Тыныс алу жаттығулары:
– Мұрынның бір жағымен демалу (оң және сол жақ).
– Қолдарын түсіріп отырады, тез демалады, алақанын төмен қаратып, қолдарын
қолтығының астына апарады.
– Демін іште ұстайды. Бала терең дем алып, мүмкіндігінше демін шығармай іште ұстайды.
«Әуе шары».
Өзін әуе шары ретінде елестетіп көреді: 1, 2, 3, 4 деп санаған кезде төрт рет терең
дем алып, демін шығармай ұстайды. Содан кейін 5-ке дейін санап, демін ақырын
шығарады.
«Отыншы».
Аяқтарының арасын иықтың аралығынан сәл тарлау етіп ашып тік тұрады: демін
шығарған кезде қолдарын балташа ұстап, жоғары көтереді. Демін шығарған кезде
балтаның ауырлығын сезініп тұрғандай қолдарын бірден төмен түсіреді, алға қарай
еңкейеді, қолдарымен аяқтың арасындағы кеңістікті «балталайды». «Ух» деген дыбыс
шығарады. 6–8 рет қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |