Бір орыннан итеріле отырып, көлденең жолмен сырғанау. Жеке-жеке тәртіппен орындау.
Педагог сырғанау кезінде тепе-теңдіктің, қауіпсіздік техникасының сақталуына баса назар
аударады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Жануарлардың табиғаттың ажырамас бөлігі екенін балалардың есіне салады. Табиғат пен
жануарларға қамқорлық жасау қажеттігін ескертеді.
«Көңіл күй» жаттығуы.
109
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 43 Білім беру саласы: Денсаулық. Коммуникация
Бөлімі: Денешынықтыру. Тақырыбы: Құртақанға күлуді үйретейік