Қимылды ойын: «Аязата» (4 рет).
Тәрбиеленушілер Аязатаның орманда тұратынын және қыста балаларға сыйлықтар алып
келетінін естеріне түсіреді.
Педагог жуан дауысымен былай дейді:
–
Мен – Аязатамын. Орман ішінде жүрмін. Кәне, аңдар, шығыңдар! Қояндар,
қайдасыңдар?
(Балалар қояндар сияқты педагогке қарай секіріп барады).
–
Әп-бәлем! Мен сендерді қатырып тастаймын! Қатырып тастаймын!
Педагог балаларды ұстап алмақшы болады. Барлығы жан-жаққа қашады. Ойын
қайталанады. Аязата әр кезде орманнан жаңа аңдарды (қонжықтарды, түлкілерді), орман
құстарын шақырады. Тәрбиеленушілер олардың қимылдарын келтіреді, сосын Аязатадан
белгіленген сызықтан асып қашады.
Достарыңызбен бөлісу: |