Договор № нб


ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ



жүктеу 124,5 Kb.
бет7/12
Дата14.06.2020
өлшемі124,5 Kb.
#30295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

5.2. Тосын жағдайларды қоспағанда, Қызмет көрсету мерзімі бұзылған не Қызмет көрсетуде үзілістер туындаған не Қызметтегі ақауларды жою мерзімі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің Шарт шегіндегі басқа құқықтарына залал келтірместен, Жеткізушіден өндіреді, ал Жеткізуші Тапсырыс берушіге Қызмет көрсету күнін/Қызметтегі ақаулықты жою күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір процент), бірақ Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес процент) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.

5.3. Қызметтегі ақауларды жою мүмкін болмаған/жоюдан бас тартқан жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10% (он процент) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттенеді.

5.4. Тосын жағдайларды қоспағанда, Шарт бойынша төлем мерзімі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге төлем жасау күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген операциялық күн үшін төлеуге жататын сомадан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір процент), бірақ Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес процент) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.

5.5. Жеткізушінің Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны салдарынан Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Шарт бір жақты тәртіппен бұзылған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10 % (он процент) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлейді.

5.6. Тараптың бірі Шарттың 6-бөлімін бұзған жағдайда, құпия ақпаратты жариялаған Тарап басқа Тарапқа Шарттың жалпы сомасының 10% (он процент) мөлшеріндегі айыппұлды төлейді. Бұл ретте құпия ақпаратты ашқан Тарап құпия ақпаратты жариялау салдарынан келтірілген шығынды өтеуді басқа Тараптан талап етуге құқылы.

5.7. Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушінің келісімінсіз төлемді жүзеге асырған кезде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өздігінен ұстауға құқылы.

5.8. Тұрақсыздық айыбының сомасын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

5.9. Жеткізушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу мерзімі Тапсырыс берушіден тиісінше хабарламаны алған күннен бастап, 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.


6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

6.1. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың мәнін немесе Тапсырыс беруші немесе Жеткізуші Шартты орындау үшін тартқан қызметкерді қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар берген қандай-да бір оның ережелерін, сондай-ақ техникалық құжаттамаларды, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпараттарды ашпайды. Көзделген ақпараттар тартылған қызметкерлерге бұл шарттық міндеттемелерді орындауға қаншалықты қажет болса, сол деңгейдегі құпиялылықта беріледі.

6.2. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да бір жоғарыда тізбеленген құжаттарды немесе ақпараттарды Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбайды.

6.3. Құпия ақпаратты жариялаған жағдайда, Тараптар Шарттың 5-бөліміне сәйкес жауапкершілік көтереді.



жүктеу 124,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау