Ойын ұйымдастыру: «Секір-секір».
Сапқа тұруға көмектесу. Қимылдарды тақпақтың мәтініне сай ырғақпен орындау
қажеттігіне назар аударту.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу «1-2-3–қайтала!», қимылдарды орындап көрсету.
Еске салады: ойындар да денешынықтыруға жатады; ойнағанда балалар дамиды,
шынығады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 11
Білім беру саласы:
Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі:
Денешынықтыру.
Тақырыбы:
Түрлі түсті жалаулар
Мақсаты:
Секіру және еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
секіру жаттығуларын үйрету. Бір аяқ алда, екіншісі артта. Қолдарды
шынайы қимылдатып, жеңіл әрі ритмге сай, саптан шықпай жүгіру. Қозғалыс бағытын
сақтай отырып төрт аяқтап еңбектеуге үйретуді жалғастыру. Организмнің жалпы
төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Дүниеге жағымды көзқараспен қарауға
тәрбиелеу, жинақылыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |