Кездесуде смартфонға электронды Үкімет қызметінің электрондық нұсқасын орнату арқылы қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өздеріне қажетті анықтамаларды алып, құжаттарын ресімдей алатындығын түсіндірді.
«Халқымның салт-дәстүрлері» бағытындастуденттерге мемлекеттік рәміздер тарихы, авторлары, ежелгі қазақ жеріндегі тайпалардың, рулардың таңбалары, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін түсіндіру. Елбасы Жолдауларында айтылған патриотизм, заңға мойынұсынушылық, толеранттылық, ізгілік, мораль мен парасаттылық қасиеттерін жастардың бойына сіңіру арқылы елге деген сүйіспеншілікті, ұжым арасындағы жарқын қарым-қатынасты дамытып, құқықтық сауаттылығын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету мақсатында І-ІҮ курс студенттері арасында «Рәміздерім - мақтанышым», «Мемлекеттік рәміздер –менің рәміздерім», «Тәуелсіз елімнің рәміздері», «Мақтанышым Елтаңбам!» атты тәрбие сағаттар өтті.
Облыс көлемінде Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға еліміздің әр шетінен белгілі ғалымдар, жазушылар арнайы келді. А.Б.Журекенова жетекшілік ететін 2с КШО тобының студенттері конференцияға қатысып, белгілі жазушы Әнес Сарай мен Қажығали Мұханбетқалиұлының, белгілі ғалымдар, тарих ғылымдарының докторлары Мұхтар Әбілсейіт, Талғат Жұмағанбетов, Ұлжан Ахметова, Серік Мәшімбаевтың баяндамаларын қызығушылықпен қабылдады.
2с КШО тобының студенті, өзін-өзі басқару ұйымының белсендісі Бауыржанова Гаухар Алаш партиясының 100 жылдығы және Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған Сырым ауданында өткен республикалық конференцияның ұйымдстыру шараларына қатысып, топ сағатында алған әсерлерімен бөлісті.
Қазақ елі қанталапайға түскен уақытта саналы ғұмырында ұлт тұтастығына қызмет етіп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына зор үлес қосқан қабырғалы қайраткер, Ұлы би, от ауызды, орақ тілді шешен, Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына орай 16-17 қараша күндері Қарағанды қаласында өткен «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты республикалық шешендік өнер байқауына 4а КШО тобының студенті Кайргалиев Ақниет 16 үміткер қатысқан өнер додасында оза шауып жүлделі ІІ орынды иеленді.
Әр халықтың бала қою дәстүрінде өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасары анық. Студенттердің бойында рухани адамгершілік тәрбиені дамытып, ұлттық мәдениетімізді қалыптастыру, есімінің сырын білуге деген қызығушылықты арттырып, бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау мақсатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми кітапханасының оқу залында өткен «Балаға ат қоя білу де – мәдениет...» тақырыбындағы ток-шоуға 2а КДО тобынан Г.Айдарбекова, Б.Сайынова, А.Оңғарбаева, 2а КШО тобынан А.Сарсенбаева, 3а КШК тобынан Б.Шәріпова, Ж.Мубиновтар қатысып, ат қою мәдениетіне байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. С.К.Бисенова жетекшілік ететін 1п КДО тобы көрермен ретінде өз ойларын ортаға салды.
|Еңбекте өмірден ерте кетсе де, бейнелеу әлемінде өзіндік өрнегімен із қалдырған С.Ғұмаровтың 80 жылдығына орай Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен С.Ғұмаров атындағы мұражайымен бірлескен «Өмірді өрнектеп өткен Сәкен» атты танымдық кеш өтті. Кешке Естай Аманғалиұлы жетекшілік ететін 3ас КШИЧ тобы қатысып, суретшінің әр тақырыпта орындалған жұмыстарын талдап, өмір жолы туралы ой қозғады.
Достарыңызбен бөлісу: |