10
1
Жел генераторлары анықтама
1.1
Жел генераторлары анықтама
Жел генераторлары жел ағынын электр немесе механикалық энергияға
айналдыруға арналған құрылғы. Энергетиктердің бағалауы бойынша,
Казақстандағы жел энергиясының экономикалық әлеуеті жылына шамамен 36
млн кВтсағ құрайды, бұл электр энергиясының жиынтық өндірісінің шамамен
1,5% - ына сәйкес келеді. Қазақстанда 2019 жылдың соңына қарай Қайта
өңделетін энергия көздерінің (ҚӨЭК) белгіленген қуаты 1050,1 МВт құрады.
Оның ішінде 51,6%, немесе 541,7 МВт күн электр станцияларына (СЭС), 27%,
немесе 283,8 МВт, — жел электр станцияларына (ЖЭС), 21,2%, немесе 222,2
МВт, — шағын ГЭС, және 0,2%, немесе 2,4 МВт, — биоэлектр станцияларына
келеді. Желқондырғылары желімен бірге де, автономды режимде де жұмыс
істей алады. Олар орталықтандырылған энергиямен жабдықтауға болады
("ұялы" станциялар, фермалар, метеостанциялар, аңшылық шаруашылығы
және т.б.) немесе алыстатылған жеке үйлер мен объектілерді электрмен
жабдықтауға арналған.
Сурет 1.1 – Жел генераторының жұмыс істеу тәртібі
11
1.2
Қуат көрсеткіші бойынша жел генераторларының түрлері
- Кіші жел қуатын өндіретін генераторлар (тәулігіне 100 кВтсағ дейін)
Шағын тұтынушылары (үй шаруашылықтарын, саяжайларды, ұсақ
шаруашылық объектілерін) автономды электірмен жабдықтауға арналған
Дара қуаты 10-20 кВт дейінгі жеке жел қондырғылары. Жел генераторларында
қуат беру үшін жел жылдамдығының орташа диапазоны 5-7 м/с шегінде
болады.
- Орташа жел қуатын өндіретін генераторлар (тәулігіне 3000 кВтсағ
дейін)Өндіретін қуаты 20-дан 500 кВт-қа дейін. Электр энергиясының орташа
және шағын тұтынушылары(қонақ үйлер, шағын өндірістер, әскери базалар,
турбазалар) үшін арналған.
-Қуаты 500 кВт жоғары жел генераторлары. Қуаты 100 МВт дейінгі ірі
энергетикалық объектілер және тәулігіне 700 МВт дейінгі электр энергиясын
орташа өндіретін ірі энергетикалық объектілер.
Сурет 1.2 – Алматы қаласының 12 айдағы желдің жылдамдығы
Қазақстанның бірнеше облыстағы 15 аймақты зерттелген болатын, бұл
жел энергетикасында үлкен әлеует бар екенін көрсетті. Орташа есеппен
республика бойынша жел климатына байланысты жел электр станцияларын
желдің жылдамдығы секундына 5 метрден асатын жерлерде қою орынды.
Сонымен қатар, ел аумағының 80-90% - ға желдің жылдамдығы секундына 6
метрден асады. Жел жыл бойы және тәулік бойы: оңтүстік аймақта – Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында; батыста-Атырау және
12
Маңғыстау желдеріне бай; солтүстік аймақта-Ақмола; орталық - Қарағанды
облысында. Сарапшылардың бағалауы бойынша, елдің Жел энергетикалық
әлеуеті жылына 1820 млрд.кВт сағ электр энергиясына бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |