Дипломж ұ мысы Тақырыбы: Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру 520830 "Экономика" мамандығының



жүктеу 1,19 Mb.
бет4/6
Дата17.11.2017
өлшемі1,19 Mb.
#1071
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

SWOT анализ:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • тұтынушы нарығының маусымдығы

Мүмкіндіктері

  • өткізу нарығын басып алу

  • экспортқа шығу

Қауып-қатер

  • импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы

  • әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

  • Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;

  • мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;

  • тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

ТОО «ФудМастер-Айс Крим» өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б
2-кесте. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Өл-шем бір-лігі

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу

+;-

%

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

мың тг

515581,26

705977,42

190396,16

136,93

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг

368255,18

460282,83

92027,65

124,99

3

Жалпы табыс

мың тг

147326,08

245694,59

98368,51

166,77

4

Кезең шығындары

мың тг

217311,13

179610,3

-37700,83

82,65

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың тг

-69985,05

66084,29

136069,34

94,43

6

Негізгі емес қызметтен түскен түсім

мың тг

46311,15

-9410,33

-55721,48

-

7

Салыққа дейінгі жиынтық табыс

мың тг

-23673,9

56673,96

80347,86

-

8

Таза табыс

мың тг

-23673,9

39671,77

63345,67

-

2-кестенің жалғасы



9

Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын

тг

1,14

0,91

-0,23

79,81

10

Өнімнің рентабельділігі

%

-

6,20

9,03

-

11

Сату рентабельділігі

%

-

5,62

8,83

-

12

Өндіріс рентабельділігі

%

-

6,10

8,84

-

13

Жұмыскерлер саны

адам

189,00

238,00

49,00

125,93

14

С.і. жұмысшылар саны

адам

77,00

177,00

100,00

229,87

15

1 жұмыскедің еңбек өнімділігі

мың тг

2727,94

2966,29

238,35

108,74

16

1 жұмысшының еңбек өнімділігі

мың тг

6695,86

3988,57

-2707,29

59,57

17

Жұмыскелердің еңбек ақы қоры

мың тг

71782

94185,1

22403,1

131,21

18

С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры

мың тг

22284,6

58121,2

35836,6

260,81

19

1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы

мың тг

379,8

395,74

15,94

104,20

20

1 жұмысшының орта айлық еңбек ақысы

мың тг

289,41

328,37

38,96

113,46

21

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг

547824

591867

44043

108,04

22

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың тг

57173,01

58807,22

1634,21

102,86

23

Қор қайтарымдылығы

тг

0,94

1,19

0,25

126,74

24

Қор сиымдылығы

тг

1,06

0,84

-0,22

78,90

25

Қормен қарулану

мың тг

7114,6

3343,88

-3770,72

47,00

26

Амортизация сомасы

мың тг

105834

91431

-14403

86,39

Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген

Бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2004 жылы 515581,26 мың теңге, ал 2005 жылы 705977,42 мың теңгені құрады. Яғни, 190396,16 мың теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы нарыққа жаңа балмұздак түрлерін шығарған, сонымен қатар өнім сапасы жақсарып, сату көлемі көбеюі болуы мүмкін. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.


Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 368255,18 мың теңге, ал

2005 жылы 460282,83 мың теңгеге дейін өскенін көреміз. Бұл шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.

Жалпы табыс 2004 жылы 147326,08 мың теңге, ал 2005 жылы 245694,59 мың теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты.

Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37700,83 мың теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.

Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен түскен түсім де артты, яғни 136169,34 мың теңгеге.

Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы теріс мәнде болса, 2005 жылы 63345,67 мың теңгеге артып, 39671,77 мың теңге болды. Яғни кәсіпорын жағдайы жақсарды.

Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін шығын есепті жылы базисті жылмен салыстырғанда 23 тиынға кеміген, мұның өзі кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылы 547824,0 мың теңге болса, 2005 жылы 291867,0 мың теңгені құрады. Бұдан «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының есебінен қор қайтарымдылығы да 0,25-ке артты. Бұл құбылыс тағы амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан бұл көрсеткіш 14403,0 мың теңгеге азайып тұр.

Кәсіпорын жұмысының жақсарғанын өнім рентабельділігі, сату және өндіріс рентабельділігінің өсуінен байқауға болады. Жұмыскерлердің еңбек ақы қорының 31 пайызға өсуіне олардың санының 25 пайызға өсуі себеп болған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны өскенімен қормен қарулану төмендеп кеткен оған да себеп жұмыскерлер санының өсуі. Ал амортизация сомасы есепті жылы 13,61 пайызға төмендеді.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

3-кесте. «ФудМастер» ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері






Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

ауыт-қуы

1

Рентабельділік көсерткіштері

1.1

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті

-

0,08

0,13

1.2

Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті

1,18

0,99

-0,19

1.3

Қордың рентабельділік коэффициенті

1,52

2,6

1,08

1.4

Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті

0,98

1,58

0,6

1.5

Өндірістің рентабельділігі

-

0,12

0,18

2

Қаржы тұрақтылық коэффициенттері

2.1

Тәуелсіздік коэффициенті

-0,04

0,12

0,16

2.2

Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті

-14,05

2,1

16,15

2.3

Тәуелділік коэффициенті

0,56

0,26

-0,3

2.4

Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті

0,02

0,3

0,28

3

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері

3.1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

1,09

2,16

1,07

3.2

Негізгі құралдардың айналымдылығы

1,1

2,62

1,52

3.3

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

-27,72

17,36

45,08

3.4

Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті

1,16

1,54

0,38

4

Өтімділік көрсеткіштері

4.1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,37

0,83

0,46

4.2

Жедел өтімділік коэффициенті

0,26

0,3

0,04

4.3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,36

0,48

0,12

4.4

Меншікті өтімділік коэффициенті

0,02

0,41

0,39

Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ─ бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.

Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады. 2004 жылы бұл көрсеткіш -0,04-ке тең болса, 2005 жылы 0,16-ға өсіп 0,12 құрады. Осыдан меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесі аз мөлшерде, дегенмен өсу тенденциясы бар. Тәуелділік коэффициенті 2004 жылы 0,56 болса, 2005 жылы 0,3-ке кеміп, 0,26 құрады. 2004 жылы кәсіпорын қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы үлесі жоғары деңгейде болғандығын байқадым, ал 2005 жылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігі 30 пайызға азайған. Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті 16,15-ке көбейген, яғни кәсіпорын активтерін қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру өскен.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қарыздарының 2004 жылы 37 пайызы, 2005 жылы 83 пайызы баланс жасалатын уақытта өтелген. Бұл мәлімет арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жақсарған, ол жалпы кәсіпорын жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Жедел өтімділік көрсеткіші арқылы ағымдық міндеттемелердің 2004 жылы 26 пайызы, 2005 жылы 30 пайызы тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет есебінен өтелген. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған деп айтсақ болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Аталған көрсеткіш 0,36-дан 0,48-ге жоғарылаған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті капиталды сипаттайтын көрсеткіш айтарлықтай өскен, 39 пайызға. Жалпы зерттеліп отырған кезеңде компанияның төлем қабілеттілігі жоғарылаған.

Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті 0,19-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі жалпы активтердің табыстылық деңгейіне әсер етеді. Сондықтан жалпы активтердің табыстылық деңгейі жоғарылады деп есептеуге болады. Қордың рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, өнім рентабельділігі солғұрлым жоғары болады. Қарастырып отырған кезеңде 2004 жылғы 1,52-ден 2005 жылы 2,6-ға дейін жоғарылады. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторларды атап өтсем: өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі; қор сыйымдылығының көбеюі; материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы. Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіштердің бірі негізгі қызметтен алынатын табыс. Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. 2004 жылы көрсеткіш 0,98 болса, 2005 жылы 1,58-ге дейін өсті. Барлық табыстылық көрсеткіштерінің ішінде сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 0,19-ға кеміген. Оның кемуіне мына факторлардың өзгерісі әсер етеді: өнімнің өзіндік құнының өсуі және сату бағасының кемуі.Сонымен табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын үшін көрсеткіш 2004 жылы 1,09 құраса 2005 жылы 2,16 болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өсті. Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Көрсеткіш 2004 жылы 1,1 болса, 2005 жылы 1,52-ге жоғарылап, 2,62-ні құрады. Оған негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы әсер етті. Келесі қарастыратын көрсеткіш- меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Біздің кәсіпорында 2004 жылы көрсеткіш 0,02 болса, 2005 жылы 0,3 болды. Яғни көрсеткіштің айтарлықтай артқанын көріп отырмыз, өсім – 0,28. Егер меншікті капитал 2004 жылы 0,02 рет айналса, 2005 жылы 0,3 рет айналған. Бұл кәсіпорынның меншік иелерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.

Жалпы кәсіпорынның жағдайын зерттеліп отырған кезең, яғни 2004 жыл мен 2005 жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып, жақсару үстінде деп айтуға болады. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынына көзіміз жетіп отыр.


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау