1
68
Тақырыбы:
Бізге қонаққа
маймыл келді!
Мақсаты:
өрмелеу және допты алысқа лақтыру дағдыларын
қалыптастыру.
Міндеттері:
кермені дұрыс ұстауға үйрету (4 саусақ үстінен,
үлкен саусақ астынан), аяғын кезекпен басып гимнастикалық
қабырғамен өрмелеу, аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру
қабілетін нығайту. Балаларды доп көтерген қолдарын басынан
асырып лақтыру, бүгілген қолдарды жазып, жоғары қарай
көтергеннен кейін екпінмен лақтырылған доптың ұшу
траекториясының дұрыс болуын қамтамасыз ету. Ойын
түріндегі жаттығулардың көмегімен балалардың қимыл-
қозғалыс тәжірибесін байытуды, кеңістікте бағдарлау
қабілетін, ырғақпен әрі айқын қимылдау қабілетін дамытуды
жалғастырамыз. Балалардың бойында жануарлардың
табиғаттағы тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру;
жануарлардың тіршілігі туралы мәлімет беру;
қайырымдылыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаны позитивті
тұрғыдан қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |