Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


 ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ БОЙЫНША ҰОҚ-НЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   524
4 дш

3. ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ БОЙЫНША ҰОҚ-НЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
ҰОҚ-ның  құрылымы  физиология  және  гигиена  талаптарына  сай  әзірленген.  Онда  4-5 
жастағы  бала  организмінің  дене  жүктемесі  кезінде  жұмыс  істеу  қабілеті  мен  шаршау 
деңгейі ескерілген. 
Денешынықтыру  сабағынан  ҰОҚ-ның  сызбалық  жоспарында: 
кіріспе,  негізгі  және 
қорытынды 
деген  үш  бөлім  қарастырылған.  Бұл  шартты  түрде  жасалған.  Сабақтардың 
бәрі  біртұтас  және  бала  организмінің  физиологиялық  функцияларына  әсер  ету, 
организмнің  дене  сапасын  дамытып,  қимыл-қозғалысын  қалыптастыру  сынды  ортақ 
мақсатқа  бағынған.  Осы  ортақ  мақсатқа  бір-бірімен  астасып  жатқан  сабақтың  әр 
бөліміндегі нақты міндеттерді біртіндеп орындау арқылы қол жеткіземіз.
 
Бірінші бөлімнің мақсаты (кіріспе – I) 
– организмді негізгі бөлімге дайындау. ҰОҚ-ның 
бірінші  бөлімінде  жүру,  жүгіру,  сапқа  тұру  жаттығулары,  ойын  түріндегі  қарапайым 
тапсырмалар  ұсынылады.  Педагог  жүру  мен  жүгіру  жаттығуларын  бір-бірімен 
кезектестіргені  жөн.  Әйтпесе,  бір-біріне  ұқсайтын  мұндай  жаттығулар  баланы  тез 
жалықтырады,  жаттығудың  орындалу  сапасын  төмендетеді.  Сондай-ақ  оның  жағымсыз 
салдары да пайда болуы мүмкін (баланың омыртқасы қисаяды, табаны жалпаяды т.б.). 
Екінші  бөлім  (негізгі  –  ІІ) 
уақыт  жағынан  көпке  созылады  және  жалпы  дамытуға 
арналған жаттығулардан, қозғалыстың негізгі түрлері  мен қимыл-қозғалыс ойындарынан 
тұрады. ҰОҚ-ның бұл бөлімінде жүктеменің салмағы артады. 
Жалпы  дамыту  жаттығулары  бала  организміне  жалпы  әсер  етеді  және  жекелеген 
бұлшық ет тобына және буындарға да әсер етеді. Сонымен қатар қозғалыс үйлесімділігін, 
кеңістікте  бағдарлау  қабілетін  жақсартады.  Жүрек-қан  тамыры  жүйесі  мен  организмнің 
тыныс  алу  қызметіне  жағымды  ықпал  етеді.  Организмді  жалпы  дамытуға  арналған 
жаттығуларды  дұрыс  орындауда  бастапқы  қалыптың  атқаратын  рөлі  зор.  Жаттығу 
барысында:  тік  тұру,  тізерлеп  отыру,  шалқасынан  және  етпетінен  жату  сынды  түрлі 
қалыптар  пайдаланылады.  Бастапқы  қалыпты  өзгерту  арқылы  педагог  тапсырманы 
жеңілдетеді немесе күрделілендіре алады. 
Педагог  пайдаланылатын  құрал-жабдықтың  түріне  қарай  балаларды  сапқа  тұрғызу, 
орналастыру  мәселесін  жоспарлайды  және  ойластырады.  Мысалы,  таяқшалармен, 
жалаушалармен  орындалатын  жаттығулар  жасағанда  балаларды  тізбекке,  бір-бірінен 
қашық етіп тұрғызған жөн. Өйткені сапқа тұрғызғанда балалар бір-біріне кедергі келтіріп, 
жарақаттап алуы мүмкін және қозғалыс амплитудасын қамтамасыз ету мүмкін болмайды. 


12 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында оқу материалын дұрыс орналастырудың да 
маңызы өте жоғары. Ерекше ден қоюды және дәл орындауды талап ететін жаңа материал 
мен  жаттығулар  сабақтың  негізгі  бөлімінің  басына  жоспарланады.  Организмге  едәуір 
салмақ  түсіретін  жаттығулар  әдетте  жүктемесі  төмен  жаттығулардан  кейін  жасалады. 
Осылайша  жүктемені  біртіндеп  өсіруге  болады.  Қашықтыққа  лақтыру  жаттығулары 
жүгіру, секіру ойындарына дейін өткізіледі. 
Негізгі  бөлімде  көбірек  қимылдауды  талап  ететін  ойындар  пайдаланылады.  Оларды 
мүмкіндігінше барлық бала бірге жасағаны жақсы (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.б.).  
Үшінші,  қорытынды  бөлім  (ІІІ). 
Бұл  бөлім  көлемі  жағынан  аса  үлкен  емес;  онда 
қозғалыс  белсенділігін  біртіндеп  төмендетуге  арналған,  қарқыны  төмен  шағын  ойындар 
мен  ойындық  жаттығулар  өткізіледі.  Бұл  бөлімде  жүру  жаттығулары,  күрделі  емес 
ойындық тапсырмаларды пайдалануға болады. Ол баланы біртіндеп қалыпқа түсіп, басқа 
қызметке ауысуына мүмкіндік береді. 
Жүктемені  жүйелі  түрде,  біртіндеп  көтеру  баланың  жалпы  дамуына  оң  ықпал  етеді 
және  оның  қимыл-қозғалыс  дайындығын  жақсартуға  көмектеседі.  Әдетте,  бастапқыда 
балалар  қозғалыстың  жаңа  түрлерін  дұрыс  орындай  алмайды,  шектен  тыс  қиналады. 
Сондықтан оларға қойылатын талаптың мейлінше төмен болғаны абзал. 
Жаттығулар мен қозғалыстың негізгі түрлерінің бала санасына мықтап сіңірілуі өткенді 
қайталауға тікелей байланысты. 
Бірақ  қайталау  бір  сарынды  болмауы  тиіс.  Өйткені  мектепке  дейінгі  орта  топ 
жасындағы балалардың қимыл-қозғалыс қызметіне деген қызығушылығы жоғалып кетеді. 
Сондықтан балаларды оқытудың бірінші  сатысында материалды қайталай отырып, түрлі 
оқу құралдарын жағдаяттарды өзгерте отырып пайдалану қажет.  
Педагог 4-5 жастағы балалармен Денешынықтыру сабағын ұйымдастыру барысында 
мынадай түрткіжайттарды ескеруі тиіс: 

 
жаттығулардың  балалардың  жасы  мен  функционалдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес 
болуы керектігін естен шығармау

 
иық  белдеуіндегі  ірі  бұлшық  еттер  тобына,  арқа,  іш,  аяққа  арналған,  кезектесіп 
жасалатын жаттығуларды қарастыру

 
алдыңғы  ұйымдастырылған  оқу  қызметіндегі  жаттығуларды  толық  ауыстырмай, 
балаларға  таныс,  бірақ  олар  дұрыс  игеріп  үлгермеген,  қайталауды  қажет  ететін  2-3 
жаттығуды  қалдыру  (мүмкіндігінше  балалар  қуана  жасайтын  жаттығуларды  қайталаған 
жөн); 

 
баланың  организміне  түсетін  жүктемені  біртіндеп  арттырып,  оны  сабақтың  соңына 
қарай төмендету жағын қарастыру; 

 
қозғалыссыз тұрып, күтіп тұратын жағдайларды болдырмау

 
балаларды  ұйымдастыру  әдістері  мен  тәсілдерін  балалардың  жас  мүмкіндіктеріне 
қарай дайындау; 

 
қимыл-қозғалыс жаттығуларын барлық жаттығулардан кейін беру және оны ақырын 
жүріспен аяқтау; 

 
баланың бойында жағымды эмоциялар қалыптастыра білу

 
қозғалысты орындауға берілген уақытты тиімді әрі шебер пайдалану. 
 

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау