42
жүйесін пайдалану кезінде айтарлықтай артықшылықтар береді. Бұл
басқарудың нақты сигналдарын ғана емес, нақты уақыт режимінде
қозғалтқыштың жылдамдығы, қуаты, тоқ, кернеу, жүйедегі ақаулық, артық
жүктемеге жылу қабілеті, жүйедегі түрлі датчиктердің шығуы және жұмыстың
сағат саны сияқты деректерді бақылауға мүмкіндік береді. Оператоларға
жұмысты
мұқият
бақылап,
ақауларды
іздеп,
бағдарламалық
қамсыздандырудың осы деректерін апатсыз және сапалы техникалық қызмет
көрсету үшін қолдануға мүмкіндік береді [7].
1.8 Электр жетекті сорғы агрегаттарының жүйелерін зерттеу
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар ҚР жағдайында мұнай айдайтын
станцияларда ЖРЖ тиімді қолдану үшін бірқатар қолданбалы зерттеулерді
және ізденістерді орындауға мұрныдық болуда. ЖРЖ жасауға қойылатын
талаптар мен негізгі аспектілер төменде талданады.
1.8.1 ЖРЖ құрылымдық схемасының талаптары.
Сорғы
агрегатының
жетекті
қозғалтқышы
ретінде
мұнай
тасымалдағанда әдетте қуатты жоғары вольтті қозғалтқыштар (6 және 10 кВ)
қолданылады, олардың айналым жиілігі 3000 айн/мин, 4АЗМП және 5АЗМВ
типті жарылыстан қорғайтындай етіп жасалады, ОАО "ЭЛСИБ" өндірілген
(Новосибирск қ., Ресей). Жиілікті түрлендіргіштің сериялы қозғалтқыштармен
Электр магнитті үйлестігі ПЧ қойылатын алғашқы шарт болып табылады.
1.6 сурет ‒ Жиілікті түрлендіргіштің функционалды схемасы
1.6 суретте берілген схемаға сәйкес, шығыс үйлестікті трансформатор,
төмен вольтті (660 В) түрлендіргіш пен жоғары вольтті(6 и 10 кВ)
қозғалтқыштың үйлестігін
қамтамасыз
етумен
қатар,
соңғысының
индуктивтілігіне қатысты коммутациялық артық кернеуді азайтатын, кернеуді
бөлгіш болып табылады.
Кіріс төмендететін трансформатор желі мен ПЧ арасындағы кернеуді
үйлестіру үшін де, апатты жағдайда тоқты шектеу үшін де керек және жерге
қатысты артық кернеуді шектеу жағдайы бойынша желімен потенциалды
бөлінуін қамтамасыз етеді.
ЖРЖ Екі трансформаторлы құрылымлық схемасын қоллданудың
артықшылығы айқын, яғни ТР – ПЧ – ТР жүйесі, ол шет елдік әдебиетте "Step-
Up" аталады (1.6 сурет).
43
АИТ-АД жүйесіндегі электр магнитті процестерді талдаудің нақты
әдісін жасаумен байланысты теориялық міндеттерді шешу және жақсартылған
техникалық
Экономикалық көрсеткіштері бар сорғы станцияларна арналған
реттелетін электр жетекті жасауға мүмкіндік беретін күштік элементтерді
есептеу бойынща кеңестерді шешу осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Техникалық
Экономикалық
көрсеткіштер
деп
мақсатының
көрсеткіштері,
технологиялығы, массогабаритігі, сенімділік көрсеткіштері, қызмет көрсетудің
қарапайымдылығы, энергетикалық, бағалық көрсеткіштерінің жиынтығын
айтады.
Қойылған мақсатқа жету үшін үш бағыттағы зерттеу қажет болды:
күштік элемент базасын дамытудың қазіргі деңгейін ескере отырып ПЧ құру
үшін АИТ ұтымды схемаларын анықтау, электр жетекті жүйедегі тоқтың
автономды инверторының электромагнитті процестерін талдау және күштік
схема элементтерінің параметрлерін есептеу бойынша кеңестерді жасау.
Ауыспалы тоқтың келешегі бар электр жетектері үшін АИТ бар ПЧ
жетілдіру жолдарын анықтау.
Екінші бағыттағы міндеттерді қою түсіндіруді қажет етеді. Электр
жетектер үшін АИТ бар ПЧ ұтымды схемасын анықтағаннна кейін және
элемент базасын дамытудың нақты деңгейінде техникалық экономикалық
көрсеткіштерді жақсартудың жалғыз ғана тиімді құралы электромагнитті
процестерді талдаудың нақтыланған әдістерін жасау және солардың
негізіндегі күштік элементтердің ұтымды параметрлерін есептеу болып
табылады.
1.8.2 Жиілікті түрлендіргіштің күштік схемасына қойылатын талаптар.
Магистралді сорғылардың қуатты жоғары вольтті қозғалтқыштардың
жиілікті түрлендіргіштерін тоқтың автономды инверторы негізінде жасаған
дұрыс. Тоқ идеологиясы басқарудың арнайы алгоритмдерімен үйлестікте
түрлендіргіштердің синусоиды шығыс кернеуін, яғни, қозғальқышпен
электромагнитті жоғары деңгейлі үйлестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. АИТ негізіндегі жиілікті түрлендіргіштерді шет елдік жетекші
фирмалар шығарады:
«Siemens», Германия (Simovert-A, Simovert-I сериясы),
«Schorch», Германия, «BM Elektronic», Германия, «Transrech Antriebssysteme
Berlin
», Германия, «Relience Elektric», Германия, «AsiRobicon», Италия - США
(Silcovert H сериясы), «Alstom», Франция (ALSPA CDL8000 сериясы және
ALSPA CDМ8000), «Allen Bradley», АҚШ-Канада (Power Flex сериясы), «Hill
Graham Control» (АҚШ). ТМД өндірушілерінің ішінде «ЭОС» (Харьков,
Украина) және ESTEL PLUS (Таллинн, Эстония) айтуға болады.
Екінші жағынан, кең- импульсті модуляциялы кернеудің автономды
инверторлары базасындағы магистралды сорғы түрлендіргіштеріндегі ЖРЖ
қолдану қозғалтқыштың оқшаулауына теріс әсерін тигізетін (АД) шығыс
кернеуінің торшалы формасының болуын қажет етеді. Бұл жағдайда
түрлендіргіштің фирма-өндірушісі "өзінің" оқшаулануы күшейтілген