|
Дүние жүзі тарихы маусым – тамыз Ұбт сұрақтарыбап. Бірде-бір француз сауда кемесі порттарды тастап кетпеуі тиіс...
12 бап
|
бет | 81/207 | Дата | 13.03.2023 | өлшемі | 0,88 Mb. | | #41737 |
| дүние тарих готовый11 бап. Бірде-бір француз сауда кемесі порттарды тастап кетпеуі тиіс...
12 бап. Бірде-бір француз ұшағы әуеге көтерілмеуі тиіс....
14 бап. Француз аумағындағы барлық радиотарату стансалары жабылуға тиіс...
18 бап. Армияны жабдықтау шығындарын Франция жағы көтереді....»
Мәтіндегі сипатталған құжат бойынша 1940 жылы Германия мен Франция арасында жасалған шартты анықтаңыз:
A) Мәдени меморандум
B) Сауда келісімі
C) Уақытша бітім шарты
D) Шекараны анықтау келісімі
E) Достық туралы шарт
20. «120. Бұдан да дұрысы осы жамандықтардың бәрінің бастауы – өз қол астындағылар мен олардың мүлкіне ұлы мәртебелінің парламент келісімінсіз шексіз билік жүргізуіне қарсы болу; қос палата қаулысы мен парламент актісі бойынша мұндай билік заңға қарама-қайшы деп жарияланды.
139. Корольдің табыстары нақтыланып, тәртіпке келтірілді, шенеуніктердің пайдаланып кетуі мен артық шығын жойылды, ал корольдің жеке басын қолдау, корольдікті басқару мен қорғауға қажет шығын толық қамтамасыз етілді.
140. Келісім соттарының жұмысы реттеліп, процесс жүргізудегі шығындар азайтылды.
141. Алтын мен күмісті экспортқа шығаруды болдырмаудың, сондай-ақ өнеркәсіп пен сыртқы саудадағы байланыстың өсуі үшін халықаралық ауысымда қаржы курсының тиімсіздігін азайтудың дұрыс шаралары белгіленді.
158. Корольдің парламентті таратуға қатысты билігі белгілі дәрежеде шектелді: тақсыр бұл құқықтан айырылмайды, бірақ оны қолдану мерзімі ұзартылады.
184. Біз бұл жерде шіркеудің қолынан тәртіп пен басшылықтың алтын тізгінін алып, оны жеке адамдар мен құдайға қызмет етудің басқа бір формасын таңдайтын ерекше конгрегацияларға беру ниетінен аулақ екенімізді айтамыз.
204. Ұлы мәртебелі жақсы адамдар мен дұрыс кеңестерді қабылдай біліп, өзі мен қоғамның жетістіктеріне ұмтылу жолында халықтың саналы түрде біріккенін көре алатындай деңгейге жету керек»
Мәтін бойынша Ағылшын буржуазиялық революциясы қарсаңында қабылданған құжатты анықтаңыз
A) Құқық туралы петиция
B) Құқықтар туралы билль
C) Адам құқығы туралы билль
D) Ұлы ремонстрация
E) Түп және бұтақтар туралы петиция
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|