Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (19)
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:
Ктүсім =
Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (20)
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:
Кинт. =
Жойылған негізгі қорлар құны
Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (21)
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:
Кжою =
Жойылған негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны (22)
8 кесте -"Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдардың қозғалысын және техникалық жағдайын бағалау көрсеткіштері
№
|
Негізгі көрсеткіштер
|
2004 жыл
|
2005
жыл
|
+;-
|
%
|
1
|
Тозу коэффициенті
|
0,27
|
0,21
|
-0,06
|
-0,8
|
2
|
Негізгі қор жарамдылық коэффициенті.
|
0,73
|
0,79
|
0,06
|
108,2
|
3
|
Негізгі құралдардың істен шығу коэффициенті
|
0,28
|
0,23
|
-0,05
|
82,1
|
4
|
Негізгі құралдар жаңару коэффициенті.
|
0,45
|
0,21
|
-0,24
|
0,5
|
Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді
Жоғарыдағы кесте мәліметтері "Жамбылгипс" АҚ-ның негізгі құралдарының техникалық жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың есепті жылы 21% тозғанын байқаймыз. Соған сәйкес 79% өндірісте жарамды болып есептеледі. 2004 жылы кәсіпорында негізгі құралддардың 28% істен шыққан, кәсіпорында тозған негізгі құралдардың есепті жылы тек қана 21% ғана жаңартылған, ал алдыңғы жылы негізгі құралдардың 45% қызметінің соңғы нәтижесіне әсер етті. Есепті жылы өндіріс тиімділігі күрт төмендеп кетті, өйткені кәсіпорын шығынмен жұмыс атқарды.
3. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық болашақтық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.
Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын жақсарту, мүлікке салықтың азаюы және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту мына жолдармен жетуге болады:
- кәсіпорындағы негізгі құралдарды арендаға беру немесе артық жабдықтардан, машина және басқа негізгі құралдарын жасату;
- құралдарды жөндеулерді уақытында және сапалы түрде жоспар бойынша өткізіп тұру;
- жоғары сапалы негізгі құралдармен мүліктену;
- қызмет көрсетуші персоналдардың квалификациялық деңгейін көтеру;
- шамадан тыс моральды және физикалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құралдардың, әсіресе активті бөлімді уақытылы жаңартып отыру;
- өндіріс процессіне материал және шикізат дайындығын сапалы жақсарту;
- өндірістің механизация және автоматизация деңгейін жақсарту;
- экономикалық мақсатта жөндеу қызметтерін орталықтандыру;
- өндірісті концентрациялау, мамандандыру және құрамалау деңгейлерін жақсарту;
- азқалдықты, қалдықсыз, энерго және отынүнемді – жаңа техника және жетілдірілген технологины ендіру;
- машиналар мен жабдықтарды, тоқтаулар мен жұмыс уақытын жоғалтуларды қысқарту мақсатында ұйымның өндірісі мен еңбегін жетілдіру;
- кәсіпорындаңы негізгі құралдарды пайдалануды жақсартудың жолдары сол немесе басқа кезеңде болған нақты шарттарға байланысты болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:
шығарылатын өнім сипаты;
шығарылатын өнім көлемі;
механизация және автоматизация деңгейі;
мамандандыру және коопирациялау деңгейі;
кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы жетілдірілген жұмыс машиналарының үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концентрацияның, маманданудың, коопирациялау және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың салмақты элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:
- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
- станок және машиналардың жетілдірілген түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, әмбебап агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық бағдарламалармен басқарылатын станоктар;
- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;
- құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс жоспарларын жоғары сапалы орындау;
- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.
Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік нәтижеге жету. Капитал салымдарының тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың кешенінен байланысты болады:
1. Инвестициялық циклды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:
а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;
б) негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;
Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту есебінен шешілуі мүмкін.
Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру олардың қолдануға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.
Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту – қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір маңызды мәселе болып табылады. Біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген құрылыс объектілері кездеседі.
Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиналарды кең көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.
Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
- заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;
- құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын төмендету;
- эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;
- эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз еткенде құрылыстың құнын төмендету.
Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. Құрылыс бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың қысқаруына әсер етеді.
2. Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек өнімділігін көтеру. Құрылыс өндірісінің барлық буындарында және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен ауыр қол еңбегімен байланысты болады.
Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін құрылыс бөлшектерінің және конструкциялардың заводтық дайындылығын көтеру табылады. Бұл еңбек операцияларын құрылыс алаңдарынан заводқа аудару операциясы техникалық жетістіктің міндеттібағыттарының бірі.
3. Құрылыстың сапасын көтеру. Құрылыс өндірісінде біткен объектілердің ақырғы өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында ғана әшкереленеді. Өз кезегінде бұл ақырғы өнім сапасы объектілерді тұрғызуға қолданған барлық материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасы қиыстырылады. Осылайша құрылысқа қызмет көрсететін әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында құрылыспен дайындалған объектінің сапасы сол немесе өзге өлшемде қалыптасады. Бұл жағдай өндірістік кәсіпорындарда жобалауда, олардың қызметін жетілдіруде және өндірілетін өнімнің сапасының бағасын анықтайтын болуы қажет.
4. Құрылыстың басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз. Техникалық жетістік жүрісінде өндіріс буындарының саны көбейеді, құрылысқа қатысатын ұйымдар арасындағы байланыстар қиындайды және біржола жедел шешім қабылдау және тарату талаптары көбейеді. Басқару жүйесін бірқалыпты жетілдіру, өндірісті жоспарлаудың барлық сатыларында сенімді есептерін пайдалану, басқарушылық еңбектің механизациясы және автоматизациясы - өнеркәсіптік құрылыс базалы кәсіпорындардағы техникалық жетістіктің сипатты элементтері болып табылады.
5. Құрылыс құнын төмендету – көптеген фактор санына байланысты нәтижелі көрсеткіш. Еңбек үрдістерінің көп мөлшерін құрылыстан заводқа ауыстырғанда құрылыс құнымен берілген заводтық өндірістің рөлі артады. Бірақ онымен завод өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне алып келмейді. Кейінгі шығындарға талдау жасап және заводының өзіндік құнын төмендеткен өнімді немесе оның өндіріс технологиясын өзгерткен кезде келесі деңгейлерде артық шығындарға алып келмейтінін көрсету қажет. Белгіленген шаралардың тиімділігі құрылыс өндірісі деңгейінде тек қана нәтижелік шығындармен бағалануы мүмкін.
Құрылыс жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде машин паркін қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты құрылыс техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады. Бұл үшін ары қарай құрылыс техникасының негізгі түрлерін жетілдірудің мағынасын және артықшылығын жеке қарастырайық.
Бірковшты экскаваторлар – циклдік әрекетпен жұмыс жасайтын жер қазатын машиналар, арнайы және универсалды болып келеді.
Экскаваторлардың экономикалық артықшылығы конструктивті және технологиялық артықшылықтарынан шығады. Осылайша ауыстырылатын жұмыс құралдарының номенклатурасын кеңейту және оның спецификалық кинематикасы, сонымен қатар жұмыс қозғалыстарын біріктіретін жылдамдықты тәуелсіз реттеу бұрын қолмен жасалып жүрген жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасайды. Бұл мүмкіндік тек қана бағасын түсіріп және мұндай жұмыстардың өндірісін тездетіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген жұмысшыларды жұмыстан босатады. Бұдан басқа эксплуатацияланатын эксковаторлар паркі үшін запас бөлшектерінің номенклатурасы едәуір төмендейді және машина жөндеудің агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндік туады, демек олардың жөндеуде тұрып қалулары төмендейді және пайдаланудың пайдалы уақыты көбейеді.
Басқаруды автоматтандыру нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту экскаваторлардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді, ал олардың приводтарын автоматтандыру энергетикалық ресурстардың үнемдеуіне алып келеді бұның салдарынан машиндердің барлық КПД көтеріледі.
Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған экскаваторларға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта техникалық деңгейін ары қарай көтеру гидравликалық экскаваторлардың конструкциясын принциптары болып мыналар табылады: өнімділікті 1,5 – 2 есе көтеру; маатериал сыйымдылығын минимум 20% үлеске және энергия сыйымдылығын 10% үлеске түсіру; мықтылығы жоғары болаттарды енгізу; техникалық қызмет көрсетудің сенімді және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің кенет жақсаруы; басқару жүйелерін жетілдіру және машинистің жұмысына жағдай жасау; микропроцессорлық техниканы құру және енгізу, соның ішінде ақпараттарды бейнелейтін құрылғылар және т.б.
Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. Экскаваторлардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларды қоса сипатты болып табылады.
Үздіксіз қимылдағы экскаваторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру; универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.
Өнімділік эксплуатациялық сипаттардың негізгісі, ол қондырғылардың қуаттылығын көтеру жолымен, жоғалтуларды төмендету, өндеудің жаңа процесстерін қолдану арқылы көтеріледі. Үзіліссіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігін ары қарай көтерудің негізгі факторлары болып жұмыс процестерін жетілдіру табылады. Жұмыс органдарын гравитионды және инерционды түсіру, жұмыс жылдамдығын көтеруді қолдану перспективталы.
Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігінің негізгі факторы болып оның автоматтандырылуының деңгейін көтеру табылады. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың сенімділігін арттыру осы заманғы топталған бұйымдарды және материалдарды пайдалану жолымен жүреді, сонымен қатар жұмыстан шыққан және эксплуатацияда тексерілген детальдарды пайдалануға мүмкіндік беретін оның унификациясын жоғары деңгейге көтеру. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту әр түрлі ауыстырылатын жұмыс құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Жетекші елдердің тәжірибесінде автогрейдерлерді шығарушылар қуаттылығы және массасы әр түрлі типтегі автогрейдерлерді шығаруға үлкен көңіл бөледі. Бір типтік автогрейдерлердің кеңейтумен бірге дәстүрлі машиналар да жетіледі. Жетілдіру негізінде келесі бағыттарда жүреді: жүргізушінің еңбегіне жайлы жағдай жасау, жаңа шуды басатын, кондиционер орнатылған кабиналар жасау, техникалық күтіммен қызмет көрсету аралық мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа майлағыш жүйелерін қолдану, машиндерді құрастырудың модульдық әдісін дамыту.
Жер қазатын машиндер паркінің негізін бульдозерлер құрайды. Оларға жер жұмыстарының барлық көлемінің 40%-ті келеді. Жер жұмыстарының құрылысын жүргізгенде бульдозерлер және қопсытқыш бульдозерлер маңызды дәрежеге ие. Бульдозерлердің және қопсытқышы бар бульдозерлердің анықталған даму тенденциясы болып келесілер табылады: бір типті бульдозерлер көбейту және жетілдіру, сонымен қатар минибульдозерлер жасау; машиндердің техникалық қызмет көрсеткіштерін және жөндеуін жеңілдету жолымен олардың эксплуатациялық үнемдеуін жоғарылату, жұмысқа дайындалу уақытын азайту; визуальдық бақылауды және механикаландырылған майлауды қамтамасыз ету; техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді жеңілдететін және тездетін тиімді диагностикалық құрылғыларды арнаулы құралдарды қолдану және т.б.
Отандық және шетелдік тәжірибені құрылыста қазіргі машиндерді құрастыру және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: машинистің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, кабиналарды машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын информатика құрылғыларымен және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау; вибрациялы машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.
Құрылыстың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін құрылыс машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Прогрессивті бағыттары болып әр түрлі құрылыс материалдарымен жұмыс жасай алатын универсалды және көпфункционалды машиндерді шығару. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады.
Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:
Прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті механизациялау және автоматтандыру;
Құрал-жабдықтардың қозғалыстағысын модернизациялау және көнергенін ауыстыру;
Өндірісті басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру;
Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар;
Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды енгізу.
3.2 “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капиталдың тиімділігін жоғарлату жолдарының негізгі бағыттары
Нарықты экономика жағдайына көшкелі де егемен еліміз дамудың талай эксперименттік жолдарынан өтті. Ашығын айту керек, ілгерілеуден гөрі іркілістер әлі де басымырақ болып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны өткен жылғыдан біршама төмендеп кетті. Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп “тұсаулы” жағдайдан шыға алмай-ақ келеді.
Айта келе қорды пайдалануда жоғары нәтижеге жету үшін, жүйенің өндірістік-техникалық ерекшелігін мінездеу үшін факторла мен бағыттар қолдану қажет, ал бұл келесіде байқалады – берілген жүйе масштабы, оның динамикасы, ағымдағы қуат шоғыры, ресурс бөлігінің өзгеруі, иерархиялық басқару құрылымының күрделілігі, жүйелік, тұтастық, материалдық ресурстарды өзгертуге үлкен қабілеттілік және т. б.
Құрылыс материалдар өнеркәсібінде негізгі шикізатты ұнтақтау жүйесінің дамуы негізгі қордың жақсаруымен көрініс табады, жаңа техника мен технологияны еңгізу арқылы, яғни гипс пен мәрмәр тас өндірістерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту деген сөз (өзіндік құн, табыс, рентабельділік, еңбек өнімділігі, жеке қор салымдары және т. б.)
Қазақстан Республикасының экономикасын қазіргі кезеңге сай өркендетудің басты ерекшелігі- оны ғылыми-техникалық прогресс пен шаруашылық механизмдерін жүйелі түрде қайта құру арқылы сауықтыру. Бұл жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарының басқа халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындарына қарағанда біраз артықшылығы бар. Мұндай кәсіпорындардың қор сыйымдылығы аз және қайтарымы басқа салаларға қарағанда жоғары, айналым қаржыларының айналымдылығы жылдам орташа қырық күн. Міне, осындай артықшылықтарды ескере отырып тек өнеркәсіп кәсіпорындарын ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикасын да көтеруге болады 3.
Бүгінгі таңда өндірістік өнеркәсіп ұғымы кең етек алуда. Ол жеке өндірістік бірлік, оның негізі болып кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы, өзінің қол астындағы өндірістік құрал-жабдықтар қолдана отырып, тұтынушыларға профиліне, түрлеріне қарай қажетті өнім шығару болып табылады. Өндірістік кәсіпорындарға зауыттар, фабрикалар, карьерлер т.б. жататыны бізге жақсы мәлім.
Өнеркәсіптің ішкі ортасы адамдар, жұмысшылар, өндірістік құрал-жабдықтар, ақпарат және қаржы. Осы ішкі ортаның компоненттерінің бір-бірімен байланысуының нәтижесі болып дайын өнім болып табылады. Өндірістік кәсіпорынның негізін белгілі бір кәсіби құраммен, квалификацияланған адамдар құрайды. Оларға қажет құрал-жабдықтар, өнім шығаратын негізгі құрал-жабдықтар, айналмалы құрал-жабдықтар. Өнеркәсіпке қажет материалдар мен құрал-жабдықтар, жалақымен, электр қуатымен т.б. есептесу үшін ең бастысы қаржы керек. Ол қаржы банктегі есеп-шотында және өнеркәсіп кассасында жиналады. Сонымен қатар, өнеркәсіптің жұмыс істеуіне ақпарат керек, екеуі де ұмытылмауға тиіс.
Бүгінгі таңда “Жамбылгипс” АҚ-мы ассортимент түрлерін кеңейтуге және шығаратын өнім сапасын жоғарлатуға ұмтылуда. Болашақта бұл кәсіпорын құрылыстық қоспаларға қосатын кейбір қоспаларды шығаруын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын қызметі бағыттарының бірі болып импортты алмастыру өнімінің өндірісін ұйымдастыру, нақтырақ республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймақтарының қажетсінулеріне сәйкес құрылыс цементінің өндірісі болып табылады.
Әрбір кәсіпорын материалдық игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетеді. Ресурстық тапшылық жағдайында әрбір кәсіпорын минималдық шығын деңгейінде максималды нәтижеге ұмтылу керек. Кәсіпорын жұмыс орнын ұсынып, жалақы төлейді. Салық төлеу жолымен ол мемлекеттің экономикасының дамуындағы мемлекеттік бағдарламалардың жұмысына қатысады. Бұл дегеніміз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің болашағына тигізер үлесінің бір бөлігі ретінде ол өзін-өзі ұйымдастырушы және өзі өндіретін әлеуметті-өндірістік механизм, өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік шешімдердің автономдық орталығы болып табылады деген сөз.
Кәсіпорын деңгейінде дамудың жылжымалы мотивтері болып сату көлемінің өсімі және бір жағынан кәсіпорынның экономикалық өсімін, ал екіншіден оның жұмысшыларының өмірлік стандартын қамтамасыз ететін пайда табу. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының өнімнің сатылуы мен ұлғаюына және пайда өсіміне деген қызығушылықтары әр-түрлі оянады. Ол әрбір өндірістің өзінің орны мен рөлімен және де өзінің өндірістік тәсәләмен тікелей байланысты. Сондықтан да кәсіпорынның алдына қйған мақсаттарының жетістіктерінде өте маңызды аспекті болып жұмысшылар қызығушылықтарының гармонизациясы болып табылады.
Түптеп келгенде, кәсіпорын негізгі құралдар тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары болып:
- тасымалдау прогрессивті жүйесін қалыптастыру, гипс шикізатын тиімді дайындау
- құрал-жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қадағалау, экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- құрал-жабдықтардың техникалық және реконструкциялық жағынан қайта қаруландыру.
- стратегиялық маңызды бағыттарды өткізу мүмкіндігін жасау, гипс өнімін және гипс шикізатын диверсификациялау.
Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формациялардың аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Қоғамдық өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі екендігі жақсы мәлім. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Демек, кәсіпорын тиімділігін жоғарлату жолының негізгі бағыты ретінде ғылыми-техникалық прогресстің алар орны өзгеше. Яғни, өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан басталған ғылыми-техникалық прогресстің өзіне тән қазіргі көріністері және ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктер кәсіпорынның тиімділігін жоғарлатуда аса маңызды рөл атқарады, атап айтқанда;
ҒТП кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып, ұдайы өндіріс фазаларына ықпалын тигізеді. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертіп, сапалық жаңалықтар еңгізеді.
Өндірістің интеграциялық қатынасының жоғары дәрежеге жетуі. Экономикалық өсу - өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т.б. жағдайларды күрт өзгертеді.
қазіргі ҒТП-тің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы болып табылады. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан қазіргі компьютерлер, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторларына айналары сөзсіз.
ҒТП-тің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастырудағы айқын көрініс.
қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше, өндіріске озық технологияны пайдалану қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ҒТП әлемдік сипатқа ие болды.
Қазіргі ҒТП өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл шикізаттарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді 12.
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін кәсіпорындар тиімділіктерінің жоғарлауының маңызы зор. Негізгі деп қаралатын мәселелердің қатарына біз шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы, техника мен технологияның бір типтегі түрлері, бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік-мамандық құрылымының өзгеруі, жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі, еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы, өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т.б. жатқызамыз.
Кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі-тұрақты жеке табыстың көзі. Өндіріске қажетті қаражатты (ағымдағы және күрделі қаржыны) кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың тәбетінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайдың өзінде де кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез-келген зиянды шығындарды мемлекет өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады. Ең бастысы, техника мен технологияны жаңарту талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың баршылығы экономикада кәсіпорынның реттегіш рөлін едәуір көтеріп отыр.
Дегенмен, кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру керек.
Өндіріске принципиалды жаңа технологияны енгізу, өндіріс процесіне үлкен икемділік, тез өзгеріп тұратын өндірістік және жеке қажеттіліктерге бейімделу мүмкіндігін беру, микроэлектрониканы кеңінен қолдану мен тарату көптеген материалдық және еңбек шығындарын үнемдеп, комплексті автоматтандыруға көшуге жағдайдың тууы кәсіпорынның игілігіне, сонымен қатар, өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін де күрт көтереді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайына үлкен ықпал ететін циклды факторлардан тәуелсіздігі аз, жоғары тұрақтылықты сипаттайтын жоғары технология салалар кешенін пәрменділікпен дамыту үлкен маңызға ие болады. Ақпараттық саланың рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды – есептеу техникалары өндірісі мен оны бағдарламамен қамтамасыз ету, сол сияқты ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек.[2]
Қазақстанда құрылыс өнеркәсібі экономикалық дамуындағы маңызды сала болып табылады. Құрылыс өнеркәібінің дамуында «Жамбылгипс» АҚ алатын арны ерекше. Ол Тараз қаласында гипс өндіруші алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Гипс өнімдерінің өте жоғары сұранысқа ие болуы кәсіпорында өндіру көлемінің жыл сайын қарқынды өсуіне әкеп отыр. Бұл өнімнің өзіндікқұнының төмендетілуі, өндіріске жаңадан цехтардың енгізілуі, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату, өндірістік техникаларды үнемі жаңарту нәтижесінен болса керек. Қазіргі таңда өндіріске салынған инвестициялардың көп бөлігінің шикізаттық салаға тартылуы құрылыс саласының артықшылықты даму жағдайымен ерекшеленеді.
Шикізаттық бағыттан арылу бүгінгі экономиканың басты мақсаты. Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды 1.
Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісінде қолданылатын техниканың ішінде моралдық және табиғи тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасының жоғарылығы байқалады.
Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.
Өндірісті дамытудың негізі кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі капиталдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
«Жамбылгипс» АҚ негізгі капитал кәсіпорынның маңызды активері болып табылатындықтан негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу кәсіпорынның негізгі міндеті. Кәсіпорында өндірістік қорларды тиімді пайдалану үшін капталды жөндеу жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізіп отыру, бұрғылау ұңғымаларының толық өндіріске қатысуын, өндірістік қуаттарын толық пайдалануын қамтамасыз ету, негізгі қорладың тозу ысырабын азайту, не өндірісті және еңбекті жетілдіру негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос тұрып қалуын қысқарту арқылы олардың тиімділігіне қол жеткізіледі.
Сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, табысы азаяды, бұл кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқартады. Амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорларды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, кәсіпорының нарықтағы жайғасымы ысырап болады.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы 26.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақсатанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан 2006жыл,2 наурыз.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы // 2003жыл,17 мамыр
Сергеев .Экономика педпиятия.:Учеб – М,2003
Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж.
Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.
6. «Жамбылгипс» АҚ-ның мәліметтері бойынша.
Экономика предприятия. В.Я. Горфинкеля В.А. Швандара. Москва 2000
Экономика учебная.А.П. Казанов.Москва 1999 г.
Экономика предприятия С.Т. Купешова
Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.
Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.
Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.
Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы:«Баспа», 2002 ж.
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық үлгілері және оларға методикаалық ұсыныстар. Бөлім 1. Журнал. Алматы: «Бико», 2002 ж.
Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2000-2001 ж.ж
Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының декларациясы, форма 100.
Кәсіпорынның 2005 жылғы негізгі қорлар амортизациясының журналы.
Экономика предприятия В.Я. Хрипач Г.З. Сума. Экономпресс 1999 г.
Экономика предприятия. Н.В. Минеева.
Нарықтық экономика негіздері. Б. Жүнісов.У. Байжомартов.Ү. Мамбетов А-ты 1999 ж.
Жалпы экономикалық теория.Ө.Қ. Шеденов.Б.А.Жүнісов.
Шоқаманов А.Н. ҚР негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер. 1999-2004жыл: Статистикалық жинақ – Алматы,2004
Абдуллина А.Ш. Управление эффективном исползованием основных фондов в условиях формиравания рыночного отношениях.:автореферат - Алматы, 1993
Булатова А.С., Экономика.- Экономист,2004
Бергольц С.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности на современном этапе развития. - М.: Финансы и статистика, 1994
Воронина Е.В. Формированияя эффективной структуры капитала корпораций нефтегазового комплекса.: Афтореферат - Тюмень, 2004
Волков И.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М:ЮНИТИ, 1999
Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия: Учебное для вузов.-М:ЮНИТИ, 1999
Гиляровский Экономический анализ: Учебник - М: Проспект,2004г
Горфинкель В.Я., Экономика фирмы- М:ЮНИТИ,2004г
Дюйсенбаев К.Ш. Анализ хозяйственной деятельности педпреятия: Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 1998.-с.184
Ержанова М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на Казахстанском предприятии.(практический аспект). – Алматы: Издателской дом «БИКО»,2004.-54с
Зайцев Н.К. Экономика промышленного педприятия: Учебное пособие. – М.: Проспект,2004
Каволев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М: Проспект,2004
Кенжегузина М.Б. Экономика Казахстана в условиях глоболизации: механизм модернизации функционорования. - Алматы, 2005
Мельник М.В. Экономический анализ финансово-хозяйственной деятельности.- М:ЮНИТИ,2004г
Макарьева В.И. Анализ финансово-хозяйственной деятельности организаций. – М. 2004г
Пельиха А. С. Экономика предприятия и отрасли промышленности, - М.:Феникс 2003
Прыкина Л.Н. Экономический анализ педприятия: Учебник – М.:ЮНИТИ,2001
Протасов В.Ф. Анализ деятельности предприятия(фирмы): пройзводства, экономика, финансы, инвестиция, маркетинг.- М:2004г
Ростов П.Р., Экономика педприятия и отрасли промышленности.: Учеб.пособие -М:, 2001г
Ротштейн. Фонд развития: функция, образование, исползования. – Экономика,1989
Савицкая Г.В. Экономический анализ.-М:ИНФРА-М, 2004
Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Инностранной капитал и инвестиция. - Алматы: Факсинформ, 1997.-с.293
Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.: Учебник – М: ИНФРА,2001
Чалдаева Л.А. Экономика педприятия: курс в схемах,-М:2003г
47. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің үкімі 21.10.1994 ж. 48. Цай Т.Н. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру М.1999 ж Радостовец
49. К. Бухгалтерлік есеп, Алматы: Бико 1998 ж
Достарыңызбен бөлісу: |