11
Кіріспе
Қазіргі уақытта өмірді ұялы телефонсыз елестету қиын жағдай. Олар
біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Үлкен функционалды және
түрлі сенсорлы смартфондар біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.
Смартфонды өндірушілер мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер
бізді арзан, бірақ өте қуатты құрылғылармен қуантып жатыр. Енді
жаңалықтардан хабардар болу үшін дүкенге барып, газет пен журналдарды
сатып алу шарт емес, смартфонға қолыңызды созсаңыз болғаны шексіз
мөлшердегі
ақпаратқа
қол
жеткізе
аласыз.
Смартфондардың
танымалдылығына байланысты, олар үшін бағдарламалық жасақтамаларды
әзірлеу нарықта сұраныстағы бағыттардың біріне айналды. Қазіргі уақытта,
әр түрлі функцияларды орындайтын түрлі көптеген мобильді қосымшалар
бар. Жасаушы адамдардың алдында өз қосымшаларын әзірлеп, дайындау
үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда, гироскоп, компас, акселерометр сияқты
әртүрлі компьютерде жоқ датчиктерге қол жеткізеді. Мобильді құрылғыда
орнатылған бір ғана камераның өзі әзірлеушінің қиялы үшін үлкен кеңістік
ашады. Мобильді қосымша әзірлеу идеясы, бірінші көзқарас бойынша өте
қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ ол біз ойлағандай оңай емес.
Қосымша өзекті әрі пайдаланушының мәселесін шешетін болуы тиіс.
«AUP&ET Guide» қосымшасы Алматы энергетика және байланыс
университетіндегі ең өзекті оқиғаларына қол жеткізуге арналған.
Мобильді платформаларды таңдау өзектілігі.
Статистикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша ең танымал
мобильді платформалар Android, iOS және Windows Phone болып табылады.
Олар мобильді операциялық нарықтың 98,7% алады. Strategy Analytics
талдау компаниясының мәлімдемесі бойынша соңғы үш жылда Windows
Phone ең жылдам өсіп жатқан ұялы операциялық жүйе ретінде танылған.
Нарық үлесі осы платформа үшін бір жыл ішінде 2 есеге өскен.
Windows Phone платформасын таңдау пайдасына тағыда бір дәлел
ретінде – Android және iOS сияқты мобильді қосымшалар нарығы әлі
соншалықты үлкен емес, соның салдарынан еркін сегментті әлдеқайда оңай
табуға болатынын ескеруге болады.
Алматы энергетика және байланыс университеті үшін Windows Phone
8 платформасында QR-кодты сканерлеу және шифрді ашу технологиясын
пайдалана отырып, «AUP&ET Guide» клиент-серверлік мобильді қосымша
құрылды.
Қосымша 3 платформа (Android, iOS және Windows Phone 8)
негізінде, қашықтағы серверді пайдалана отырып жасалды.
Дипломдық жобаның мақсаты:
- университет бөлімшелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді,
университет ғимаратының қала картасы бойынша орналасқан жерін
12
анықтау, факультеттер туралы байланыс ақпараттарымен жылдам
қамтамасыз ету;
- университет ғимаратындағы дәрісханалардың бос және бос емес
екендігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- университет қабырғасында өтіп жатқан іс-шаралардан хабардар ету.
Дипломдық
жобаны
іске
асыру
үшін
келесі
мәселелер
қарастырылады:
- Windows Phone 8 платформасы үшін жалпы стандарттарды
қанағаттандыратын мобильді қосымша интерфейсі құрылады және
архитектурасы жобаланды.
- Университет бөлімшелері және дәрісханалардағы сабақ кестесі
туралы ақпараттар жиналады және сарапталып талдау жасалынады.
- Клиент және сервер арасындағы байланыс жобаланды.
- «AUP&ET Guide» бағдарламалық жасақтамасы жасалынады.
13
1 Теориялық бөлім
1.1 Мобильдік қосымшаны әзірлеу технологиясы
Мобильдік қосымшаны құрудың бірнеше жолдары бар: Web-
қосымша, нативті мобильді қосымша, гибридтік қосымша. Әрқайсысының
артықшылықтары мен кемшіліктері және ерешеліктері бар.
Мобильді Web-қосымша ұялы телефон құрылғысында көруге
бейімделген сайт. Пайдаланушы интерфейсі, интерактивті объектілер
JavaScript, HTML, CSS - сияқты классикалық веб технологияларының
негіздерінде құрылады. Бұл қосымшалар әдеттегі телефонның шолғышында
(браузерінде) ашылады және әрқашан интернет байланысын талап етеді [1].
Артықшылықтары:
̶ Бұл тұрғыда ең маңызды артықшылығы кроссплатформалылығы,
ол дегеніміз қосымша бейімдеусіз-ақ барлық құрылғыларда жұмыс істеу
мүмкіншілігі.
̶ Мобильді қосымша дүкенінен жүктеуді қажет етпейді.
̶ Контентті сату бойынша шектеу жоқ.
̶ Өзгерістер енгізілгеннен кейін дереу жаңартулар жасалынады.
Кемшіліктері:
̶ Қосымша әрқашан интернет байланысын қажет етеді.
̶ Платформаның түріне қарамастан, Web-қосымша смартфонның
жүйелік мүмкіндіктеріне қол жеткізбейді. Датчикті, камераны және
смартфонның басқа да бағдарламалық жасақтамаларын пайдалана алмайды.
̶ Контентті сату жағдайында өзінің төлем жүйесін пайдалануды
қажет етеді.
̶ Web-қосымша интерактивтілік жағынан нативті қосымшаға
айтарлықтай жол береді.
Нативті мобильдік қосымша - нақты платформа үшін әзірленетін
қосымша. Бұндай
қосымшаларға
арнайы
мобильді
қосымшалар
дүкендерінен қол жеткізуге болады.
Артықшылықтары:
̶ Нативті қосымшалар толық түрде құрылғылардың барлық
мүмкіншіліктерін пайдалана алады. Телефон кітапшасына, галерея, камера
мен датчиктердің барлығына толықтай рұқсаттары бар;
̶ Қосымшаның бұндай түрі нақты операциялық жүйелердің
стилистикасына толықтай сәйкес келеді;
̶ Нақты операциялық жүйелердің құрылымына оңтайландырып
жасалынғандықтан, нативті қосымшалар өнімділігі жағынан өте тиімді
болып табылады;
̶ Нативті қосымшалар интернет байланысынсыз-ақ жұмыс жасай
береді;