Күтілетін нәтиже:
жасайды:
гантельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды, жүгіргеннен
кейін демін қалпына келтіреді, өз-өзіне массаж жасайды.
түсінеді:
стадионның қандай мақсаттарда пайдаланылатынын, етпетінен жатып орындық
үстімен еңбектегенде бастапқы қалыптың қандай болуы керектігін, орындықты
қапталынан қалай ұстайтынын.
қолданады:
заттарды аттап өту арқылы орындықтың үстімен жүру, денені тартып
еңбектеу, бір минутта баяу екпінмен жүгіру қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
әр балаға 2 данадан гантель, орындықтар (биіктігі – 35 см,
ені – 20 см) – 4 дана, аттап өтуге арналған текшелер – 4 дана, түрлі түсті таспа жіп.
Билингвалды компонент:
тізбекте бір-бірден жүру – ходьба в колонне по одному, баяу
екпінде жүгіру – бег в медленном темпе, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до
свидания
Достарыңызбен бөлісу: |