигополистер үшiн бағадан тыс бәсекенiң орны ерекше. Оған мынадай екi себеп бар: 1) Бәсекелес фирмалар қандай да бiр фирманың бағаны төмендетуiне сол мезетте жауап бередi, яғни олар да бағаны сол деңгейге дейiн түсiрiп, бағаны төмендетушi фирманың өнiмдi көп мөлшерде сатуына мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан да олигополистер үшiн бағалық бәсекеден гөрi бағадан тыс бәсеке әлдеқайда тиiмдi болып келедi. 2) Өнеркәсiп саласында қызмет iстейтiн олигополистердiң қолында қомақты қаржы болады. Осы қаржының көмегiмен олар өнiм түрiн жарнамалайды және өнiмдi дамытады, яғни жақсартады.

Бағадан тыс бәсеке монополиялық бәсекелестер үшiнде бәсекенiң негiзгi түрi болғанымен, олардың қолында олигополистердiкiндей үлкен қаражат жоқ. Сондықтан да олигополистер бәсекенiң осы түрiмен толық және жүйелi түрде айналысады.

Монополиялық бәсеке нарығында өндірушілердің саны салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай көп болады.(20,30,60). Ал олардың өндіретін тауарлары негізінен алғанда диференциалды болып келеді. Осы себепті де монополиялық бәсеке субъектілері өздерінің өндіретін өнімдерінің бағасына белгілі бір мөлшерде ықпал жасай алады. Монополиялық бәсеке нарығының субъектілері салаға салыстырмалы түрде оңай кіріп шыға алады. Тауарлардың диференциалды болуы мынаны білдіреді:


  • өнім сапасы әр түрлі болады.

  • көрсететін қызмет түрлері де әр түрлі дәрежеде болып келеді.

  • тауарды өткізуде түрлі ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.(мыс: тауар белгілері, маркалары, этикеткалар т.б.)

Монополиялық бәсеке субъектілері де олигполия сияқты бір бірімен негізінен бағадан тыс бәсеке арқылы тартысқа түседі.

Монополиялық бәсекенің рыноққа немесе салаға кіріп-шығу оңай болу себебі оларға үлкен капитал жұмсаудың қажеті жоқ . Солай бола тұра жетілген бәсеке нарығымен салыстырғанда салаға кірудің біршама қиындығы бар, себебі оның тауарлары біртекті , яғни стандартталған болмағандықтан олар өз өнімдерін жарнамалауға мәжбүр болады. Ал бұған белгілі қаржы қажет.

Жарнама туралы пікір қарама қайшы екі көз қарастан тұрады. Жарнаманы жақтаушылар оның мынандай тиімді жағдайын былай көрсетед:


  • тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға көрсетеді.

  • Ұлттық байланыс жүйесіне қолдау көрсетеді. Мыс:радио, теледидар, газет т.б.

  • Осы жарнаманың арқасында қаржыландырылады (қомақты бөлігі)

  • өнімнің дамуы мен жетілуін жеделдетеді

  • фирмаларға масштабты оң тиімділігін пайдалануға жол ашады

  • бәсекені ынталандырады

  • жұмсалымының көп болуына және елді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жарнамаға қарсы пікірдегілер мынадай дәлелдерді алға тартады:

  • елді тауар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуден гөрі шатастырып кетеді

  • ресурстарды қажетті салалардан қажетсіз салаларға қарай тиімсіз аударады.

  • Бағаның жоғары болуына ықпал жасайды.

  • Монополияға қолдау көрсетеді.

  • Жоғарыдан көріп отырғанымыздай жарнаманың тиімді және тиімсіздігі туралы бір жақты пікір айту қиын.


2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Олигополия

Ә) Баға бәсекелестігі

Б) Ойын теориясы

В) Картель

Г) Құпия келісім

Ғ) Дуополия

Д) Олигопсония

Е) Доминанттық стратегия

Ж) Нәтижелер матрицасы

З) Нарықтың шоғырлануы

И) «Ереже бойынша ойын»

К) Нэш тепе-теңдігі

Л) Бағалық лидер

М) «Сынық» сұраныс қисығы

Н) Өнімнің түрленуі

О) Синдикат

П) Тауар белгісі

Р) Монополистік бәсеке

1. . Біртекті өнімді жасаушы кәсіпорындар бірлестік реті: мұнда жеке меншік шаруашылық материалдық шартқа деген жеке меншік қатысушы бірлестікке сақталады,ал дайын өнім олардың осы құрылған мекемесі арқылы жүзеге асатын ортақ тауары.

2. Фирмалар көп болған жағдайда әрқайсысы монополиялық биліктің бір бөлшегіне ие болатың жағдай

3. Тауарды немесе фирманы тануға мүмкіндік беретін арнайы рәміз

4. Заңмен қудаланатын бағаға, нарықтың бөліну және басқа да мәселелердің шектеулерлеріне байланысты жабық келісім.

5. Бәсекелестің іс-әрекетінен тәуелсіз, ең жақсы нәтиже беретін ойыншының стратегиясы.

6. Қандай да бір тауарды өткізу барысында доминантты сатушылардың аз болуы, ал жаңа сатушылардың пайда болуы өте қиын немесе мүмкін емес болатын нарық құрылысы.

7. Тұтас монополия сияқты, өнім шығару көлемі мен бағаларына байланысты келісілген шешім шығарып жұмыс істейтін фирмалар тобы.
8. Бәсекелесі таңдаған стратегия шарты бойынша әр ойыншының стратегиясы оптималды болатын ойын шешімі.

9. Бір ойыншы стратегиясының мүмкіншілігінің нәтижелері мен басқа ойыншының мүмкін болатын реакциясын көрсететін кесте.

10. Үйлестірілмеген олигополия мен жасырын келісім арасындағы ымыраны ұсынатын олигополия формасы.

11. Әр түрлі фирмалардың бірдей тауарлары арасындағы нақты немесе нақты емес айырмашылықтар

12. Олигополиялық нарықта бәсекелес фирмалардың бағаларының төмендеуінің жалғасуының циклы

13. Шешім қабылдауға байланысты, мүмкін болатын жағдайлардағы қатысушылардың мінез-құлқтарын зерттейтін математикалық методтар туралы ғылым

14. Нарықтық ұсыныстың белгілі ресурстарын бірнеше фирманың сатып алатын, өндіргіш факторлары болатын нарық құрылымы.

15. Олигополистің өніміне деген ұсыныс қисығы, оның бағаны төмендетуіне бәсекелестер қосылады деген болжамға негізделген, бағаны жоғарылату жөніндегі шешімге қосылмайды.

16. Нарықтық құрылым моделі бойынша нарықта сәйкес тауарды ұсынушылар екі бәсекелес-сатушы жалғыз болуы мүмкін.

17. Олигополистік нарықтағы фирма бағаны көтереді немесе төмендетеді, сол уақытта нарықтағы өзге фирмалар баға белгілеуде көшбасшыға ереді.



18. Нарықтағы бір немесе бірнеше ірі фирмалардың ие болу деңгейі.

3. Дұрыс/дұрыс емес


№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Бәсекелес фирмалар ұзақ мерзімді жұмысы барысында экономикалық табыс алмайды




2

Монополист шекті шығынға тең бағаны қояды




3

Монополисттік бәсекелестік – бұл әр түрлі саладағы әб бір доллар үшін монополисттік-фирмалардың бәсекелестігі




4

Фирма монополисттік бәсекелестік кезінде экономикалық табысты тек қана қысқа мерзімде ала алады.




5

Егер жасалған бәсекелестік монополисттікті шектетсе, онда ол тұтынушылардың жағдайын нашарлатады.




6

Монополисттік бәсекелестік –билік бірнеше үлкен фирмада болатын нарық




7

Антимонополиялық заңдылық – бір ғана сатушы болатын нарық түрі




8

Өз іс-қимылдарын бәсекелестердің қөз қарастарына қарамай жұмыс істейтін, монополисттік бәсекелестікте болатын фирма




9

Монополисттік бәсекелестік – жетілген бәсекелестік пен диференциалданған тауарлар




10

Нарық саласындағы біртекті өнім шығаратын аз ғана фирмаларды монополисттік бәсекелестік деп атайды




11

Жетілген бәсекелістікке қарағанда, монополисттік бәсекелістікте өткізілім көлемі шектелген және нарықтық баға, өнім өзгешеліктері және жарнамаға кететін шығындар сияқты мынадай факторлармен шектелген




12

Монополисттік бәсекелестік бұл – нарықта екі сатушы болатын құрылым.







Олигополия




1

Олигополия – бұл нарық құрылымы өндірілген доминантты тауарды өте шамалы сатушылар, ал жаңа сатушы қиын және мүмкін емес болған.




2

Олигополияның сипаты фирмаларды осы салада көп болуын сипаттайды.




3

Олигополияда салаға кіру үшін жоғары деңдейдегі өндіріс ісінің сипаттамасы болып табылады.




4

Бағалық бәсеке – бұл олигополияның нарықтағы фирмалардың бір-бірінен бәсекелесу барысында бағаның төмендеу шағы .




5

Ойын теориясы – бұл бәсекелестің іс әрекетінен тәуелсіз,жақсы көрсеткіш беретін ойыншы старатегиясы.




6

Картель - өнім көлемін шығаратын, егер олар бір монополия болса, баға бойынша келісетін және бірге жұмыс атқаратын фирмалар тобы.




7.


Дуополия-заңмен қудаланатын, нарықты бөлу және өзге бәсекелістікті шектейтін тәсілдердің баға жөніндегі келісім




8.

Жасырын келісім - өнім көлемін шығаратын, егер олар бір монополия болса, баға бойынша келісетін және бірге жұмыс атқаратын фирмалар тобы.




9.

Олигополияның сипаттамасы жалпы өзара тәуекелділік болып табылады.




10.

Грек тілінде аударғанда «олтгополия» түсінігі «бірнеше саудагер» дегенді білдіреді.




11.

Сұраныстың «сынық» қисығы – бұл бәсекелестердің бағаны төмендету шешіміне қосылады деген болжамға негізделген, ал бағаның өсу шешімін қолдамайтын олигополист өнімінің сұраныс қисығы.




12.

Матрица көрсеткіші – бұл әр бір ойыншының стратегия шартындағы онымен тандалынған бәсекелеске қарағандағы оңталы ойын шешімі.




13.

Қисық әсер ету – максимизациялық табыс көлемін шығаруын көрсетеді,сол болған бір фирмада жасалынады, егер сол көлем басқа фирмалар бәсекелесіне түссе.




14.

Өнімді саралау- Үйлестірілмеген олигополия мен жасырын келісім арасындағы ымыраны ұсынатын олигополия формасы.




15.

Бағалық жетекші бұл бағаны көтеру мен төмендету уақытында нарықтағы басқа фитрмалар бағаны белгілеуші жетекшіні қадағалайтын олигополиялық нарықтағы фирма.




16.

Доминантты стратегия бұл бәсекелестің қимылынан тәуелсіз ең жақсы көрсеикіш беретін ойыншы стратегиясы.






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. жетілдірілген және монополыялық нарықтардың бәсекелестігі жалпы көрініс табады:

А) дифференциалды тауарлар шығарады;

В) нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар;

С) әрбір фирма өзінің өніміне жатық сұрыныс қисығына тап болады;

D) бір өнімді тауарлар шығарылады;

Е) әрбір фирманың нарықтық тәртібі, оның бәсекелес фирмалардың реакциясына байланысты болады;


2. Картель қатысушысы өз пайдасын былайша арттыра алады:

А) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiн арзан бағаға сату арқылы;

В) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiне жоғары баға белгiлеу арқылы;

С) белсендi бағалық емес бәсеке жасау арқылы;

D) бағаны көтеру үшiн белгiленген шектен төмен етiп өнiм өндiру;

Е) картельдiң келiсiлген бағаны үнемi көтерiп отыруын талап ету арқылы.


3. Ұзақ мерзiмдi кезеңде:

А) бәсекелестiк жетiлген нарықтағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

В) монополиялық бәсекелестiк нарығындағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

С) бәсекесiз нарықтағы олигополист пен монополист экономикалық пайда алады;

D) нарыққа кiруге қойылатын тосқауыл неғұдлым жоғары болса, онда ол осы нарықта жұмыс iстеп тұрған фирмалардың экономикалық пайда алуына ықпал етедi;

Е) жоғарыда айтылғандардың бәрi де дұрыс.


4. Бәсекелестік жетілген нарық пен монополиялық бәсекелетік арасында ұқсастық бар,ол мынада:

А) Нарықтық ортада сатушылар мен сатып алушылар саны көп;

В) Өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар тауарлар өндіріледі;

С) Стандарты, біртектес тауарлар өңдіріледі;

D) Фирмалардың тауарларына деген сұраныс қисығы горизонталь

сызық болады;

Е) Нарықтағы әр фирманың іс-әрекет, онымен бәсекелес фирмалардың іс-қимылдарына байланысты болады.
5. Монополиялық бәсеке тұтынушыларға тиімді әрі пайдалы деушілер былай деп тұжырымдайды:

А) Өнімге өзіндік ерекшелік беру тұтынушылардың әр түрлі талғамдарын жүзеге асыруға ықпал етеді;

В) Монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар нарық тұрғысынан алғанда тиімді болатын өнім көлемін өндіреді;

С) Толық бәсеке фирмалар арасындағы күреске әкеп соғады;

D) Монополиялық бәсеке жағдайында қоғам тұрғысынан алғанда тиімді саналатын ресурс қолдануға қол жетеді;

Е) Барлық тұжырымдар дұрыс.

6. Монополиялық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы қандай болады:

А) Икемді;

В) Икемсіз;

С) Өте икемді;

D) Өте икемсіз;

Е) Сынық сызықты.

7 ОПЕК төмендегі нарық құрылымының қайсысына жатуы мүмкін:

А) Толық жетілген бәсекелес фирма;

В) Монополиялық бәсекелес фирма,

С) Бірге қызмет істеуге ыңғайланбаған олигополия;

D) Картель;

Е) монопсония.

7. Пайдаларын бірге барынша көбейту үшін фирмалар төмендегі нарық құрлымдарының қай түрін ұйымдастырулары мүмкін:

А) монополиялық бәсеке нарығын;

В) картель;

С) олигополия;

D) монополия;

Е) таза бәсеке нарығын.

8. Жетілген бәсекенің монополистік бәсекеден айыратын маңызды көрсеткіші:

А) монополистік бәсеке нарығына кірудің кедергілердің болуы;

В) бәсекелес фирмалар біртекті емес, дифференциалды өнім сатады;

С) монополистік бәсеке жағдайында ұзақ кезеңінде фирма максималды пайда алады;

D) бәсекелес фирмалар әмбебапты тауарды сатады;

Е) жалғыз сатушы ғана болып табылады.

9. Өз жағдайын нарықта нығайту және пайданы арттыру үшін сауда маркасы мен сауда белігілері қандай нарық моделі үшін қажет:

А) таза монополия;

В) таза бәсеке;

С) монополиялық бәсеке;

D) олигополия;

Е) олигопсония.

10. Дуополия қандай бәсекенің дербес жағдайы:

А) жетілген бәсекенің;

В) монополияның;

С) олигополияның;

D) монополистік бәсекенің;

Е) кез – келген нарық түрінің.

11. Олигополия – бұл нарықтық құрылым, онда қызмет;

А) бір өнімді шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;

В) дифференциалды тауар шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;

С) бәсекелес фирмалардың көлемінің аздылығы;

D) бір ғана ірі фирма;

Е) бір ғана ірі сатып алушы.

12. Нарықты қадағалайтын бірнеше фирмалардың арасында өндіріс сала бойынша бөлінсе, онда бұндай нарық құрылымы қалай аталады:

А) жетілдірілген бәсеке;

В) монополиялық бәсеке;

С) олигополия;

D) монополия;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

13. Екі фирманың арасындағы қарым-қатынасты Курноның дуополиялық моделіне жатқызуға болады, егер:

А) фирмалардың ойынша, бәсекелес берілген баға бойынша қолдау стратегиясын жүргіссе;

В) әрбір фирманың ойынша, оның бәсекелесі ағымдағы өнімде өз өнімін өзгертпей ұстап отырады;

С) келісім-шарт бойынша фирмалар өндіріс көлемін таңдап отырады;

D) фирмалар минимальді деңгейде өндіріс көлемін таңдап отырады;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

14. Олигополия дегенiмiз нарық құрылымы және ол кезде нарықта:

А) бiрдей тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;

В) өзiндiк ерекшелiктерi бар тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;

С) бәсекелес фирмалардың саны өте көп болмайды;

D) тек қана бiр iрi фирма болады;

Е) тек қана бiр iрi сатып алушы болады.

15. Олигополия теориясын салған алғашқы ғалым:

А) Эдвард Чемберлен;

В) Огустен Курно;

С) Джоан Робинсон;

D) Карл Маркс;

Е) В. Ленин

16. Дуополия кезiндегi нарық сұранысының қисығы берiлген: P=60-2Q, бұндағы Q=Qa +Qb .Екi фирманың технологиясы бiрдей және TCa =TCb тұрақты, сондықтан MCa =MCb =0.Осы деректердi пайдаланып:

А және В фирмаларының Курно тепе – теңдiгiндегi өнiм көлемiн және өнiмнiң әр данасының бағасын тап:

А) Q1=10; Q2=10; P=20;

В) Q1=20; Q2=20; P=10;

С) Q1=30; Q2=30; P=10;

D) дұрыс жауап жоқ.

Е) анықтау мүмкін емес.

17. Олигопсония - бұл нарықты құрылым, мұнда:

А) тауар біртекті, нарыққа кіру кедергілері жоқ, 2 сатушы және көп сатып алушы болады;

В) көп сатып алушы мен сатушылар болады, кедергілері жоқ, өнім тұтынушының көзқарасы бойынша ерекшелінеді;

С) нарықта бір сатушы және 3 сатып алушы болады і;

D) нарықта көп сатушы және бір сатып алушы болады, тауар біртект;

Е) нарықта бір сатып алушы және бір сатушы.

18. Олигополия сипаттамасына жатпайды:

A) фирмалардың салаға жеңіл кіріп – шығуы;

B) фирмалар санының азғантайлығы;

C) бағаны бақылай алуы;

D) фирмалардың арасындағы тәуелділік болатыны;

Е) фирмалардың салаға кіріп – шығу қиындығы.

19. Дифференцияланған және стандартталған өнімді өндіретін бірнеше ірі өндіруші бар нарық моделі:

А) олигопсония;

В) монопсония;

C) олигополия;

D) жетілген бәсеке;

E) монополия.

20. Нарық шеңберінде сатудың қомақты бөлігін үлкен-үлкен бірнеше фирма жүзеге асырады, және өздерінің іс - әрекеттерімен нарықтағы бағаға әсер тигізеді, демек -бұл:

A) монополия;

В) олигополия;

С) олигопсония;

D) монопсония;

Е) монополиялық бәсеке.
5. Есептер мен жаттығулар
1. Салада өлшемдері бірдей үш фирма жұмыс істейді. Әр фирманың шекті шығындары бірдей және тұрақты 298 а.б.

Саланың өніміне сұраныс төмендег келтірілген

Баға, тауардың бір бірлігі үшін 1500 1200 900 600 300

Сұраныс көлемі, мың дана 300 600 900 1200 1500

Егер фирмалар картельге бірігіп нарықты бірдей үлеспен бөліп алса өнімнің бағасы қандай болар еді, және әр фирма қанша өнім шығарар еді
2. Салада 10 фирма бар. Әр фирманың шығындары мына формула бойынша анықталады: P = 100 – Q

Мүндағы Q – саладағы өндіс көлемі, мың дана

P – тауардың бағасы

Ұзақ мерзімді кезеңде сала тепе-теңдік жағдайнда болу үшін әр фирманың өнім өндіру көлемі қанша болуы керек?


3. Салада шекті шығындары бірдей және нөлге тең екі фирма жұмыс істейді. Олардың сұраныс функциясы мынадай: P = 100 – Q

мұндағы Q – сұраныс көлемі

P – тауардың бағасы

1) Курноның тепе-теңдігі жағдайында фирмалар нарықты қандай үлестерге бөлер еді? Бұл жағдайда тепе-тең баға қанша болар еді?

2) Егер фирмалар картельге бірігетін болса олар қанша тауар өндіріп оны қандай бағамен сатар еді?
6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. Қалада стол шығарумен айналыстаны «Клерк» компаниясы монополияланған. Егер компанияның жалпы шығындары ТС = 10Q, ал баға бойынша сұраныстың икемділігі 5 тең болса компания қандай баға белгілер еді?

Шығарылуы.

Монополистің баға белгілеу формуласы төмендегідей



мұндағы МС — шекті шығындар, ал Ed — сұраныстың икемділігі.



МС = 10.

Р = 10 х (5 / (5 - 1) ) = 12,5 ақша бірлігі
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Монополиялық бәсекелес фирма өнімінің бағасы ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайда шекті шығыннан жоғары болғанымен неге экономикалық пайда болмайды?

2. Монополиялық бәсекелі нарықта жарнаманың қандай маңызы бар?

3. Монополиялық бәсекелес нарығындағы ұзақ мерзімді тепе-тендік немен ерекшеленеді?

4. He себептен монополиялық бәсекелес нарығында қолданылмайтын артық өндіріс қуаты пайда болады?

5. Монополиялық бәсекелес нарығында жарнама артық қуатпен байланысты шығывдарды қалай азайта алады?

6. Баға белгілеудегі дискриминация саясатының тұтынушыға әкелетін пайдасы бола ма?

7. Олигополияның негізігі белгілерін атаңыз

8. Олигополистер негізінен қандай тауарлар өндіреді?

9. Олигополия жағдайындағы баға белгілеудің түрлеріне және олардың ерекшеліктеріне тоқталыңыздар

10. Олигополияның қандай экономикалық салдарын білесіздер


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 143- 151, 15-162 б.

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 144-150 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с. 211-230;

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с. 247-260;



11. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Ресурсқа деген сұраныс - берілген ресурстар көмегімен шығарылған дайын тауарлармен қызметтерден туындаған – туынды сұраныс болып табылады.

Ресурсқа деген сұраныс мынадай факторларға байланысты болады:

1. тауарды жасау кездегі ресурстың өнімділігіне;

2. берілген ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтық құнына

Ресурстарды тиімді пайдалану қағидасы:

пайданы барынша молайту үшін, фирма берілген ресурс түрінің кез-келген қосымша бірлігін әрбір келесі бірлік фирманың жалпы пайдасын ұлғайтатындай деңгейге дейін пайдалануы тиіс.

Ресурстардың шығынына өсім беретін ресурстың әрбір қосымша бірлігінің шамасы – ресурстарға кеткен шекті шығындар деп аталады.

Фирма үшін ресурстардың қосымша бірлігін MRP=MRC-ге тең болған нүктеге дейін қолдануы тиімді болып табылады.

Өндіріс факторларының нарығында фирмалар өнім өндіруге қажетті өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) үй шаруашылығынан немесе басқа фирмалардан сатып алады немесе уақытша жалға алады. Өндіріс факторларының ақысы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы арқылы қалыптасады.

Ресурстарға баға белгілеудің маңызы төмендегі себептермен анықталынады:

Біріншіден, үй шаруашылығының нарықтағы табыстары мен фирмалардың өндіріс шығындары ресурстар нарығындағы бағаға байланысты болады.

Екіншіден, ресурстардың күнделікті өмірде шектеулі болып келетіндігі олардың фирмалармен салалар арасында қалай бөлінетініне ықпал жасайды. Және осы бөлінулер жалпы ел экономикасының дамуына және халықтың тұрмыс жағдайына әсер етеді. Сондықтан, экономикалық ресурстарды тиімді бөлу мәселесінің маңызы зор.

Үшіншіден, ресурстарды сатудан түсетін түсім үй шаруашылығың негізгі табысы болғандықтан, халықтың тұрмыс жағдайы осы ресурстардың бағаларына байланысты болады. Ресурстар бағаларының әр түрлі деңгейде қалыптасуы ұлттық табысты бөлгенде және жеке табысты тұтынғанда әлеуметтік теңсіздіктер туғызады. Бұл жағдай мемлекеттің алдына көптеген мәселелер қояды.

Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлардың көмегімен өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталынады. Сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс дейді. Егер тұтынушылар нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды.

Кез келген ресурсқа сұраныстың тұрақты болуы

біріншіден, ресурстың өнімділігіне;

екіншіден, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтағы бағасына байланысты болады.

Ресурстардың ұтымды үйлесімдері. Фирмалар аз шығын жұмсай отырып барынша көп пайда табу үшін ресурстарды ұтымды үйлестіруге ұмтылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін екі ереже орындалуы керек.

Бірінші ереже: мейілінше аз шығын ережесі. Белгілі өнім көлемін аз шығынмен қамтамасыз ету үшін әрбір ресурсты сатып алуға жұмсалған соңғы теңгенің шекті өнімдері бірдей болуы керек. Егер өндірісте екі фактор ғана (капитал және еңбек) қолданылады деп жорамал жасасақ, мейілінше аз шығынға қол жеткізу үшін мына теңдік орындалуы керек:

МРL/PL=MPKK, (1)

Мұндағы МРL – еңбектің шекті өнімі PL – еңбектің бағасы, MPK –капиталдың шекті өнімі, РK – капиталдың бағасы.



Екінші ереже: пайданы барынша өсіру ережесі. Пайданы барынша өсіру үшін тек шығынды төмендету жеткіліксіз. Алдыңғы тақырыптардан білетініміздей, пайданы барынша өсіру үшін MR=MC теңдігі орындалу керек болатын. Енді осы теңдікті бірінші ереженің талабына сәйкес қарастырамыз.

Экономикалық ресурстарды қолданудан алатын пайданы мейілінше арттыру үшін олардың ақшалай шекті өнімдері бағаларына тең болулары керек. Мысалы, екі факторлы өндірісте PL =MRPL және PK=MRPK болулары керек. Бұл ережені басқаша былай көрсетеміз:



MRPL / PL = MRPK / PK =1 (2)
Бұл теңдік пайданы барынша өсірудің ережесін білдіреді.
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Туынды сұраныс

Ә) Шекті еңбек өнімінің ақшалай көрінісі

Б) Максималды табысты қамтамасыз ететін ресурстар арақатынасы

В) Жалақы минимумы

Г) Қалыпты (ақшалай) жалақы

Ғ) Еңбек өніміне шекті шығындар

Д) Минималды шығынды қамтамасыз ететін ресурстардың арақатынасы

Е) Жалақы ставкасы

Ж) Нақты жалақы

З) Еңбек өнімінің шекті құны (VMPL)


1. Фирма қосымша еңбек бірліктерін пайдаланғандағы өсім (өзге пайдаланатын ресурстар көлемі өзгеріссіз қалады).

2. Өнім сұранысына байланысты осы ресурстар көмегімен өндірілетін ресурсқа сұраныс.

3. Әрбір ресурстың шекті өнімі ақшалай көрінісінде шекті шығынның берілген факторды қолдануына байланысты ресурстар комбинациясы (оның бағасына, егер фактор бәсекелес нарықта қолданса).

4. Фирма қосымша еңбек бірлігін қолданғандағы жалпы табыстың көлемінің өзгеруі (барлық өзге ресурстар көлемі өзгеріссіз қалады).

5. Кәсіпкерлер заң жүзінде еңбек уақыты бірлігіне төлейтін ең төменгі жалақы ставкасы.

6. Жұмысшы өзінің номиналдық жалақысына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтер көлемі.

7. Шекті ресурс өнімі мен олардың бағасының арақатынасы барлық қолданатын ресурстарға бірдей болғандағы ресурстар комбинациясы (егер ресурс бәсекелес нарығында қолданса)

8. Жұмыс уақытының бірлігіне алатын жұмысшының ақша көлемі.

9. Бағаға көбейтілуі бойынша қосымша өнім сатылуы мүмкін шекті еңбек өнімі.

10. Уақыт бірлігіндегі еңбек бағасы (еңбек қызметін қолдануы үшін).



3. Дұрыс/дұрыс емес


№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Шахтерлер қандай шахтаның көмір бассейнінде жұмыс істейтініне байланысты емес бірдей жалақы алу жағдайын еңбек нарығы қамтамасыз етеді.




2

Өнім және еңбек бәсекелес нарығында қызмет жасайтын фирма жұмысшыларды мынадай мөлшерде жалдаса, яғни шекті еңбек өнімі ақшалай көрінісінде жалақы ставкасына тең болғанда, ол табысын максималдайды.




3

Монопсонист – фирма еңбек нарығында «прайс – тейкер» болып табылады.




4

Фирма пайданы максимизациялағанда, ол бір уақытта шығындарлы минимизациялайды.




5

Тауарға деген сұраныс ресурсқа деген сұраныстан туынды болып келеді.




6

Ақырғы өнімдерге деген икемді емес сұраныс, ресурстарға деген жоғары икемді сұраныс жағдайын туғызады.




7

Бәсекелес салада фирманың еңбекке деген сұранысы шекті еңбек өнімінің қисығы ақшалай көрінісінде берілген.




8

Технологиядағы өзгерістер шекті еңбек өнімінің өсуіне әкелуі мүмкін.




9

Егер екі ресурс бір-бірін толықтырғыш болса, онда олардың біреуіне деген бағаның кемуі екіншісінің сұранысының азаюына әкеледі.




10

Фирма өзінің өнімін сататын нарық бәсекелестігі аз болса, бұл фирманың еңбекке деген сұранысының икемділігі аз болады.




11

Егер фирма өзінің өнімін бәсекелес емес нарықта өткізетін болса, онда еңбекке төленетін шекті шығын әрқашан жалақы ставкасының мөлшерінен жоғары болады.




12

Бәсекелес фирмаға деген еңбек ұсынысы мүлде икемсіз болады.




13

Егер тауарларға және қызметтерге деген бөлшектік бағалар номиналды жалақы ставкасына қарағанда тез өссе, онда нақты жалақы төмендейді.




14

Жеке ресурсқа деген нарықтық сұраныс өзімен осы ресурсты алушылардың, барлық фирмалардың жеке сұранысын көрсетеді.




15

Әрбір фактордың шекті еңбек өнімі оның бағасына тең болғанда, фирма минималды шығын деңгейіне жетеді.




16

Нарық қисығының еңбек ұсынысы әрқашан оң көлбеус болады.




17

Жұмысшының еңбек төлеуінің деңгейі өскен сайын, оның бос уақытының бағасы да өседі.




18

Бөлек бәсекелес фирмаға деген еңбек қисығының ұсынуы оң еңіс болып келеді.




19

Монополист-фирма еңбек нарығында жалақы ставкасын орнатады.




20

Еңбекке деген сұраныс қисығы монополист-фирма жағынан MRPL қисығымен сәйкес келмейді.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Өндіріс факторына сұраныс көлемін анықтаған кезде, игілік нарығында монополист ал және өндіріс факторында нарығында жетілген бәсеке субъкектісі болып есептелетін фирма мыналарды теңестіреді:

А) фактордың бағасын оның орташа өнімділігіне;

В) фактордың шекті өнімділігін оның бағасына;

С) факторды сатып алытын шекіті шығынды фактордың бағасына;

D) фактордың шекті өнімділігін оны сатып алуға кететін шекті шығынға;

Е) шекті шығынды шекті табысқа.


2. Жердің ұсыныс қисығы өндіріс факторы ретінде:

А) Абцисса өсіне қарағанда көлденен;

В) Абцисса өсіне қарағанда тігінен;

С) Теріс көлбеу;

D) Анықталмайды;

Е) Ордината өсінде қарағанда көлденен.


3. Материалдық ресурстар факторына мыналар жатады:

А) капитал;

В) еңбек;

С) кәсіпкер;

D) жер;

Е) барлық жуаптары дұрыс.


4. Жалпы экономикалық тепе-теңдік дегеніміз:

А) экономикалық жүйенің тек қана тауарлық нарықтар тепе-теңдікте болатын жағдайы;

В) экономикалық жүйенің тек қана өндіріс факторлары нарығы тепе-теңдік те болатын жағдайы;

С) экономикалық жүйенің барлық нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы;

D) теп-теңдік n-1 нарықта болатын жағдай;

Е) экономикалық жүйенің тек еркін нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы.


5. Өндіріс тиімді болып есептеледі, егер:

А) оған қолдағы барлық еңбек ресурстары пайдаланылатын болса;

В) қолдағы барлық ресурстар пайдаланылатын болса;

С) оған қолдағы барлық өндірістік ресурстар пайдаланылатын болса;

D) бұл жерде өндірістік факторлардың кемімелі өнімділігі әсер етеді;

Е) қолдағы ресурстардың ең кемі жартысы пайдаланылатын болса.


6. Қоғамдағы табыстң дифференсациялануын мынадай жолмен қысқартуға болады:

А) өспелі (прогрессивті) салық салу жүйесін енгізу арқылы;

В) пропорциялық салық салу жүйесін енгізу арқылы;

С) қосымша құнға салынатын салықты азайту арқылы;

D) таза пайдаға салынатын салықты азайту арқылы;

Е) кемімелі (регрессивті) салық салу жүйесін енгізу арқылы.


7. Еңбек нарығында:

A) үй шаруашылықтары сұранысты қалыптастырады

B) фирмалар ұсынысты қалыптастырады

C) үй шаруашылықтары сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

D) фирмалар сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

Е) сұранысты фирмалар, ал ұсынысты үй шаруашылықтары қалыптастырады.


8. Өндірістің мүмкіндік шекарасы (сызығы) мынаны көрсетеді:

А) екі түрлі ресурсты пайдаланған кезде өндірілетін өндірістің ең үлкен көлемін;

В) дәл қазір өндіріру мүмкіндігі жоқ бірақ өндірілуге тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін;

С) екі түрлі тауарды өндірудің ең тиімді (ең көп деңгейдегі) көлемін;

D) екі түрлі ресурсты пайдаланған кезде өндірілетін көлемдері бірдей тауарлардың мөлшерін;

Е) бірнеше тауарды өндірудің ең аз көлемін.


9. Игіліктер нарығында монополист, ал өндіріс факторы нарығында жетілген бәсекелес болатын фирма өзінің өндіріс факторына деген сұранысын анықтау кезінде мынадай шалмаларды теңестіреді:

А) фактордың бағасын оның орташа өнімділігіне;

В) фактордың шекті өнімділігін оның бағасына;

С) факторды сатып алу кезіндегі шекті өнімділікті оның бағасына;

D) фактордың шекті өнімділігін оны сатып алу кезіндегі шекті шығынға;

Е) шекті шығынды шекті табысқа.


10. Фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы төмендегіше анықталады:

А) фирманың негізгі құрал-жабдықтарының орташа өнімділігімен;

В) фирманың өндірістік қызметінің қос сызықтық бағдарламасының барлық түрлерімен ;

С) еңбектің шекті өніміне байланысты шекті табыстық сызығымен;

D) фирманың шекті шығын сызығымен ;

Е) фирманың айнымалы шығынының сызығымен.


11. Егер фирма белгілі бір еңбек нарығында монопсонист болса, мына тұжырымдамалардың қайсысы жалақы мөлшерін сипаттайды:

А) жалақы қосымша еңбек бірлігін жалдаған кезде пайда болатын шекті шығыннан жоғары болады;

В) жалақы қосымша еңбек бірлігін жалдаған кезде пайда болатын шекті шығыннан төмен болады;

С) жалақы қосымша еңбек бірлігін жалдаған кезде пайда болатын шекті шығынға тең болады;

D) жалақы қосымша еңбек бірлігін жалдаған кезде пайда болатын шекті шығын мен өнімнің шекті құнының арасында орналасады;

Е) А және С жауаптары дұрыс.


12. Экономикалық жүйедегі капитал көлемінің ұлғаюы, яғни адамдармен жасалатын өндірістік ресурстардың ұсынысы көбеюі:

А) инвестиция;

B) кәсіпкерлік;

С) өндіріс;

D) несие;

E) ссуда.


13. Жаңа мүмкіндіктерді іздеу процесі - өндірістік жаңа әдістерді енгізу, жаңа мақсаттарға ашық ұмтылу, ескі шектеулерді жеңе білу – осының бәрі:

A) инвестиция;

B) кәсіпкерлік;

C) өндіріс;

D) несие;

E) ссуда.


14. Пайданы максималдаушы фирмадағы жұмысшылардың еңбекақысы еңбектің шекті өнімінің ақшалай көрінісіне тең болмайды, егер:

A) өнімдер нарығында фирма монополия болса;

B) еңбек нарығында фирма монопсония болса;

C) кәсіподаққа жұмысшылар біріксе;

D) кәсіподаққа жұмысшылар бірікпесе;

E) имигранттардың арзан еңбегі пайдаланылса.


15. Ресурстың қосымша бірлігін пайдаланудан түсетін қосымша түсім-бұл:

A) шекті табыс

B) шекті шығын

C) шекті өнім

D) ресурстын шекті өнімінен түскен шекті түсім

E) шекті пайдалылық


16. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

А) жұмыс үрдісінде пайдаланылатын зат

В) қоғамның маңызды өндіргіш күші

С) жұмыс күшін дұрыс пайдалану

D) нұсқалардың ішінде дұрыс жауабы жоқ

Е) қоғамға түскен қаржы көлемі


17. Табысты барынша жоғарылату үшін бәсекелес фирма қосымша жұмысшыларды жалдау керек, егер:

A) жалпы түсім жалпы шығындардан кем болса

B) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен кем болса

С) шекті өнім шамасы ақшалай түрде өссе;

D) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен артық болса

E) шекті өнім шамасы ақшалай түрде кемісеі.


18. Номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер:

A) істеген жұмысқа төленетін еңбекақы

В) номиналды еңбекақы

С) нақты еңбекақы



D) уақыт бойынша төленетін еңбекақы

Е) натуралды еңбекақы.


19. Төмендегілердің қайсысы фирманың өзіндік (ішкі) қаржы көздеріне жатпайды:

A) несие мен ссуда;

B) негізгі іс - әрекетінен түскен пайда;

C) амортизациялық қор;

D) сатудан түскен түсім;

Е) қаржылық іс - әрекеттерден түскен пайда.



5. Есептер мен жаттығулар
№1. Тауарлар мен еңбек нарығында фирма жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейді. Оның өндіріс функциясы еңбекті пайдалануда 10 нан 30 аралығында Q=120L-2L2 теңдеуімен берілген. Жалақының мөлшері 60 а.б., ал тауардың бағасы 8 а.б. Фирма үшін тиімді өнім өндіру көлемін анықтаңыздар

2. Индивидуум төрт жыл ішінде мынадай табыстар алуды күтуде: бірінші жылы 100 а.б., екінші жылы 150 а.б., үшінші жылы 200 а.б., төртінші жылы 250 а.б. Пайыздың жылдық мөлшерлігі 20%. Осы төрт жыл ішіндегі табыстың бүгінгі құндылығы қандай?

3. Фирма игілктер нарығында монополист, еңбек нарығында монопсонист болып қызмет атқарады, және оның өндіріс функциясы мен оның өніміне деген сұраныс функциясы сәйкесінше Q=5L, Qd=100-P. Ал оның еңбек нарығындағы функциясы Ls=0,2w-4. Пайданы ұлғайту кезеңінде ол өнімін қандай бағамен сатады?

4. Фирма игіліктер нарығында да факторлар нарығында да жетілген бәсекелес болып қызмет атқарады. Берілген капитал көлемінде оның өндіріс функциясы Q=200L-2L2. Еңбекке деген сұраныс функциясын қорытып шығарыңыздар.


6. Шығарылуы келтірілген есептер

1. Стдуенттің 100 долл. бар. Ол оны сақтау немесе жұмсау керекгін шешепек. Егер ол банкке салса бір жылдан соң 112 долл. алмақ. Инфляцияның деңгейін 14 пайыз.

а) Пайыздың номиналдық мөлшерлігі қандай?

б) Пайыдың нақты мөлшерлігі қандай?

в) Студентке нендей ақыл айтар едіңіз?

г) Егер инфлияцияның қарқыны 10 пайызға дейін төмендеп банктің номиналдық пайызы өзгермесе қалай болар еді?
Шығарылуы .

а) 12%.


б) 12% - 14% =-2%.

в) Ақшаны қазір жұмсаған абзал.

г) Ақшаны банкте ұстауға болады. 2% (12 - 10).
2. Станок үш жыл жұмыс істейді деп ұйғарылады және жылына жыл сайын 2000 долл. табыс әкеледі. Оның үшінші жылдың соңындағы қалдық құны 6000 долл. Станоктың барлық шығындарды жабуға бағытталған бағасын табыңыздар, егер:

а) пайыз мөлшерлігі 8%?

б) пайыз мөлшерлігі 10%?

в) пайыз мөлшерлігі 8%, күтіліп отырған жылдық инфляция мөлшері 7% ?
Шығарылуы

Төмендегі кестедегі дисконттық құндылықтарды қосып шығу керек


Кесте 10.1
1-жыл / 2-жыл / 3-жыл __

Жылдық табыс 2000 2000 2000

Қалдық құн 6000

Ағымдық дисконттық құн:

(а) i = 8% 1851,851) 1714,681) 6350,66

(б) i = 10% 1818,18 1652,89 6010,52

(в) i = 8% 1980,202) 1960,59 7764,72
Инфляция = 7%


  1. 1851,85 =2000/1.08; 1714,68=2000/(1,08)2

2) 1980,20=2000/1,08-1,07

а) 1851,85+ 1714,68 + 6350,66 =9917,19.



б) 9841,59.

в) 11705,51.
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өндіріс факторларының жетілген бәсекелі нарығы немен сипатталынады?

2. Ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері неде?

3. Пайданы мейілінше арттыру мақсатын көздеген фирманың ресурстарды жалдау туралы шешіміне ресурстардың бағасы, шекті өнім мен шекті табыс қалай әсер етеді?

4. Жетілген бәсекелі еңбек нарығындағы сұраныс қандай өзгермелерге байланысты болады?

5. Ресурсқа нарықтық сұраныс қисығын қалай алуға болады?

6. Фирмалар ресурстардың ұтымды үйлесімдерін іздегенде қандай ережелерге сүйенеді? Ережелердің мәнін түсіндіріңіз.

7. Еңбектің жеке ұсынысына еңбекақының өзгерісінен туындайтын алмастыру әсері мен табыс әсері қалай әсер етеді?

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 163-180 б.

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 155-175 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с. 271-285

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с. 261-270;;

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с.310-315,

6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.162-177

7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 22-235

8. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с. 167-188



12. ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАҢДАУ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылады. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеуді талап етеді. Бұл тақырыпқа қоғамдық игіліктерді өндіру мен бөлу мәселелері қарастырылады.

Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері. Әрқайсысы жеке – жеке бағалынатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер дейді. Олар тек қана сатып алған адамдарға пайда әкеледі. Таза жеке экономикалық игіліктерді өндіру мен тұтыну кезінде адамдар үшін сыртқы жағымсыз немесе сыртқы жағымды әсерлер туындамайды. Мысалы адам дүкеннен нан сатып алса, одан тек сол адамның өзі немесе оның жанұясы ғана пайда алады.

Барлық адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер дейді. Оларды бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдқ игіліктерді бір жеке адам сатып алса, одан басқа адамдар да пайда алады. Мысалы, егер көп қабатты үйде тұратын бір адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, одан сол дәлізде тұратын адамдар және оларға кешкісін келетін қонактар тегін пайдалылық алады. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсер туғызады. Таза қоғамдық игіліктерге



  • ұлттық қорғаныс,

  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,

  • қоршаған ортаны қорғау

  • қаланың орталық бағы тағы сол сияқтылар жатады.

Таза қоғамдық игіліктердің мынандай ерекшеліктерін атауға болады:

  1. тұтынудан ешкімді ажырату мүмкіншілігінің болмауы. Яғни, таза игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберу мүмкін емес.

  2. бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктерді барлық тұтынушыларға ортақ болады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы, бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейін төмендетпейді. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну адамдардың арасында бәсекелестік туғызбайды.

  3. Таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әрекет туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір адам өзі үшін өндірсе, оны басқа адамдар да пайдалана алады. Мысалы, тұрғындардың біреуі дәлізді сыпырса оның осы дәлізде тұратын көршілері де осы тазартылған жермен жүреді.

Көптеген игіліктер барлық халыққа ортақ болғанымен, оларды таза қоғамдық игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, халық үкіметтен зейнетақы алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар балабақшаға тегін барады, қаланың көшесімен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайда жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақы алуға болады. Мысалы, тегін балабақшаға алдымен көп балалы жанұяның баласын алуы мүмкін де, бұл тізімге енбегендер ақылы жекеменшік балабақшаларға баруы мүмкін. Жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындап, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, сондықтан көлік салығы енгізіледі т.с. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды.

Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекет пен нарықтың мүмкіншіліктері. Таза қоғамдық игіліктерді тұтыну ақысыз болғандықтан көптеген адамдар таза қоғамдық игіліктерді тегін тұтынуға ынталы болады. Осындай адамдарды «қояндар» немесе «билетсіздер» дейді. Олар таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алған жеке шекті пайдалылықтары туралы нақты ақпарат беруден бас тартады. Осындай адамдар саны көбейген сайын таза қоғамдық игіліктерді өндірудің тиімділігі азая түседі. Осыдан келіп, тегін тұтынуға шын мәнінде мүдделі адамдар саны есепке алынып, таза қоғамдық игіліктерді экономикалық ұтымды мөлшерде өндіру мәселесі туындайды.

Тұтынушылардың саны аз болған сайын қоғамдық игіліктерді тегін тұтынып жүрген адамдарды анықтау оңай болады және тұтынушылар осы игіліктерден алған шекті пайдалылықтың құнын толық төлейді. Мысалы тұтынушылар шағын кооперативтер ұйымдастыра отырып, қоғамдық игіліктерді тегін тұтынғысы келген адамдарды шектейді. Шекті пайдалылық пен шекті шығынды салыстыра отырылып қоғамдық игіліктің ұтымды көлемі анықталады. Тұтынушылардың бәрі таза қоғамдық игіліктерді бірдей тұтына отырып, тепе – теңдік жағдайда болады. Тепе – теңдік жағдайда екінші тұтынушының жағдайын нашарлатпай, бірінші тұтынушының (оның төлейтін ақысын немесе қоғамдық игіліктің көлемін өзгерту арқылы) жағдайын жақсарту мүмкін болмайды. Бұл Парето тиімділігіне сәйкес келеді.

Үкіметтің қызметі қоғамдық мүддені жүзеге асыруға бағытталған. Жеке мұқтаждықтарды үкіметтің іс - әрекетіне айналдыратын ережелер мен қызметтерді саяси институттар дейді.
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

А) Кері байланыс әсері

Ә) Өндіріс тиімділігі

Б) Дербес тепе-теңдікті талдау

В) Экономиканың Парето – оңтайлы жағдайы

Г) Шығындар мен нәтижелерді талдау

Ғ) Реттей бөлудің тиімділігі

Д) Әл ауқат шегінің мүмкін болатын сызығы

Е) Трансформацияның шекті нормасы

Ж) Жалпы тепе-теңдікті талдау


1. Баға мен өндіріс көлемінің басқа нарықтарда өзгермеген кездегі нақты нарықтағы тепе-тең баға мен тепе-тең өндіріс көлемін зерттеу

2. Белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнімді тұтынушылар арасында бөлу барысында бір тұтынушының әл-ауқатын төмендетпей өзге бір тұтынушының жағдайын жоғарлату мүмкін емес жағдайы

3. Нақты нарыққа қатысы бар өзге нарықтардағы дәл осындай өзгерістерге жауап ретінде оның бағасы мен тауар көлемінің өзгеруі

4. Барлық нүктелері екі тұлғаның хал-ахуалына қатысты Парето-тиімді үйлесімде болатын қисық

5. Біреулердің әл-ахуалын төмендетпей, басқалардың әл-ахуалын жақсартуға болмайтын экономикалық жағдай

6. Пайдаланудағы ресурстарды бір өнімді көлемін өсіру үшін екінші бір өнімдердің өндіру көлемін төмендетпей бөлудің мүмкін емес жағдайы

7. Нарықтық жүйені біртұтас, яғни тепе-тең баға мен өндіріс көлемінің өзара арақатынасын барлық нарықтарда зерттеу

8. Шығындар мен нәтижелердің кестесін экономиканың секторлары мен салаларының арасындағы өзарабайланысты, экономикалық болжаулар мен жоспарлар құруға пайдалану



9. Өндіріс мүмкіндігінің қисығына сүйене отырып, баламалы тауардың әр қосымша бірлігін алу үшін, өндіруден бас тартуға тура келетін тауардың көлемі
3. Дұрыс/дұрыс емес (Иә/жоқ)


№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Өндіріс мүмкіндігіні қисығының көлбеулігі тронсформцияның шекті мөлшері болып табылады




2

Жалпы теп-теңдікті талдау жекелеген нарықтардың арасындағы өзара байланысты зеттеуге бағышталған




3

Өнімге сұраныстың қысқаруы осы тауарды өндіруге пайдаланылатын ресурстан жасалған өзге тауардың бағасын көтереді деп күтуге болады




4

Жетілген бәсеке жүйесі табысты тең бөлуді жорамалдайды




5

Шығындар мен нәтижелердің кестесіндегі бір салада пайдаланылатын ресурстар басқа бір саланың өнімдері болып табылады




6

Өнімдер мен ресурстарға деген сұраныс туынды сұраныс болып есептеледі




7

Экономиканың Парето-тиімдігі дегеніміз қандай да бір өзгеріс барлық тұлғалардың хал-ахуалын жақсартатын жағдай




8

Хал-ахуалдың мүмкін болар шекарасындағы нүтелер Парето-тиімді болып есептеледі




9

Екі өнімнің трансформациясының шекті мөлшері (нормасы) олардың шекті пайдалылықтарының қатнасы арқылы сипатталады




10

Жалпы тепе-теңдік жағдайында бір ресурстың бағасының өзгерісі басқа ресурстар мен өнімдердің бағаларына ықпал жасайды.




11

Хал-ахуалдың мүмкін болар сызығындағы әр нүкте табыстың әділ бөлінуі болып табылады.




12

Ресурстардың тиімді бөлінуі олар әділ бөлінді деген сөз емес.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Еңбек өнімділігі тұрғысынан алғанда мына төмендегі меншіктердің қайсысы тиімді болып есептеледі:

А) мемлекеттік;

В) муниципалдық;

С) жеке меншік;

D) аралас;

Е) ұжымдық.


2. Қоғамдағы табыстың дифференсациясын мынадай жолмен қысқартуға болады:

А) прогресстік салық салу жүйесін енгізу арқылы;

В) пропорциялық салық салу жүйесін енгізу арқылы;

С) қосымша құнға салынатын салықты азайту арқылы;

D) таза пайдаға салынатын салықты азайту арқылы;

Е) регрессивтік салық салу жүйесін енгізу арқылы.


3. Жалпы экономикалық тепе-теңдік дегеніміз:

А) экономикалық жүйенің тек қана тауарлық нарықтар тепе-теңдікте болатын жағдайы;

В) экономикалық жүйенің тек қана өндіріс факторлары нарығы тепе-теңдік те болатын жағдайы;

С) экономикалық жүйенің барлық нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы;

D) теп-теңдік n-1 нарықта болатын жағдай;

Е) экономикалық жүйенің тек еркін нарықтары тепе-теңдікте болатын жағдайы.


4. Таза қоғамдық игіліктің мысалына мына төмендегі игілік жатады:

А) жоғары оқу орны;

В) ұлттық қорғаныс;

С) орта мектеп пен балабақша;

D) концерт залдары мен филармония;

Е) кинотеатрлар.



5. Таза қоғамдық игіліктің мысалына мына төмендегі игілік жатады:

А) жоғары оқу орыны;

В) қалалық бақты жарықтандыру;

С) орта мектеп пен балабақша;

D) емханалық мекемелер;

Е) дұрыс жауап В) және D).



6. Тиiмдiлiктiң қай жағдайында Парето – оңтайлығы орындалмайды:

А) алмастыру тиімділігінде;

В) шығару құрылымының тиімділігінде;

С) қайта бөлу тиімділігінде;

D) өндіріс тиімділігінде;

Е) А және В жауаптары дұрыс.



7. Мемлекеттік меншіктің болу себебі:

А) рентабельсіз салалардың болуына байланысты;

В) жалпыұлыттық және әлеуметтік міндеттерді шешу мен елдің әл-аухатын жақсатару үшін;

С) мемлекеттік жұмсауларды ұлғайту мақсатында;

D) экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін;

Е) инфляцияны ауыздықтау үшін.



8. Қоғамдық игіліктердің дербес игіліктерден айырмашылығы неде:

А) бөлінеді;

B) жекелеп пайдалануға болады;

С) бөлінеді және жекелеп пайдалануға болады;

D) бөлінбейді және жекелеп пайдалануға болмайды;

Е) бөлінеді, бірақ жекелеп пайдалануға болмайды.



9. Төмендегі берілгендердің қайсысы қоғамдық игілік:

A) электр қуаты;

B) кинотетр;

C) футбол стадионы;

D) елдің қорғанысы;

E) цирк.
10. Төмендегілердің қайсысы қоғамдық игілікке жатпайды:

A) электр энергиясы;

B) маяктар;

C) полиция;

D) ел қорғанысы;

Е) су тасқыннан қорғаныс.
11. Қоғамдық игіліктердің жай игіліктерден айырмашылығы:

А) бұл игіліктерді тұтынуда бақталастық жоқ және оларды тұтынуға шек қоюға болмайды;

В) қоғамдық игіліктерге баға бойынша икемділік төмен;

С) қоғамдық игіліктерге баға бойынша икемділік жоғары;

D) бұл игіліктердің нарығын монополизациялау өте жоғары;

Е) барлық жауаптар дұрыс.


5. Есептер мен жаттығулар
1. Өндірістік мүмкіндіктің қисығы мынадай теңдеумен берілген: X2+Y2=450. Қоғамның пайдалылық қызметі UXY=XY. Х және У тауарларын өндірудің тиімді көлемін анықтаңыздар.
2. А және В тауарларының өндірісі мынадай өндірістің функция арқылы сипатталады: QA=2KL, QB=0,5KL. Пайдаланылатын жалпы еңбектің көлемі 100 бірлік, капиталдың көлемі – 60 бірлік. Өндіріс мүмкіндігінің қисығындағы үш нүктені анықтаңыздар.
6. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қоғамдық игіліктер дегеніміз не және олардың жеке игіліктерден айырмашылығы қандай?

2. Таза қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі қандай?

3. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлеріне тоқталыңыздар

4. Саяси институттар дегенміз не және олардың қызметіне сипаттама беріңіздер

5. Қоғамдық игіліктерге мысалдар келтіріңіздер

6. Жағымды сыртқы әрекеттер дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 202-219 б.

2. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с. 251-260;;

3. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с.310-315,

4. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.177-1845. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 271-283

5. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с. 167-188



Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

1. Сборник задач по экономике, издательство Бек, Москва 1996 отв.ред. Ю.Е.Васильевич

2. О.Т. Лебедев, А.Р. Каньковская, С.А.Язвенко Практикум по основам экономики Санкт-Петербург, МиМ, 1998 г.

3. Экономическая теория, Задачи, логические схемы, методические материалы, под редакции А.И.Добрынина Санкт-Петербург, Питер, 1999 г.

4. Микро-макро экономика, практикум, задачи, тесты, ситуации, ред. Ю.А.Огибин Санкт-Петербург, 1994 г.

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997

6. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл

7. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007

8. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 2001

9. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г.

10. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. Алматы.: Казак университет, 2001

11. Нуреев P.M. Курс микроэкономики. М.: НОРМА, 2001

12. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. М.: Дело, 2001

13. Хайман Д.Н. Соврем. микроэк: анализ и примен. т. 1,2.,М. Ф. и стат. 1992

14. Долан «Микроэкономика», Москва 1997 г.

15. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкономика, М. Юрайт, 2003 г.

16. Тарануха Ю. В., Земляков Д.Н. Микроэкон., М., Дело и сервис, 2002 г

17. Хайман Д.Н. Современная микроэкон.. – М.: Фин. и статистика, 1992.

12. Курс экономической теории,. (под ред.. Чепурина), Кирова, Аса, 1994 г.

18. Хейне «Экономический образ мышления», Москва Дело и сервис, 1999 г.

19. Самуэльсон «Экономика», М., НПО «Алгон» Машиностроение, 1997 г.

20. «Микроэкономика» (под редакц. Яковлевой), Москва, 2000 г.

21. Мамедов «Современная экономика», Ростов –на – Дону, Феникса, 1998 г.

22. Шишкин «Экономическая теория», Москва, 2000 г

23. Булатов «Экономическая теория», Москва, Юристъ, 1999 г.

24. Чечеввицына Л. Н. Микро экономика., Ростов-на-Дону, Феникс, 2000 г.

25 Гальперин В.М. и др. Микроэкономика. – СПб., 1994.

26 Джуха В.М., Панфилова Е.А. Микроэкономика. – М., 2004.



27. Селищев А.С. Микроэкономика,




жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау