Дипломдық жобаға (жұмысқа) ТҮсіндірме жазба


Реакция өнімдерін сепарациялау және судың бөлінуі



жүктеу 10,35 Mb.
бет5/78
Дата14.05.2018
өлшемі10,35 Mb.
#12224
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Реакция өнімдерін сепарациялау және судың бөлінуі
Сұйық және газ тәріздес мұнай өнімдерінің сумен қоспасы 20-А-002 конденсатордан шығып, 20-А-003 сепараторға бөлгіш құрылғы арқылы келіп түседі, онда газ және сұйық фазаның бөлінуі, одан бөлек сұйық көмірсутектер мен судың қабатталуы жүреді де сепаратордың тұндырғышында жиналады. Сепаратордың өнімді бөлігінен шығатын сұйық көмірсутектер және құрамында сутегі, күкіртсутек және жеңіл газойл мұнай өнімдері еріген тұндырғыштан шығатын су 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығына беріледі. Сутегімен байытылған газ сепаратордың жоғарғы бөлігінен 20-D-005 айналушы газдың сыйымдылығына жөнелтіледі.

Сұйық көмірсутектер мен қышқыл су 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығына түседі. Сұйық көмірсутектер сыйымдылықтың жоғарғы бөлігіне, ал су сыйымдылықтың төменгі бөлігіне бөлгіш арқылы беріледі. Сыйымдылықта қысымның төмендеуімен судан онда еріген сутегі, күкіртсутек және жеңіл мұнай өнімдері, ал сұйық көмірсутектерден бір рет буландыру сыйымдылығының тұндырғышында жиналатын қосымша су бөлінеді.

Күкіртсутекпен қаныққан шығып кетуші көмірсутекті газ бір рет буландыру сыйымдылығынан 54ºС-тан жоғары емес температурамен шығып, 20-D-008 буландырушы колоннаның ресиверінен шығатын газбен араласып, 20-D-401 шығып кетуші газ сыйымдылығының аминді тазалауына беріледі.
Қайта айналушы газ схемасы
20-D-003 сепараторда сұйықтықтан бөлінген қайта айналушы газ 51-54 кгс/см2 қысыммен және 54ºС-тан жоғары емес температурамен 20-D-008 айналушы газдың сыйымдылығына түседі. Сыйымдылықта жиналған сұйықтық мерзімді түрде 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығына жөнелтіледі.

Қайта айналушы газ 20-D-005 сыйымдылығынан қайта айналушы газдың компрессор 20-С-001 қабылдағышына түседі, онда газ сұйылтылады және ары қарай 20-Е-002А және 20-Е-002C жылуалмастырғыштардың алдында шикізатпен араластыруға беріледі, сонымен қатар үрлеуге немесе №2 реакторға кіре берістегі температураны реттеуге жұмсалады.

Тығыздағыш жүйесі компрессор корпусы арқылы вал өтетін жерде компрессордан шығатын технологиялық газдың ағуын болдыртпайды. Компрессордан шығатын газ 20-Z-502 А/В сүзгішінде, ал азот 20-Z-503 А/В сүзгішінде тазалаудан өтеді.
Буландырушы колоннаның блогы
Сұйық көмірсутектерді қыздыру және бөлу
20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығынан шығатын сұйық көмірсутектер (реакция өнімдері) келесідей жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігі арқылы өтіп қыздырылады:


  • буландырушы колоннаның суық шикізаты 20-Е-005 А/В;

  • буландырушы колоннаның шикізаты және айналушы керосин 20-Е-011 А/В/С;

  • буландырушы колоннаның шикізат және тауарлы керосин 20-Е-004 А/В;

  • буландырушы колоннаның ыстық шикізаты және реакция өнімдері 20-Е-012 А/В.

285-295ºС-қа дейін қыздырылған сұйық көмірсутектер еріген газдардың аластатылуы және мұнай өнімдері ағымының жеңіл және ауыр фракцияларға бөлінуі жүретін 20-V-001 буландырушы колоннаның 18 табақшасына түседі.

Мұнай өнімдерінің жеңіл фракциялары мен күкіртсутектің жақсы бөлінуі үшін буландырушы колоннаның бірінші табақшасының астына орта қысымды бу беріледі.

Зауыт жүйесінен шығатын орта қысымды бу 20-D-014 сыйымдылығынан өтіп, 20-V-001 буландырушы колоннаға беріледі. 20-D-014 сыйымдылығында конденсат тамшысының будан бөлінуі жүреді.

Мұнай өнімдерінің ауыр фракциялары буландырушы колоннаның табақшалары бойымен төмен қарай ағып, кубта жиналады және одан шығып ары қарай 20-F-002 өнімдерді фракциялау колоннасының шикізат пешіне екі ағынға бөлінеді.


Буландырушы колоннаның жоғарғысында булардың конденсациялануы
Газ, су буы және мұнай өнімдерінің жеңіл фракциялары 20-V-001 буландырушы колоннаның табақшалары бойымен жоғары көтеріліп, жоғарғы бөлігінен 123-154ºС температурамен шығып, 20-А-004 буландырушы колоннаның конденсаторына келіп түседі.

Конденсаторда 20-А-004 екі желдеткіштің желдетуімен атмосфералық ауамен су буы мен көмірсутектердің жеңіл фракцияларының 30-38ºС температурасына дейін салқындатылуы жүреді.

Су буы мен көмірсутектердің жеңіл фракцияларының нақты салқындатылуы мен конденсациялануы 20-Е-006 буландырушы колоннаның соңғы конденсаторында жүреді. Конденсацияланған бу мен газ ары қарай 20-D-008 буландырушы колоннаның ресиверіне түседі.

Ресиверде сұйық және газ фазасының бөлінуі, яғни сұйық фазаның сұйық көмірсутектер мен суға қабаттануы жүреді. Су ресивер тұндырғышында жиналып, ары қарай бір рет буландыру сыйымдылығынан шығатын қышқыл сумен араласып, ағынды суларды тазалау жүйесіне шығарылады.

20-D-008 ресиверінен шығатын құрамында күкіртсутегі бар конденсацияланбаған газ 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығынан шығушы газбен араласып, 20-D-401 шығып кетуші газдың сыйымдылығында аминді тазалауына беріледі.

Буландырушы колоннаның ресиверінің өнімді бөлігінен шығатын сұйық көмірсутектер (тұрақсыз нафта) 275-285ºС температурамен 20-Р-004 А/В буландырушы колоннаның жоғарғы сораптарының қабылдағышына түседі. Ары қарай сораптардан шығатын сұйық көмірсутектер келесілерге беріледі:



  • флегма есебінде буландырушы колоннаның жоғарғы бөлігіне;

  • бір рет буландыру сыйымдылығынан шығатын сұйық көмірсутектермен араластыруға және 20-Е-005 А/В (құбыр аралық кеңістік) реакция өнімдері мен буландырушы колоннаның суық шикізатының жылуалмастырғыштарына.


Коррозия ингибиторын бүрку
Буландырушы колоннаның жоғарғысынан булар шығатын құбырлар мен құрал-жабдықтардың коррозиясын төмендету мақсатында коррозия ингибиторын бүрку жүргізіледі.

Сыйымдылықтан коррозия ингибиторын беру 20-Р-014 А/В сорабымен жүргізіледі. Буландырушы колоннаның жоғарғы буларының құбырына түсер алдында коррозия ингибиторы 20-Р-004 А/В сораптарынан келген сұйық көмірсутектермен араласады.


Өнімдерді фракциялау колоннасының блогы
Өнімдерді фракциялау колоннасының шикізатын қыздыру
Буландырушы колоннадан 276-282ºС температурамен көмірсутектердің ауыр фракциялары пештің 20-F-002 иректеріне екі ағын бойынша түседі, иректер конвективті аймақтан өтеді, содан кейін иректер пештің жандырғыларында отынды газды жағу кезінде бөлінетін жылудың есебінен радиантты аймағында қызады.

Пешке 20-F-002 берілетін отынды газ екі ағынға бөлінеді:



  • пештің пилотты жандырғыларына отынды газ;

  • пештің негізгі жандырғыларына отынды газ.

Өнімдерді фракциялау колоннасының пешінде барлығы 4 пилотты және негізгі жандырғылар орнатылған. Жандырғыларда отынды газдың жануы табиғи тарту күші есебінен болады. Пеш газы атмосфераға түтін мұржасы арқылы лақтырылады.
Өнімдерді фракциялау
20-F-002 пешінде қыздырылған көмірсутектердің ауыр фракциялары (колонна шикізаты) өнімдерді фракциялау 20-V-002 колоннасының 10 табақшасына түседі, онда 40 табақшаларда мұнай өнімдерінің бөлінуі жүреді. Колоннаның төменгі бөлігінен (кубтың) дизель фракциясы, ортаңғы бөлігінен (“саңылаусыз” табақшасынан) – керосин фракциясы және колоннаның жоғарысынан – бензин булары мен жеңіл көмірсутектер шығады.

Жеңіл фракциялардың жақсы бөлінуі үшін фракциялау колоннасының кубтық бөлігіне орта қысымды бу беріледі.

Фракциялау процесінің жүруі үшін флегма есебінде қолданылатындар:


  • колоннаның 31 табақшасына берілетін 20-А-007 тоңазытқышынан кейін айналушы керосин;

  • колоннаның 40 табақшасына берілетін 20-Р-009 А/В фракциялау колоннасының жоғарғы өнімдерінің сораптарынан шығатын бензин.

Фракциялау колоннасының температуралық режимдері:

  • фракциялау колоннасының жоғарысынан шығатын булардың шығардағы 130-140ºС;

  • фракциялау колоннасының “саңылаусыз” табақшасының астында 195-1990С;

  • фракциялау колоннасының “саңылаусыз” табақшасынан керосиннің шығардағы 195-200ºС;

  • фракциялау колоннасының 10 табақшасына шикізатты беруде 210-2150С;

  • фракциялау колоннасының кубынан шығатын дизель фракциясының шығысында 247-252ºС.


Тауарлы дизель отынын алу
20-V-002 фракциялау колоннасының кубында жиналатын дизель фракциясы 20-Р-006 А/В тауарлы дизель отыны сораптарына беріледі.

20-Р-006 А/В сорабынан шығатын дизель отыны 20-Е-001А/В/С тауарлы дизель отыны мен шикізат жылуалмастырғыштарының құбыр аралық кеңістігіне және 20-А-001 тауарлы дизель отынының тоңазытқышына салқындату үшін беріледі.

Салқындатылған дизель отыны судан бөліну үшін 20-Z-003 тауарлы дизель отынының коалесцеріне түседі. Коалесцердің тұндырғышында жиналатын су канализацияға шығарылады.

20-Z-003 коалесцерден шығатын тауарлы дизель отыны резервуар паркіне шығарылады.


Сіңірілуші газ компрессорларының блогы
Дизель отынын гидротазалау процесінде реакторлар бойынша айналушы сутектің бөлігі әртүрлі реакцияларға түсіп, бір рет буландыру сыйымдылығынан шығатын көмірсутекті газдармен шығарылады, сонымен қатар отынды коллекторға аминді тазалау арқылы шығарылады. Реакторлар блогында сутектің тұрақты концентрациясы мен айналуын ұстап тұру үшін сутегін алу мен тазалау қондырғысынан жаңа сутекпен тұрақты сіңдіру жүргізіледі.

Сіңдіру екі сатылы 20-С-002А/В поршенді компрессормен жүргізіледі. Компрессорлардың біреуі жұмысшы, екіншісі резервті болуы мүмкін.

Компрессордың 1-ші және 2-ші сатысының қабылдағышында компрессордың қабылдағышына түсетін газды механикалық қоспадан тазалау үшін 20-Z-512 А/В және 20-Z-513 А/В сүзгіштері орнатылған.

Сутегін алу мен тазалау қондырғысынан шығатын сутек 14-17 кгс/см2 қысыммен 20-D-006 сыйымдылығынан өтіп, 20-С-002А/В компрессордың 1-ші сатысының қабылдағышына түседі.

Компрессордың 1-ші сатысында газ сұйылтылады да 20-А-003 1-ші сатының шығысындағы тоңазытқышынан өтеді, онда екі желдеткіш арқылы атмосфералық ауамен салқындатылады, 40ºС-тан жоғары емес температурамен және 31 кгс/см2 төмен емес қысыммен 20-D-007 2-ші сатының сіңірілуші газ компрессорының сыйымдылығына түседі.

Ары қарай газ компрессорының 2-ші сатысында сұйылтылады және айналушы жүйенің сіңірілуіне 20-С-001 айналушы газ компрессорына түседі.


Шығып кетуші газдың аминді тазалау абсорберінің блогы
Аминді абсорбер блогында шығып кетуші газдың күкіртті қосылыстан тазаруы жүреді:

  • дизель отынын гидротазалау қондырғысынан;

  • 20-D-004 бір рет буландыру сыйымдылығынан және 20-D-008 буландырушы колоннаның ресиверінен.

Шығып кетуші күкіртті газ 20-D-4014 сыйымдылығынан өтіп, күкірт алу қондырғысынан шығатын жаңа (қанықпаған) аминмен тазалауға аминді абсорбердің 1-ші табақшасының астына түседі.

20-D-401 тұндырғышында жиналатын мұнай өнімі жабық дренажды жүйеге шығарылады.

Аминді тазалау абсорберінен шығатын күкірттен тазаланған шығып кетуші газ 20-D-402 тазаланған газдың сыйымдылығынан өтіп, отынды газ коллекторына беріледі. 20-D-402 сыйымдылығында жиналатын амин күкірт алу қондырғысына беріледі.

Құрал-жабдықтар мен құбырлардан шығатын аминді төгу үшін 20-ТК-401 амин құрамасы қарастырылған. Құрамадан шығатын аминді 20-V-401 абсорбер кубынан шығатын қаныққан амин құбырына айдау 20-Р-403 жүктемелі сорабымен жүзеге асырылады.



Сұйылтылған мұнай газының скруббер блогы
Гидротазалау қондырғысынан шығатын сұйылтылған мұнай газы (СМГ) 20-V-402 СМГ скрубберінің төменгі бөлігіне түседі, онда күкірт қосылысынан тазалануы жүреді. Тазалау күкірт алу қондырғысынан келетін қанықпаған (жаңа) аминмен жүргізіледі.

Қаныққан амин скруббердің кубтық бөлігінде жиналып, одан 20-V-401 шығып кетуші газдың аминді абсорбердің төменгі бөлігіне шығарылады.

Скрубберден шығатын СМГ 20-Z-402 алдын ала сүзгіште, одан кейін 20-Z-401 коалесцирлеуші сүзгіште тазалаудан өтіп, зауыт жүйесіне беріледі.

Коалесцирлеуші сүзгіштің алдында СМГ құбырына 20-Р-402 сорап –дозалаушыдан таза конденсаттың және 20-Р-401А/В сорабымен 20-Z-401 сүзгішінің тұндырғышында айналушы қышқыл судың бүркілуі жүргізіледі. Тұндырғыштан шығатын қышқыл судың артығы скрубберден шығатын қаныққан аминімен араласып, аминді абсорбердің төменгі бөлігіне беріледі.


Факел жүйесі
Қондырғының құрал-жабдықтары, құбырлары мен сақтандырғыш клапандарынан көмірсутекті газдардың шығарылымдары факел коллекторына бағытталады. Газ 20-D-95 сыйымдылығынан өтеді де ары қарай жағу үшін факел жүйесіне тасталады. Сыйымдылықтан шығатын газдан бөлінген конденсат 20-Р-951А/В сорабымен зауыт жүйесіне шығарылады.

Сыйымдылық иректермен жабдықталған, онда орта қысымды бу беріледі де булы конденсат шығарылады.

Факел жүйесінде жарылу қауіпі бар қоспалардың түзілмесі үшін факел коллекторының қуыс бөліктеріне үнемі отын газы беріледі.

20-С-002А/В сіңірілуші газ компрессорларынан факелді шығарылымдар коллекторында сұйықтықтың тамшыларын ұстау үшін тамшы ұстағыш орнатылған.


Катализаторды бастапқы қалпына келтіру схемасы
Реакторларда катализатор активтілігін жоғалту кезінде оның регенерациясы жүргізіледі. Регенерация үшін азот, ауа және сілті ерітіндісі қолданылады.

Зауыт жүйесінен шығатын азот немесе ауа 20-С-003 бустерлік компрессордың қабылдағышына түседі, салқындатушы сумен тоңазытқышта сұйылтылады, салқындатылады да ары қарай 20-С-002А/В компрессордың 1-ші сатысының 20-D-006 сыйымдылығына беріледі.

Ары қарай азот пен ауа 20-С-002А/В сіңірілуші газ компрессорымен реакторлар блогының регенерацияның айналушы газ жүйесіне сіңірілу үшін беріледі. Регенерацияда газдың айналуы схема бойынша 20-С-001 компрессорымен жүзеге асырылады:

20-С-001  20-Е-002А/В/С/Д (м/тр)  20-Е-003А/В (м/тр)  20-F-001  20-R-001  20-R-002  20-E-003А/В (тр.)  20-Е-004В/А (тр.)  20-Е-002В/Д/А/С (тр.)  20-Е-005В/А (тр.)  20-А-002  20-D-003  20-D-005  20-С-001

Регенерация газдары атмосфераға жиі шығарылады. Катализаторды регенерациялауды жүргізу процесінде 20-А-002 реакция өнімдерінің конденсаторының алдында регенерация газына сілті ерітіндісін бүрку жүргізіледі.

Алдын ала гидротазалау қондырғысынан шығатын сілті ерітіндісі 20-D-003 сепараторын толтыру үшін беріледі. Сепаратор арқылы сілтінің айналуы 11-Р-201 сорабымен жүзеге асырылады. 20-D-005 айналушы газдың сыйымдылығынан шығатын регенерациялы суды сілтінің айналу жүйесіне кері айдау 11-Р-202 сорабымен жүзеге асырылады.


Құрал-жабдықтарды бейтараптандыру
Құрал-жабдықтарды ашумен байланысты жөндеу кезінде оларды коррозиядан қорғау үшін құрал-жабдықтың ішкі бетін сода ерітіндісімен бейтараптандыруды жүргізеді.

Бейтараптандыру үшін сода ерітіндісі 20-Z-301 қабылдағышында дайындалады, ол үшін қабылдағышқа булы конденсат беріледі. Ерітіндіні қабылдағыш арқылы айналуға жұмыс істейтін 20-Р-301 сорабымен араластырады. Содан кейін осы 20-Р-301 сорабымен кальцийленген сода ерітіндісін алдын ала дайындалған құрал-жабдықты толтыру мен бейтараптандыру үшін береді. Пайдаланылған ерітінді қайтадан қабылдағышқа төгіліп, бейтараптандырылады да одан 20-Р-301 сорабымен ағынды суларды тазалау қондырғысына шығарылады.


Сульфидтерді бүрку жүйесі
Катализаторды ауыстырғаннан кейін немесе регенерациялағаннан кейін оны сульфидтеу диметилсульфидпен жүзеге асырылады [17].

5 Процестің материалдық тепе-теңдігі
Зауыт жылына 335 күн жұмыс істейді.
5.1 кесте – Қондырғының материалдық тепе-теңдігі [17].


Атауы

Шығымы, % масс.

Мөлшері

кг/сағ

т/тәу

т/жыл

Кіріс:













1  230-350ºС фракциясының шикізаты

100,0

279850

6716,4

2250000

2 Сутекқұрамды газ

0,4

1120,8

26,9

9000

Барлығы:

100,4

280970,8

6743,3

2259000

Алынғаны:













1 Гидротазаланған дизель отыны

95,3

266695,8

6400,7

2144250

2 Бензин-қума

1,9

5316,7

127,6

42750

3 Күкіртсутек

0,4

1120,8

26,9

9000

4 Газ

1,6

4479,2

107,5

36000

5 Жоғалым

1,2

3358,3

80,6

27000

Барлығы:

100,4

280970,8

6743,3

2259000


6 Технологиялық есептеулер

Дизель отынын гидротазалау қондырғысы


Бастапқы мәліметтер

  1. Қондырғының өнімділігі шикізат бойынша G=2250000 т/жыл.

  2. Шикізаттың сипаттамасы: фракциялық құрамы 230-350; тығыздығы ρ0=0,840 кг/м3; күкірт құрамы S0=0,373% (масс.), соның ішінде Sм=0,018% (масс.), сульфидті Sс=0,187% (масс.), дисульфидті Sд=0,037% (масс.) және тиофенді S0=0,131% (масс.); қанықпаған көмірсутектердің мөлшері шикізат мөлшеріне 10% (масс.).

  3. Тазартылған дизель отынындағы күкірттің қалдық мөлшері Sк=0,005% (масс.), олай болса, гидрокүкіртсіздену дәрежесі және тереңдігі 98,6% болуы қажет.

  4. Гидротазалау алюмокобальтмолибденді катализаторда P=4 МПа қысымда жүргізіледі, сутекті газдың айналу жиілігі шикізатқа есептегенде א=400 нм33.

  5. Процестің кинематикалық константасы: к0=4,62*106, Е=67040 кДж/моль, n=2.


Гидротазаланған дизель отынының шығымы
Бастапқы шикізатқа есептегендегі гидротазаланған отынның шығымы %(масс.) шамасында келесідей құрайды:

Вдо=100-Вбг-∆S, (6.1)

мұндағы Вб, Вг, ∆S – сәйкесінше шикізатқа есептегендегі бензин, газ шығымдары және шикізаттан аластатылған күкірт мөлшері, % (масс.).

Бензин және газ күкіртті қосылыстарды гидрогенолиздеу кезінде көбірек түзіледі. 209 орташа молекулалық массада 100 кг шикізатта 100:209=0,48 кмоль, 2 кг күкіртте 2:32=0,06 кмоль күкірт болады, демек күкіртті молекулалар молекулалардың жалпы саны ішінде 13%-ды құрайды. Егер күкірт атомының көмірсутекті тізбек бойынша бірқалыпты таралғандығын алып қарастыратын болсақ, онда күкірт органикалық қосылыстарды гидрогенолиздеу кезінде күкірт атомының үзілуімен бензин және газ шығымы келесідей болады:

Вб=1,9% (масс.); (6.2)

Вг=1,6% (масс.) (6.3)

Олай болса, дизель отынының шығымы келесіге тең

Вдо=100-1,9-1,6-1,2=95,3% (масс.)

Алынған шама есептеулердің одан кейінгі бөлімдерінде күкіртті қосылыстарды гидрогенолиздеу және қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу кезінде дизель отыны құрамына енген сутегінің мөлшерін анықтаған соң дәлірек нақтыланады. Газ, бензин және дизель отынының алынған шығым мәндері қондырғының реакторы және қондырғының материалдық тепе-теңдігін құрастыру кезінде пайдаланылады.
Гидротазалауға жұмсалатын сутегінің шығыны
Сутегі гидротазалау процесінде келесілер үшін жұмсалады:


  1. Күкірт органикалық қосылыстарды гидрогенолиздеу кезінде;

  2. Қанықпаған көмірсутектерді гидрлеуде;

  3. Аластатылатын ағындармен сутегінің жоғалуында (үрлеумен және сұйық гидрогенизатпен).

Күкірт органикалық қосылыстарды гидрогенолиздеу кезіндегі сутегінің шығыны келесі формула бойынша табылады:

G1=m*∆S; (6.4)

мұндағы G1 – 100% сутегінің шығыны, % (масс.) шикізатқа есептегенде;

∆S – гидротазалау кезінде аластатылатын күкірттің мөлшері, %

(масс.);

m – күкіртті қосылыстардың сипатына байланысты болатын

коэффициент.

Мұнайлы шикізатта әртүрлі күкіртті қосылыстар болатындықтан, олардың әрбіріне жұмсалатын сутегінің шығынын анықтау қажет және алынған нәтижелерді қоса отырып жалпы мөлшерді анықтауға болады.

Бос күкірттер үшін m мәні 0,0625 тең, ал меркаптандар үшін – 0,062, циклді және алифаттық сульфидтер үшін – 0,125, дисульфидтер үшін – 0,0938, тиофендер үшін – 0,250 және бензтиофендер үшін – 0,187.

Гидротазалауда ең жоғары тұрақтылыққа ие болып тиофендер саналады. Сондықтан есептеулер кезінде барлық күкірт қалдық (0,05% (масс.) шикізатқа есептегенде) гидрогенизатта тиофендер күйінде болады деп айтуға болады, ал қалған күкірт органикалық қосылыстардың барлығы ыдырауға ұшырайды.

Мұнда біз келесіге ие боламыз:

G=0,018*0,062+0,187*0,125+0,037*0,0938+(0,131-0,037)*0,25=0,0514.

Қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу үшін жұмсалатын сутегінің шығыны келесіге тең:

G2=2∆Cқ/М, (6.5)

мұндағы G2 – 100%-дық сутегінің шығыны, % (масс.) шикізатқа

есептегенде;

∆Cқ – шикізаттағы және гидрогенизаттағы шикізатқа есептегендегі қанықпаған көмірсутектер мөлшерлері арасындағы айырма, % (масс.), моноолефиндерге саналады.

М – шикізаттың орташа молекулалық массасы.



Шикізаттың орташа молекулалық массасы келесі эмпирикалық формула арқылы табылады:

(6.6)

мұндағы - дизель отынының тығыздығы.

жүктеу 10,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау