Күтілетін нәтиже:
жасайды:
«ирелеңдеп» жүгіру, допты домалату, басына зат қойып жүру.
түсінеді:
төбеге қапшық қойып жүргенде денені қалай тік ұстайтынын, нысананы көздеп
лақтырғанда қолды екпінмен түзету қажеттігін, арқаға жүк салып еңбектегенде арқаны
бүгуге болмайтынын.
қолданады:
педагогтің белгісі бойынша қимылдарды кезектестіріп жасау қабілетін,
тігінен тұрған нысанаға лақтыру қабілетін, денені тік ұстау және кеңістікте бағдарлау
қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
«Шеңбердегі би» ойынына арналған музыка, бала санына
қарай құм толтырылған қапшықтар, тігінен лақтыруға арналған нысаналар (нысана
орталығының биіктігі – 1,5 метр).
Денсаулық сақтау технологиялары:
қолды уқалау – мидың қызметін жақсартуға ықпал
ету; психоэмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру, дене сымбатының бұзылуының алдын
алу.
Достарыңызбен бөлісу: |