Дипломдық жұмыс «Бек-сервис»


Болуы мүмкін және іс-жүзіндегі механикаландыру деңгейлері



жүктеу 7,93 Mb.
бет3/102
Дата04.12.2017
өлшемі7,93 Mb.
#3061
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

5. Болуы мүмкін және іс-жүзіндегі механикаландыру деңгейлері
УМ,%


ЕО

ТО-1

ТО-2

ТР

Диплом алдындағы практика кезінде мен «Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамының ТҚК мен АЖ технологиясы және ұйымдастырылу сапасын зерттедім.

Талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

1) ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялар тізімінің орындалу толықтығы, ол операциялардың орындалу толықтығы коэффициентімен сипаттала-ды:

Кп = Nф/Nн,

мұнда Nф- іс жүзінде орындалатын операциялар тізімі;

Nн - операциялық-технологиялық картамен қарастырылған операциялар тізімі.

2) Іс жүзіндегі еңбек мөлшерді tф нормалықпен tн салыстыру,%: tф/ tн;

3) Тағайындалған ТҚК мерзімділігін іс жүзіндегімен салыстыру;

4) Өндірістік аймақтар мен учаскелердің іс жүзіндегі және қол жеткізуге болатын механикаландыру деңгейлерін салыстыру;

5) Техникалық дайындық коэффициентінің іс жүзіндегі және қол жеткізуге болатын мәндерін салыстыру;

Талдау нәтижелері бойынша келесі мәліметтер анықталды:

1) ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялары толық көлемде орындалмайды, яғни операциялық-технологиялық картамен қарастырылған 34 операцияның орнына іс жүзінде 21 ғана орындалады, Кп1= 0,62, ТҚК-2 бойынша операциялық-технологиялық картамен қарастырылған 69 операцияның орнына іс жүзінде 37 ғана орындалады, Кп2= 0,54.

2) ТҚК-1 және ТҚК-2-нің іс-жүзіндегі меншікті еңбек мөлшерлері нормадан едәуір жоғары, яғни t1ф/ t1н = 11,3 %, t2ф/ t2н = 14,8 %.

3) ТҚК-1 және ТҚК-2 іс-жүзіндегі мерзімділігі тағайындалған мерзімділіктен орта есеппен 25 % ұзартылып орындалады;

4) Өндірістік аймақтар мен учаскелердің жұмыс орындары механикаланған жабдықтармен нашар қамтамасыз етілген, мысалы, КҚК жұмыстарын 56%-ке дейін механикаландыру мүмкіндігінде, іс жүзіндегі механикаландыру деңгейі бар болғаны 24 % құрайды, ТҚК-1 үшін іс жүзіндегі Умф1=9,8%, қол жеткізуге болатыны 24% құрайды, ТҚК-2 үшін іс жүзіндегі Умф2=8,3%, қол жеткізуге болатыны 21%.

5) Техникалық дайындық коэффициентінің іс жүзіндегі мәні және қол жеткізуге болатын мәннен едәуір төмен.

«Бек-сервис» ЖШС техникалық қызметі жұмысының көрсеткіштерінің талдауы оның жеткілікті емес дәрежеде жұмыс істейтіндігін көрсетіп тұр, себебі автомобильдерді жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға кететін шығындар нормалық мәндерден асып тұр. Бұл, негізінен, автомобильдерді ТҚК мен жөндеу бойынша өндірістік процестердің ұйымдастырылуының және механикаландырылуының төмен деңгейімен түсіндіріледі. АТК техникалық қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін оның жұмысын жақсартатын оңтайлы ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын өндіріске ендіру керек.



    1. Жобалау нысанының мінездемесі

Тапсырма бойынша слесарлы-механикалық бөлімше жобаланатын нысан болып табылады, мұнда салыстырмалы түрде қарапайым бөлшектерді әзірлейді және қалпына келтіреді, сондай-ақ негізінен АЖ аймағы мен агрегаттар бөлімшесі үшін түйіндерді жинауды орындайды. Осы бөлімше жұмысының ұйымдастырылуы бойынша станоктық (метал жону, фрезер және тегістеу) және слесарлық жұмыстар бөлшектерді әзірлеу және қалпына келтіру кезіндегі соңғы өңдеу жұмыстары болып табылады, сондықтан слесарлы-механикалық бөлімше дайындаманы қоймадан, пісіру, темір соғу және басқа да бөлімшелерден алады.

«Бек-сервис» ЖШС слесарлы-механикалық учаскесі өндірістік ғимаратта орналасқан және ТҚК-2 мен АЖ аймақтарымен, агрегаттар бөлімшесімен, орталық қоймамен шектеседі. Учаскеде 5 слесарь жұмыс істейді. Учаске 5-күндік жұмыс аптасы бойынша ұзақтығы 8 сағат бір ауысыммен жұмыс істейді. Учаскенің технологиялық жабдығы орындалатын жұмыстарға сәйкес келеді. Диплом алдындағы практика кезінде слесарлы-механикалық учаскенің жұмысының технологиясы мен ұйымдастырылуында келесі кемшіліктер анықталды:

- учаске механикаланған құралмен нашар жабдықталған, бұл еңбек өнімділігін төмендетіп, жұмыстардың еңбек көлемін жоғарылатады;

- жұмыс орындары технологиялық карталармен жабдықталмаған;

- жабдықтардың учаскеде орналасу тәртібі жұмыстардың орындалу жүйелігіне сәйкес келмейді;

- тежеу барабандарын жонуға арналған станок беттің қажетті тазалығын қамтамасыз етпейді, бұл жөндеу сапасын төмендетіп, барабандардың ресурсын азайтады.

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУ
2.1. АТК жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу
АТК-ның ТҚК бойынша өндірістік бағдарламасы белгілі бір уақыт кезеңіне (жыл,тәулік) жоспарланатын техникалық қызмет көрсетулердің санымен сипатталады.

Жылына 2-рет өткізілетін маусымдық қызмет көрсету (МҚК), ереже бойынша, ТҚК-2 немёсе ТҚК-1-мен бірге өткізіледі және өндірістік бағдарламаны анықтауда жоспарланатын қызмет көрсетудің жеке бір түрі ретінде ескерілмейді.

Қажеттілік бойынша орындалатын АЖ үшін әсер ету саны анықталмайды. Жылжымалы құрамның түрып қалуын жоспарлау және АЖ-ның жүмыс көлемі 1000 км жүріске келетін тиісті меншікті нормативтерге негізделіп анықталады .

АТК жоспары негізгі көрсеткіштер бойынша күнтізбектік жылға тағайындалатындықтан ТҚК-нің әрбір түрі бойынша өндірістік бағдарлама да бір жылға есептеледі. Бағдарлама АТК жұмыстарының жылдық көлемін және жүмысшылардың қажетті штатын анықтау үшін қызмет етеді.



Өндірістік бағдарламаны есептеудіқ циклдік әдісі жобаланатын АТК жылжымалы құрамы үшін ТҚК-1, ТҚК-2 мерзімділіктерін және КЖ-re дейінгі жүрісті тақцауды және түзетуді, цикл ішінде бір автомобилые келетін ТҚК мен КЖ санын есептеуді, циклдан жылға өту коэффициентін есептеп соның негізінде ТҚК мен КЖ-ның цикл үшін алынған сандарын бір жылға бір автомобильге және бүкіл паркке қайта есептеуді қарастырады.

2.1.1. ТҚК мерзімділігін және КЖ-ге дейінгі жүрісті таңдау

және түзету
КЖ-ге дейінгі жүрісті және ТҚК мерзімділігін келесі формулалар бойынша түзетеміз [1]:

, (2.1)

, (2.2)

жүктеу 7,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау