«Көбелек ұстаймыз» Балалардың арасынан көбелек ұстайтын 4 бала таңдап алынады. Олар жұптасып,
залдың бір шетіне тұрады. Қалған балалар – «көбелектер». Педагогтің: «Көбелектер
бақшаға қарай ұшты!» деген сөзіне – «көбелектер» ұшады – залды айналып жүгіреді.
«Аулағыштар!» деген кезде шетте тұрған 2 бала шығып, қолдарын қосып, көбелектерді
ұстауға тырысады. Қолға түскен «көбелекті» залдың шетіне апарып, орындыққа
отырғызады. Қалған көбелектер тізесін бүгіп отырады. «Көбелектер далалыққа қарай
ұшты!» деген кезде «көбелектер» залды айналып секіреді. Оларды қалған екі бала ұстауға
216
шығады. 4–6 көбелек ұсталған кезде санайды. Көбелек аулайтын балалардың орнын
ауыстырады. Ойын қайталанады.