Дипломдық ЖҰмыс туралы ереже дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар положение о дипломной работе



жүктеу 423,51 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата13.11.2017
өлшемі423,51 Kb.
#89
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

27

6 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РЕЦЕНЗИЯЛАУ 



 

Диплом  жазушының  еңбегін  қосымша  объективті  бағалауды  алу 

мақсатымен  сәйкес  аумақтағы  мамандар  диплом  жұмысын  рецензиялауды 

жүргізеді.  Рецензенттер  ретінде  мемлекеттік  органдар  мамандар,  бизнес 

сферасы,  өндіріс  және  ҒЗИ  мамандары,  сонымен  қатар  басқа  оқу  орындары 

мұғалімдері  және  профессорлары  тартылуы  мүмкін.  Рецензенттер  тізімін  және 

рецензияға бағыттаманы кафедра дайындайды.  

Рәсімделген  диплом  жұмысын  жетекші  пікірімен  бірге  диплом  жмзушы 

қорғауға 7 күн қалғанда, кешіктірмей рецензентке табыс етеді.  

Рецензияда  таңдалған  тақырыптың  өзектілігінің    бағасы,  тақырыпты 

ашуға  дербес  тәсілдің  болуы,  ақпараттарды  жинау,  қорытындылар  мен 

ұсыныстардың  дәлелділік  дәрежесі,  алынған  нәтижелердің  шынайылығы, 

олардың жаңалығы  және тәжірибелік мәні, рецензияланатын жұмыстың негізгі 

ережелері және тақырыптың мамандандырылған талдауы болуы керек.  

Жұмыстың  оң  жақтарымен  қатар  кемшіліктері  де  аталып  өтеді,  соның 

ішінде,  материалды  баяндаудың  сауаттылығы  мен  логикасынан  аутқып  кетуі, 

факт жүзіндегі қателердің болуы.  

Рецензияда    бал-рейтингтік  әріптік  жүйе  бойынша  бағаны  көрсетумен 

аргументтелген  қорытынды  және  сәйкес  академиялық  дәреже  және  біліктілік 

тағайындау мүмкіндігі беріледі.  

Мынандай  жағдайда,  егер  кафедра  меңгерушісі  ғылыми  жетекші  және 

рецензент  пікірлерінің  мазмұнынан  басқа,  Мемлекеттік  аттестациялық 

комиссияның алдына бітірушіні диплом жұмысын қорғауға жіберу мүмкін емес 

деп  санаса,  онда  бұл  сұрақ  автор  мен  жетекшінің  қатысуымен  кафедра 

отырысында қарастырылуы керек.     

Рецензентпен  қол  қойылған  рецензия  бекітілген  мерзімде  диплом 

жұмысымен бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға табыс етіледі.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

28

7 ҚОРҒАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУ 



 

7.1 Қорғауға тапсырылатын, құжаттар  

 

Диплом жұмысын рецензиялағаннан кейін МАК хатшысына оны қорғауға 



үш күн қалғанда тапсырылуы керек:  

1) Толығымен рәсімделген диплом жұмысы, төмендегілерден тұрады:  

–  диплом 

жазушымен, 

норма 

бақылаушы 



кеңесшімен, 

ғылыми 


жетекшімен  және  кафедра  меңгерушімен  қол  қойылған  (бірінші  бет,  тігіледі) 

стандартты титулдық бет;  

–  тапсырыс-хат(тігіледі); 

–  тапсырма (тігіледі); 

–  диплом жұмысының мәтіні; 

–  жетекші пікірі (ішіне салынады); 

–  рецензия (ішіне салынады). 

–  диплом  жұмысын  сипаттайтын,  басқа  да  құжаттар  (егер  олар  болса, 

ішіне салынады). 

2) Суреттерді сипаттайтын (ілеспе) материал. 

3)  Диплом  жұмысының  электорндық  нұсқасы  дискетада  және  оның 

презентациясының материалдары; 

 

7.2 Диплом жұмысын қорғауға дайындық 



 

Диплом  жұмысын  қорғау  процедурасы  студент-диплом  жазушының 

баяндамасын өзіне қосады, мұндағы маңызды элемент болып диплом жұмысын 

презентациялау,  диплом  жазушымен  алынған  негізгі  нітижелерді  көрсету 

болып  табылады.  Презентация  көрсетілетін  материалдардың  көрнекілігін 

қамтамасыз  етеді,  МАК  мүшелеріне  диплом  жұмысының  нәтижелерінің 

ғылыми  сол  сияқты  және  тәжірибелік  мәнін  бағалауға  мүмкіндік  береді,  сол 

сияқты диплом жазушының оларды шағын баяндап беруіне көмегін тигізеді.   

Презентация мыналарды қосуы керек: 

–  біліктілік жұмысын көрсетуге мүмкіндік жасайтын, баяндама; 

–  презентацияның өзі; 

–  қорытынды. 

Презентацияны  таңдалған  тақырыптың    өзектілігін  баяндаудан,  ғылыми 

проблеманы сипаттаудан және жұмыс мақсатын құрудан бастау керек, тізбекті 

түрде  жүргізілген  зерттеудің  бекітілген  логикасына,  критикалық  салыстыру 

және  бағалаудға,  өте  маңызды  бөлімдерге  және  қызықты  нәтижелерге  ерекше 

мән  бере  отырып  бөлімдер  бойынша  жұмыстың  негізгі  мазмұнын  ашу. 

Баяндаманың  қорытынды  бөлімі  диплом  жұмысын  қорытындылау  мәтіні 

бойынша  құрылады,  негізгі  бөлік  бөлімдерін  сипаттау  кезінде  жасалынған, 

оның  мәтінінен  жеке  шолуларды  қайталаусыз  жалпы  қорытындылар  алынады, 

негізгі  ұсыныстар  біртұтас  жинақталады.  Студент  өзінің  диплом  жұмысының 

негізгі мақмұнын еркін, жазбаша мәтінді оқымай баяндауы керек.  

Презентация  MS  PowerPoint  ортасында  орындалған  және  ілеспе 



 

29

материалдары,  электронного  слайд-фильм  түрінде  көрсетілетін  визуалды 



материалдармен суреттеліп сипатталады.  

Визуалды материалдарды қолдану біріншіден МАК мүшелерінің назарын 

диплом  жұмысының  маңызды  элементтеріне  аударуға  мүмкіндік  жасайды, 

екіншіден    сөзбе-сөз  хабарламаны  нығайтады,  және  үшіншіден  ауызша 

жеткізуге қиындық туғызатын, суреттеп сипаттауға мүмкіндік жасайды.  

Суреттеп  сипаттайтын  материалдарды  таңдау  кезінде  қарапайымдылық 

және  қысқалық  қағидасын  қолданған  қажет.  Кесте  мен  сызба  ақпартты  болуы 

керек, бірақ оларды көп санды мәлметтермен толтырмау керек.  

Барлық  визуалды  материалдарды  дайындағаннан  кейін  алдын  ала 

репитиция жүргізу керек, бұл баяндаушы сөзінің шапшаңдығын және слайдтар 

көрсету жылдамдығын реттеуге көмегін тигізеді.  

 

7.3 Диплом жұмысын қорғауды жүргізу  



 

Диплом  жұмысын  қорғау  МАК  ашық  отырысында  оның  құрамының  кем 

дегенде  екі,  үш  қатысушысымен,  ғылыми  жетекші  және  диплом  жазушының 

қатысуымен,  сонымен  қатар  рецензенттердің  мүмкіндігі  бойынша  қатысуымен 

жүргізіледі.  

МАК  хатшысы  әр  бір  диплом  жұмысын  комиссия  отырысында 

таныстырады: 

–  диплом жұмысының данасы; 

–  ғылыми жетекшінің қорытындысы; 

–  рецензенттер пікірі; 

–  біліктілік жұмысына алынған басқа да пікірлер; 

–  студент-диплом жазушының оқу картасы; 

–  студент-диплом жазушының сынақ кітапшасы. 

Жұмысты қорғау тәртібі көздейді:  

–  студент-диплом  жазушының  баяндамасы  (15  минут  дейін),  мұнда 

тақырыптың  дәлелділігі  беріледі,  жүргізілген  зерттеулердің  мақсаты  мен 

міндеттері,  зерттеу  объектісі  мен  пәні,  жасалынған  жұмыстың  негізгі 

нәтижелері,  дербес  орындалған  есептер  және  зерттелулердің  қорытындылары, 

маңызды қорытындылар, ұсыныстар, ұсынымдар көрсетіледі; 

–  МАК мүшелері сұрақтарына студент-диплом жазушының жауаптары;  

–  рецензенттердің сөзі және басқа тұлғалардың;  

–  біліктілік жұмысына алныған, басқа да пікірлерді оқу;  

–  студент-диплом  жазушының  қорытынды  сөзі  –  диплом  жұмысын 

талқылау барысында алынған, ескертулерге жауабы.  

МАК  отырысына  қатысушылардың  барлығының  сұрақтар  қоюға 

мүмкіндігі бар және творчествалық дискуссияға қатыса алады.  

Соңғы 

(балдық) 



баға 

комиссия 

төрағасының 

немесе 


оның 

орынбасарының  міндетті  түрде  қатысуымен,  отырыста  қатысатын  МАК 

мүшелерінің  қарапайым  көпшілік  дауысымен  МАК  жабық  отырысында 

шығарылады. Тең дауыстар саны  кезінде комиссия  төрағасы (немесе комиссия 

төрағасын  ауыстыратын  оның  орынбасары)  бірінші  шешуші  дауысқа  ие.  



жүктеу 423,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау