Лист утверждения Форма
к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖжµ¤Ф деканы
________ Сарбалаев Ж.Т.
«___» ________ 200 ж.
Құрастырушы: Ксембаева С.К.
Психология және педагогика кафедрасы
Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары
және оларды жасауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050103 – педагогика және психология
мамандығы бойынша студенттер үшін
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.
№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“ __”_______ 200__ж. Хаттама №__
ОӘК төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.
Кіріспе
Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
Дипломдық жұмыс университеттегі оқу процессінің қорытынды кезеңі және мамандандыру пәндерімен бірге түлектердің біліктілігін анықтайды.
Дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарын жетістікпен орындаған студенттер жіберіледі.
Дипломдық жұмыстарды студенттер жоғары деңгейдегі ғылыми және педагогикалық білікті оқытушылардың жетекшілігімен кафедрада орындайды.
Түлектердің біліктілік жұмысы – ол материалдарды өз бетімен ғылыми мазмұндау; сонымен қатар, проблеманы теориялық айқындау мен практиканы талдауды бірге жүргізе алуларын көрсету
Түлектердің біліктілік жұмысының мақсаты:
1. Мамандық бойынша.теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту, кеңейту, тереңдету және ол білімдерін ғылыми және практикалық мәселелерді шешу кезінде пайдалана алу.
2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігінен орындау дағдыларын дамыту, практикалық мәселелерді шешу кезінде эксперименттік әдістерді игеру.
3. Студенттерің мекемелерде, ұйымдарда, кеңес беру орындарында жұмыс жасауға дайындығын анықтау.
2. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары өзекті, практика мен ғылымның барлық талаптарын ескеретін болуы керек. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын кафедрада анықтайды. Студенттер дипломдық жұмыстың тақырыбын өздері таңдап алады, өздерінің тақырыптарын ұсынуға да болады, бірақ ол тақырыпты зерттеудің қажеттігін негіздеу керек.
Тақырып таңдау кезінде студент оқытушылардан немесе кафедра меңгерушісінен кеңес ала алады. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студент кафедра меңгеушісінің атына сол тақырыпты бекіту туралы өтініш жазады. (Қосымша А).
Кафедра отырысында дипломдық жұмыстардың тақырыптары мен студенттердің ғылыми жетекшілері бекітіледі. Ол кезде студенттердің тілектері ескеріледі, әсіресе, егер олар белгілі оқытушының жетекшілігімен бұрын зерттеу жұмыстарын жүргізген болса.
Бекітілген тақырыптар мен ғылыми жетекшілері көрсетілген, кафедра меңгерушісінің қолы қойылған студенттер тізімі факультет деканатына және факультеттің Әдістемелік кеңесіне жіберіледі
3. Кафедрада дипломдық жұмысты дайындау барысын бақылау.
Тақырыбын бекіткеннен кейін студент диломдық жұмысының жоспарын, ретін, дайындау мерзімін ғылыми жетекшісімен келіседі.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі:
1. Студент ұсынған дипломдық жұмыстың жұмыс жоспарын бағалайды және түзетулер енгізеді, жұмысты бөлімдерге, параграфтарға бөлуге көмектеседі, жұмыс көлемін, алғашқы түрде тексеру мерзімін анықтайды.
2. Студенттің ғылыми әдебиеттерді, әдістемелік аппараттарды таңдау негіздерін тексереді, олардың ең қажеттілерін анықтауға көмектеседі, студенттерді толық библиография жасауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын, практиканы жүргізуге және т.б. бағыттайды.
3. Кеңес беру күндері, қажет болған жағдайда одан да жиірек жұмыс барысы, кездескен қиыншылықтар туралы студенттермен әңгімелеседі.
Кафедрада ғылыми жетекші студенттің дипломдық жұмысын орындау барысын тыңдауына болады. Осы жағдайлы қажет болған уақытта студент кафедра отырысына немесе кафедра меңгерушісіне әңгімеге шақырылады.
Дипломдық жұмысты дайындау
Дипломдық жұмысты жазу студент орындау керек:
1.Берілген проблема бойынша белгілі әдебиеттерді, олардың теориялық
және практикалық аспектілерін жан-жақты оқып білу;
Тақырып бойынша ғылым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді
талдау;
3. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, практикады жүзеге асуын ескере отырып, зерттеу нәтижесін жалпыламалау;
4. Осы проблемаға сәйкес өзінің жеке пікірін, ғылыми позицияларын, өз көзқарасын құрастыру;
5. Зерттелген проблема бойынша жеке тұлғаға, ұжымға өзінің ұсыныстарын және нұсқауларын құрастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және мазмұны
Дипломдық жұмыстың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
- титульды бет;
- тапсырма;
- аннотация (үш тілде: мемлекеттік, орысша, ағылшынша)
- мазмұны;
- белгі шарттарының, символдардың, өлшемдердің, терминдердің тізімі;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар (қажет болған жағдайда);
Титульдық бетте:
ВУЗ реквизиттері, факультеттің және кафедраның атауы, дайындық бағыты, дипломдық жұмыстардың тақырыптарының аттары, жұмыс авторының аты-жөні, курсы, оқу формасы, ғылыми жетекшісінің лауазымы, ғыыми дәрежесі, аты-жөні, «қорғау күні», «бағасы» графалары, қорғау орны және жылы (қосымша Б).
Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеден бастап жұмыстың бөлімдерінен, қосымшалардан турады, әр бөлімнің басталған бетін көрсету керек.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның практикада және педагогика мен психология ғылымындағы маңызы, осыған байланысты тақырыпты таңдау себептері; тақырыптың әдебиеттердегі басылым деңгейлері, негізгі ғалым-зерттеушілердің аты-жөні; студенттің алдына қойған мақсаты мен міндеттері көрсетіледі..
Негізгі текст параграфтарға бөлінген бірнеше бөлімдерден тұрады. Оларда тақырыптың мәселелері көрсетіледі. Бөлімдер мен параграфтардың көлемдері бірдей болғаны дұрыс.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетіледі, жалпылама түрде түйіні мен ұсыныстар беріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі текстіде келтірілуіне байланысты алфавит ретінде құрастырылады (қосымша В).
Қосымшада автор дайындаған кестелер, графиктер, схемалар жән басқа материалдар орналастырылады.
Дипломдық жұмысты жазу – студенттің жүйелі, қомақты түрде, жоспарға сәйкес тақырып бойынша ғылыми концепцияларды, зерттеу практикасын талдай отыра, негізгі мәліметтерді мазмұндауы, ол студенттің проблеманы түсіуін және бағалауын, оларды шешу үшін жасаған ұсыныстарын көрсетуі.
6. Дипломдық жұмыстың көлемі. Құрастырылуы. Қорғау реті.
Дипломдық жұмыстың көлемі 1,0 интервал арқылы басылған, 70 беттен кем емес, компьютермен терілген текст болуы керек.
Жұмыс А-4 қағазында басылады. Беттердің параметрі: жоғарғы жол -1,5 см, төменгі жол -1,5 см, оң жақ – 1,0 см, сол жақ -2,5 см.
Студент текстіні толық, жан-жақты тексеруі керек, себебі жіберілген қателіктер үшін өзі жауапты. Көп қателері бар жұмыс қорғауға жіберілмейді.
Дипломдық жұмыста беттерді жалпы номерлеу қолданылады. Бірінші бет – титульді бет, екінші – жұмыстың атауы, кіріспе, әрбір бөлім жеке, қорытынды, библиография, қосымшалар жаңа беттерден басталады. Текстіде бөлімдердің, параграфтардың атауы толық жазылады. Бөлімдердің атаулары үлкен әріптермен (литерлермен) жазылады. Студенттің қолы библиографияның немесе қосымшаның соңғы бетіне қойылады.
Дипломдық жұмыс арнайы папкаға салынады немесе түптеледі. Дайын түрінде кафедраға беріледі. Жұмысқа қойылатын талаптар орындалмаған кезде, ғылыми жетекші жұмысты студентке қайтарады, аяқталмаған жұмыстың бағытын көрсетеді. Егер, ғылыми жетекші дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі деген түйінге келсе, онда жазбаша түрде жұмысқа пікір дайындайды.
Студент, пікірден басқа, жұмысқа рецензия алуы керек. Осы кафедраның оқытушылары, университеттің басқа кафедраларының немесе басқа ЖОО-ның оқытушылары, жеткілікті біліктілік деңгейі бар осы саладағы практикалық қызметкерлер рецензент бола алады.
Пікір мен рецензияда жұмыстың жетістіктерімен қатар, оның кемшіліктері де көрсетіледі, жұмыс деңгейі туралы жалпы қорытынды жасалады, нақты баға қойылуы мүмкін.
Пікір мен рецензия алынғаннан кейін жұмысқа өзгертулер енгізілмейді.
Дипломдық жұмысты қорғау кестеге сәйкес емтихандық комиссияның отырысында ашық түрде жүргізіледі.
Қорғау реті:
- жұмыстың негізгі мазмұны, өзінің түйіндеуі және ұсыныстары туралы қысқаша (7-10 мин) баяндама.
- емтихандық комиссия мүшелерінің, басқа қорғауға қатысып отырғандардың студентке сұрақтары және сұрақтарға жауаптар.
- рецензенттің сөзі немесе оның рецензиясын тыңдау.
- сұрақтың мәні бойынша басқа адамдардың пікірлерін тыңдау.
- студенттің қорытынды сөзі, ол пікір мен рецензияда айтылған сыңдарға өзінің көзқарасын баяндайды.
Бағалаудың критериялары:
- оның ғылыми деңгейі, тақырыптың сұрақтарын көрсете алу деңгейі, практикалық, кәсібилік іс-әрекеттердегі маңызы;
-психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді, практика материалдарын қолданулары;
- тақырыпты зерттеуге шығармашылық икемі;
- ғылымилығы, негізділігі, қорытындыларының дұрыстығы;
- мазмұндау стилі;
- безендіру тиянақтылығы;
- жұмыс мазмұнында және қорғау барысында көрсеткен кәсібилік дайындығының деңгейі.
Дипломдық жұмыстарының тақырыптары
Балалық шақтағы қиял мен шығармашылықтың ерекшеліктері және оларды дамыту.
Жасөспірім балалары бар жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың эмоционалды тәуелділігін зерттеу ерекшеліктерінің ықпалы.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерінің дамуы.
Білім беру ортасында жасөспірім балалардың суицидтік мінез-құлқын психолого-педагогикалық алдын алу.
Бастауыш сыныптардағы оқушыларда ессіз жағдайлардың психологиялық негізі және оларды көрсету ерекшеліктері.
Толық емес отбасыларындағы балаларда эмоционалды-тұлғалық дамуының ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларындағы девиантты мінез-құлықтың қалыптасуының себептері мен оны түзету жолдары.
Бала бақшадағы балаларың гиперактивті мінез-құлқы және оны түзету.
Студенттердің жоғары оқу орнына бейімделуінің психологиялық мәселелері.
Кәсіби бағдар беру жұмысының әдістері мен формаларын белсендендіру.
Толық және толық емес отбасылардағы балалар әлемінің бейнесі.
Тәрбиедегі мадақтау және жазалау әдістерін психологиялық тұрғыдан бағалау.
Қазіргі жастардың құндылықтық бағдарлары.
Ойын – баланың қоршаған ортамен танысуының құралы ретінде.
Отансүйгіштік психологиялық-педагогикалық категория ретінде.
Бастауыш сынып оқушыларында қобалжудың дамуында және оны жеңуде ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының әсері.
Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына проблемдік оқытудың әсері.
Оқушылар тұлғасының патологиялық спатта дамуына отбасылық тәрбие стилінің әсері.
Балалардың мектептегі гиперактивті мінез-құлқы және оның коррекциясы.
Колледжде оқыту жағдайындағы кәсіби өзі анықтаудың динамикасы.
Ойын – баланың қоршаған ортамен танысу құралы ретінде.
Ойын іс-әрекеті дизонтогенезді коррекциялау құралы ретінде.
Этнопедагогика құралдарын оқушыларды оқу және оқудан тыс уақыттарда тәрбиелеу кезінде пайдалану.
Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың отбасында балалар-ата- аналар қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеу.
Ішкі және сыртқы мотивациялардың ерекшеліктерін зерттеу және оның педагогтың жұмысының нәтижелілігіне зерттеу және оның педагогтың жұмысының нәтижелілігіне әсері.
Ерекше оқытуды қажет ететін балалармен жүргізілетін коррекциялық-дамыту жұмыстары.
Педагогтардың кәсібилік жағдайларын психологиялық өзіндік реттеу технологиясы мен әдістері.
Білім беру мекеме жағдайындағы кәсібилік күйзелістің психопрофилактикалық технологиясы мен әдістері.
Білім беру мекемелерінде дамыта оқыту ортасын ұйымдастыру және психолгиялық-педагогикалық қамтамасыз ету.
Баланың отбасынада эмоционалды-тұлғалық дамуының ерекшеліктері.
Ерекше білім алу қажеттелігі және арнайы оқытудың мазмұны.
Жоғары мектеп оқушыларымен жүргізілетін кеңес беру-әдістемелік жұмыстың проблемалары.
Арнайы білім беру жүйесіндегі кәсібилік іс-әрекет және педагогтың жеке тұлғалылығы.
Оқушылардың кәсіби бағдары педагог-психологтың іс-әрекет объектісі ретінде.
Жасөспірімдерде девианттық мінез-құлық қалыптасуының алдын алу.
Баладағы психикалық ауытқу отбасындағы дисфункцияның көрінісі ретінде.
Оқушылардың тұлғалық қассиеттерінің психодиагностикасы мен коррекциясы.
Әлеуметтік-бейімделмеген оқушылармен психокоррекциялық және дамыту жұмысы.
Эмоционалдық аймағында ауытқулары бар оқушылармен психокоррекциялық және дамыту жұмысы.
Интеллектуалдық аймағында ауытқулары бар оқушылармен психокоррекциялық және дамыту жұмысы.
Танымдық аймағында ауытқулары бар оқушылармен психокоррекциялық және дамыту жұмысы.
Кәсіби-тұлғалық деформациялардың психологиялық алдын-алу.
Ата-аналарға кәсіби кеңес берудің психологиялық негізі.
Оқытудың интерактивті әдісін қолданудың психологиялық ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің құрылымын психологиялық талдау.
Бастауыш мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі психологиялық ұштасу.
Мектептегі дамыта оқыту ой-пікірін жүзеге асырудағы психологиялық ұштасу.
Білім беру мекемелерінде менеджментті жетілдірудің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Тұлғалық-бағыттай оқытуды жүзеге асыруды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету.
Тұлғалық-дамыта оқытуды жүзеге асыруды психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету.
Үсынылған әдебиет тізімі
:
Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности.М.
Воронеж. 1999.224 с.
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. М.:Педагогика,
1980. Т.1, 2
Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. М.: Педагогика .
1960.
Асмолов А.Г. Психология личности. М.: Изд-во Моек ун
та, 1990,376с.
Бодалев А. А. Личность и общение: Избранные труды. Педагогика,
1983,271с.
Братусь Б. С. Аномалии личности. М.: Мысль, 1988, 304с.
Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических
процессов. М.: Смысл, 1998, 685 с.
Вилюнас В. К. Психологические механизмы мотивации человека.
М.:МГУ, 1990.288 с.
Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6т. М.: "Педагогика", 1982-1984. Т.2.
С.5-362. Т.З. .328с. Т.5 С.34-48,153-168.
Ю.Гальперин П.Я. Введение в психологию. М.: Изд-во Моек ун-та,1999. 130 с.
П.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. М: Изд-во МГУ, 1988. С. 64-94.
12.Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т. М.: Мир, 1992. 496с.
13.Джакупов СМ. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата: Изд-во КазГУ,1992. 195с.
Ы.Джакупов СМ. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, 2004.-312 с.
15.Жарикбаев К.Б История казахской психологии (на казахском языке). Алматы: Изд-во «Казахстан», 1996.
16. Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1999. - 367 с.
П.Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии.- М: Изд-во Моск. ун-та, 1982.128с.
18.Ким A.M. Современная психология понимания. А.: Казак универ. 2000. -320с.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М.: Изд-во Моск. ун-та.
1981. 219-261, 272-317, 357-396, 410-435.
.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., Политиздат,
1977.304с.
21.Линдсей П., Норман Д. Переработка информации у человека. М.: Мир,1974. 550с.
Логинова Н.А. Б.Г.Ананьев выдающийся ученый в истории
отечественной психологии. Алматы, изд-во КазГУ,1999. с.105.
Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии.
М.: «Наука», 1984.
24. Лурия А.Р. Язык и сознание. М.: Изд-во Моек ун-та, 1980.
25.Мерлин B.C. Очерки теории темперамента. М., 1964.
26.Нюттен М. Мотивация // Экспериментальная психология/Ред. П.
Фресс, Ж. Пиаже, М.: Прогресс, 1975, Вып.5.с. 15-99.
27. Петренко В.Ф. Психосемантика сознания. М.: Изд-во Моек ун-та, 1988.С.208.
28.Психология личности в трудах отечественных психологов. СПб.: Изд-во «Питер», 2000. с.480.
29 Педагогика. Оқулық, Алматы : Print-S, 2005. -3646.
30 Қоянбаев Ж., Педагогика Алматы, 2003
З1 Рейковски Я. Экспериментальная психология эмоций. М: Прогресс, 1977.391с.
32.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб.: Изд-во «Питер», 1999.
Симонов П.В. Мотивированный мозг. М., Нука, 1987.
Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 2003.
35.Солсо Р.Л. Когнитивная психология М, Тривола, 1996. с.600.
Тихомиров O.K. Психология мышления. М, Изд-во Моек ун-та, 1984.
с.272.
Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. М., Наука, 1966 с.
135-156, 180-183.
38.Фресс П. Эмоции// Экспериментальная психология: В 6 вып. М., 1975.Вып.5 с.111-188.
39.Хекхаузен X Мотивация и деятельность: В 2 т. М., Педагогика, 1986. Т1. 406с; Т2. 391с.
Хрестоматия по истории психологии/ Под ред. П.Я. Гальперина,
А.Н. Ждан. М, Изд-во Моек ун-та, 1980, с. 146-210.
Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления / Под
ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.В. Петухова. М., Изд-во Моек ун-та, 1981.-
400с.
Хрестоматия по вниманию / Под ред. А.Н. Леонтьева, А.А.
Пузырея, В.Я. Романова. М., Изд-во Моек ун-та, 1976. 272с.
43.Хрестоматия по общей психологии. Психология памяти / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. М., Изд-во Моек ун-та, 1979. 195с.
Дополнительная:
44. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. М., Наука, 1977.
45.Брунер Дж. Психология познания. М.: Прогресс, 1977. 412с.
46.Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение. М.: изд-во «Институт практической психологии», 1996. с.392.
47.Ганзен В.А. Системные описания в психологии. Л.: Изд-во ЛГУ, 1984. с. 176.
Климов Е.Ф. Индивидуальный стиль деятельности в зависимости от
индивидуальных свойств нервной системы. Казань: Изд-во Казанского ун-та,
1969.
Мышление: процесс, деятельность, общение /Отв.ред. А.В.
Брушлинский. М.: Наука, 1982. 287с.
50. Петухов В.В. Психология мышления. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1987, 90с.
51.Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. М.: Педагогика, 1976.
52.Столин В.В. Самосознание личности. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1983. 236с.
53.Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. М.: Прогресс, 1982. с. 19-49,67-89.
54. Психология. Учебник под ред. Крылова А.А. М.: Проспект. 1999. 584с.
55.Тихомиров O.K., Бабанин Л.Н. ЭВМ и новые проблемы психологии. М: Изд-во Моск. ун-та, 1986. с.3-8,90-195.
56.Юнг.К. Психологические типы. М.: «Университетская книга», 1998. 720с.
57. Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения
человека. М.: Просвещение, 1999. 316с.
Справочная:
Краткий психологический словарь (Под ред. А.В. Петровского, М.Г.
Ярошевского) Ростов -на- Дону: «Феникс», 1998.
Психологический словарь (Под ред. В.В. Давыдова, А.В. Запорожца,
В.П. Зинченко и др.) М.: Педагогика, 1983.
Артур Робер Большой толковый психологический словарь. Т. 1 и 2. М.:
Вече. 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |