«Мысық пен құстар»
Үлкен шеңбер сызылады немесе үлкен жіптің көмегімен шеңбер жасайды.
Балалар шеңбердің сыртына тұрады. Бір бала мысықтың рөлін орындайды. Ол шеңбердің
ішіне тұрады; қалған балалар – құстар. Мысық көзін жұмып, ұйықтайды. Ал, құстар
шеңберге секіріп кіреді, ұшады, отырады, дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп,
қуалайды. Құстар шеңбердің сыртына қарай қаша жөнеледі. Қолға түскен құстар
шеңбердің ішіне тұрады. Біраздан соң басқа мысық сайлайды. Ойын қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: |