7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (форс-мАжор)
7.1. Тараптар алдын ала болжауға дәрменсіз және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тікелей ықпал еткен еңсерілмейтін күш жағдайлары: су тасқыны, жер сілкінісі және өзге табиғат апаттары, экологиялық апаттар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық соғыс, халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе көтерілістер болуы, Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің қабылдануы салдарынан Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың 7.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы оның себептерін көрсетіп, жедел жазбаша хабарлайды, сондай-ақ тиісінше уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады. Жалпыға мәлім болып табылатын фактілер растауды талап етпейді.
7.3. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды мүмкіндігінше жалғастырады және Шартты орындаудың аталған міндеттемелерге байланысты емес балама әдістерін іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |