Мәтінде берілген сипаттамадан құрылған мемлекетті анықтаңыз:
A) Қырғыз КСР-і
B) Өзбек КСР-і
C) Түркімен КСР-і
D) Қазақ КСР-і
E) Тәжік КСР-і
11. Ортағасырлардағы Италияда ұсақ феодалдар:
A) сервтер
B) пополандар
C) күпірлер
D) вальвассорлар
E) вилландар
12. Князь Владимир тұсында 988 жылы Киев Русіндегі болған оқиға:
A) София соборы салынды
B) Христиан діні қабылданды
C) Алғаш рет славян алфавиті қолданылды
D) Қыздарға арналған мектеп ашылды
E) Древлян тайласының көтерілісі болды
13. Бірінші жапон-америка шартына қол қойылған жыл:
A) 1846 ж.
B) 1823 ж.
C) 1854 ж.
D) 1889 ж.
E) 1867 ж.
14. Еуропада ең алғаш кітап басып шығарған осы елдің азаматы:
A) Франция
B) Германия
C) Англия
D) Нидерланд
E) Италия
15. 1923 жылы Түркия мемлекетінің астанасы көшірілген қала:
A) Трабзон
B) Салоники
C) Стамбул
D) Анкара
E) Измир
16. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге тиісті төлемнің көп бөлігін алған ел:
A) Италия
B) АҚІІІ
C) Франция
D) Англия
E) Ресей
17. Цинь билеушілері Қытай халқының сырт елдермен байланысына шектеу қойған мерзімі:
A) 1600 жылы
B) 1560 жылы
C) 1452 жылы
D) 1757 жылы
E) 1700 жылы
18. 1990 жылы тамызда Кувейтті басып алған мемлекет:
A) Алжир
B) Египет
C) Ирак
D) Иран
E) Сирия
19. Монғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегі
Елде кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небары екі-үш айдың ішінде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында,майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтілді... МХРП Орталық Комитетінің Пленумы (1941 ж. қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлеріне сыйлық жинауды одан әрі дамытуға шақырды. Монғол халқы бұл үндеуді қызу қарсы алды.
1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлеріне монғол еңбекшілері жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Монғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарының қабырғаларында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерінің құрамына еніп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерінің даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбінде аяқталды. Жауынгерлік ерлігі үшін бригада 7 орденмен, оның ішінде МХР-дың Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды. МХР еңбекшілері өз қаржыларына «Монғолия араты» атты авиация сатып алып, Қызыл армия жауынгерлеріне сыйға тартты. 1944 жылы Кеңес Армиясына сыйлық ретінде МХР-дан оның солдаттары мен офицерлеріне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлік, киім-кешек т.б. жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |