Ктозу 00 (жыл аяғына)
Ктозу 2001 (жыл басына)
Ктозу 2001 (жыл аяғына)
Техникалық жағдайының коэффициенттерін есептелген мәліметтерден 1999 жылға қарағанда 2000 жылдың аяғына тозу коэффициенті 0,009 (0,067 – 0,076) төмендеген және 0,067 құрады, ал 2001 жылдың аяғы 2000 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеген және 0,064 құрады. Берілген жағдайда біз кәсіпорында бар барлық негізгі қорлардың жалпы тозуын анықтаймыз. 2000 жылы жаңа қорлармен толықтырулар есебінен жарамдылық коэффициентіміз (1.3) формуласымен анықталады, ол келесіндей:
Берілген жағдайда Кжар.қ00 = 1 – 0,076 = 0,924 (жыл басына)
Кжар.қ00 = 1 – 0,067 = 0,933 (жыл аяғына)
Кжар.қ2001 = 1 – 0,067 = 0,933 (жыл басына)
Кжар.қ2001 = 1 – 0,064 = 0,936 (жыл аяғына)
Тозу және жарамдылық коэффициенті жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Өндірістік есептеулерден көріп отырғанымыздай тозу коэффициенті неғұрлым төмен болса жарамдылық коэффициенті жоғары болады және негізгі қорлардың техникалық жағдайы соғұрлым жақсарады. Бұл кәсіпорынның негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті жоғары және 93%-ті құрайды.
Бұны былай түсіндіруге болады 2001 жылы негізгі қорлар құрамына толықтырулар енгізілген яғни кәміпорын жаңа негізгі қорлар сатып алған.
Егерде есептік жылда түскен барлық негізгі қорлар пайдаланымда болмай жаңадан сатып алынған болса, онда енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болады.
Енгізу коэффициенті түскен негізгі қорлар құнының (Fn) жыл аяғындағы құнына (Fk) қатынасымен анықталады.
Кенгізу = Fn/Fk (2.10)
Кенгізу 00 = 1090/6740 = 0,0162
Кенгізу 2001 = 17227/83046 = 0,2074
Жаңарту коэффициенті (1.4) формуласымен есептелінеді:
Кжаң. = Fn/Fk
Кжаң. 2000 = 1090/67460 = 0,0162
Кжаң. 2001 = 17227/83046 = 0,2074
Біздің есептеулерімізде 2001 жылы енгізілген негізгі қорлар пайдаланылған емес жаңадан болғандықтан енгізу және жаңарту коэффициенттері өзара тең болып отыр.
Шығу коэффициенті шыққан негізгі қорлар құнының (Fшығ.) жыл басындағы құнына (Fn) қатынасымен анықталады.
Кшығу = Fшығу/Fn (2.11)
Кшығу2000 = 281/66651 = 0,0042
Кшығу2001 = 1641/67460 = 0,0243
Ауыстыру коэффициенті:
Кауыс. = В/П · 100% (2.12)
мұндағы В - жыл ішіндегі шыққан негізгі қорлар, мың.т.;
П – бір жыл ішінде түскен негізгі қорлар, мың.т.
Кауыс. = 1641/17227· 100% = 9,5%
Шыққан қорлардың орнын алмастыруға бағытталған енгізілген негізгі қорлардың үлесі есептеудің қорытындысы бойынша 9,5% құрады. Бұл коэффициент айтарлықтай жоғары болып отыр, себебі бір жыл ішінде негізгі қорлардың шағын ғана мөлшері шыққан.
Демек, машина және құрал-жабдықтар көлкін кеңейту коэффициенті келесіндей:
Ккең. = 1 – Кауыс. = 1 – 0,095% = 90,5% (2.13)
Бұл коэффициент 2001 жылы енгізілген жаңа құрал-жабдықтар мөлшері үлкен дәрежеде екенін көрсетіп отыр.
Алынған есептеулердің нәтижелерін №3 «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ «негізгі қорлардың техникалық жағдайы және қозғалысын талдау» кестесіне кіргізуге болады.
Кесте № 3.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар қозғалысы және техникалық жағдайы
Көрсеткіштер
|
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер деңгейі
|
2000 ж.
|
2001 ж.
|
1. Негізгі қордың бастапқы (баланстық) құны, мың тенге:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Қб
Қа
|
66651
67460
|
67460
83046
|
2. Негізгі қор тозуы:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Т
Тб
Та
|
5063,2
4493
|
4493
5346
|
3. Есептік жылда негізгі қор түсімі, мың тг.:
а) барлығы
б) соның ішінде енгізілгені
|
Түсім
|
1090
1090
|
17227
17227
|
4. Есептік жылда шыққаны, мың тг.:
|
Ш
|
281
|
1641
|
5. Тозу коэффициенті:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Ктозу
Ктозу, б.
Ктозу, а.
|
0,76
0,67
|
0,67
0,64
|
6. Жарамдылық коэффициенті:
а) жыл басына
б) жыл аяғына
|
Кжармд.
Кжарамд. б.
Кжарамд. а.
|
0,924
0,933
|
0,933
0,936
|
7. Енгізу коэффициенті
|
Кенгізу
|
0,0162
|
0,2074
|
8. Жаңарту коэффициенті
|
Кжаң.
|
0,162
|
0,2074
|
9. Шығу коэффициенті
|
Кш
|
0,0042
|
0,0243
|
10. Ауыстыру коэффициенті
|
Кауыст.
|
0,258
|
0,095
|
11. Құрал-жабдықтар паркін кеңейту коэффициенті
|
Ккеңейту
|
0,742
|
0,905
|
Достарыңызбен бөлісу: |