«Қасқырға арналған қақпан»
Ойынға қатысатын балалар екі командаға бөлінеді. Бір команда қасқырға қақпан
құрады – қол ұстасып, шеңбер құрап тұрады. Екінші команда қасқырлардың рөлін
атқарады – залды айналып (қақпан арқылы) төрт аяқтап еңбектейді. Тақпақ айтады:
«Кәне, кәне, халайық,
Қасқыр қақпан құрайық.
Кәне қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр»! – тақпақ аяқталғаннан кейін бірінші командадағы
балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Қақпан жабылды. Қақпанның ішінде қалған
қасқырлар ойыннан шығады. Қалған балалар ойынды жалғастырады. Кейін командалар
орын алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: |