Диалектиканың негізгі категориялары Негізгі ұғымдар



жүктеу 229,91 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі229,91 Kb.
#36144
1   2   3   4
саб 9 Диалектиканың негізгі категориялары (1)

 

 

1. Диалектиканың  тарихи түрлері. 

Диалектика (грек сөзінен аударғанда тікелей 

мағынасы пікірталас, талқылау) философия тарихында әр түрлі мағынада пайдаланылады. 

Ол ежелгі грек мәдениетіңде дүниеге келді. Диалектиканы пікірталас, ой талқылауөнері деп 

түсіну  Сократтан  басталды.  Сократ  шәкірті  Платон  диалектика  ұғымын  анализдеу  және 

синтездеу әдісі деп қарастырды.  

Дүниедегі  табиғат  болсын,  заттар,  рухани  дүние  болсын  үздіксізөзгерісте, 

қозғалыста  болады.  Мұны  ежелгі  грек  философтары  ерте  заманнан-ақ  байқаған.  Олар 

дүниенің  түпнегізі  ретінде  табиғаттың  ең  жылжымалы,өзгермелі  заттарын  алған. 

Анаксимен  –ауаны,  Анаксимандр  –  апейрон,  Фалес  –  суды  субстанция  ретінде 

қарастырады.  Осылайша,  олар  дүниенің  үнеміөзгерісте,  қозғалыста,  бір  күйден  екінші 

күйге  ауысып  отыратынын  байқаған.  Сөйтіп,  олар  тұрпайы,  стихиялы  диалектиканың 

негізін қалады. Бұл – диалектиканың бірінші тарихи формасы.  

Диалектиканың екінші тарихи формасы Гегельдің диалектикасы болды. Гегель бүкіл 

табиғи,  әлеуметтік  дүниені  үздіксіз  қозғалыста,өзгерісте  болатынын  айтты.  Гегель 

диалектиканың  негізгі  заңдарын  тұжырымдап,  оның  категорияларының  негізгі  жүйесін 

жасады. Категориялардыңөзара байланысы арқылы Гегель дүние мен танымның әмбебап 

байланысын  бейнелейтін  заңдылықтарды  ашты.  Бірақ  мұның  бәрі  идеалистік  жүйеде 

жасалынды. Гегель бұл заңдар мен категорияларды объективті дүниенің емес, Абсолютті 

идеяныңөзіндік дамуының заңдары мен категориялары ретінде қарастырды.  

Диалектиканың  үшінші  тарихи  формасы  Х1Х  ғасырдағы  орыс  революцияшыл 

демократтары  А.Герцен,  В.Белинский,  Н.Чернышевский  философиясымен  байланысты 

болды.  Олар  диалектиканы  танымның  және  дүниені  қайтаөзгертудің  құралы  ретінде 

пайдаланды.  Сондай-ақ,  қазақ  халқының  озық  ойшылдары  Шоқан  Уалиханов,  Абай 

Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс демократтар философиясымен жалғасып, 

оларды одан ары дамыта түскенін айта кеткен жөн.  

Маркстік диалектика адамзаттың рухани дамуының шығармашылық шыңы болып 

саналады.  Олөзіне  дейінгі  нақты  ғылымдардың  және  философияның  жетістіктеріне  сын 

көзбен  саралап,  күн  тәртібіне  ғылым  менөмірдіңөзі  қойған  мәселелерді  шешуді  қойды. 



Материалистік  диалектика  логикалық  мазмұнының  терең  байлығымен  ерекшеленді. 

Диалектиканың элементтері тек табиғат пен қоғамның ғана даму заңдардары емес, сонымен 

қатар,  танымның  да  даму  заңдары  ретінде  көрінеді.  Диалектикаөз  мазмұнының  байлығы 

сан  алуан  болуы  арқасында,  бірдей  уақытта,  тек  методология  ғана  емес,  сонымен  қатар 

логика, таным теориясы ретінде де көрінеді  

Материалистік  диалектика  –  философиялық  дүниетанымның  ядросы  болып 

табылады.  сондай-ақ  түрлі  құбылыстарды  оқып,  үйренудің,  дамудың  бағытын, 

заңдылықтарын түсіндіретін әдіс деуге болады. 

Диалектика  –  дүниедегі  түрлі  құбылыстарды  жан-жақты  байланыстармен  қарама-

қарсы  күштердіңөзара  байланысымен  алып  көрсетіп  ойлаудың,  дүниені  түсінудің  тәсілі. 

Болмыстың жалпыға ортақ байланысы,өзгерісі, дамуыөздігінен шешіледі, 

Оларды  түсіну  үшін  ерекше  ойлау  «құралы»  –  диалектика  қажет.  Диалектика 

субъективті  диалектика  және  объективті  диалектика  болып  екіге  бөлінеді.  Ойлауда 

субъективті  диалектика  –  объективті  диалектиканың  бейнесі,  оны  танып,  білудің  тәсілі 

болып табылады. 

Диалектиканың  жалпыға  ортақ  байланыс  пен  даму  туралы  ілім  екенін  білу  үшін, 

алдымен  даму  принципімен,  және  құбылысқа  бірдей  байланыс  приципімен  танысайық. 

Диалектика  даму  туралы  жан-жақты,  терең  ілім.  Материя  қозғалысы  әртүрлі  бағытта 

болады. Солардың ішіндегі ең алдыңғы шептегісі – төменнен жоғарыға қарай бағытталған 

қозғалыс,  бұл  қозғалыс  материяның негізгі  қасиеті  ретінде  көрінеді.  Төменнен  жоғарыға 

қарай, қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған қозғалыс даму деп аталады.  

Диалектика  даму  арқылы  нені  түсінеді.  Даму  –  материалдық  және  идеялық 

объектілердің заңды сапалықөзгерістерінің тұрлаулы процессі.  

Дамудың диалектикалық теориясында ғылым мен практика үшін маңыздысы – даму 

процессінің  қайнар  көзі,  сипаты  және  тенденциялары  жөніндегі  мәселе.  Бұл  мәселеге 

диалектиканың заңдары мен категориялары жауап береді.  

Заттар  мен  құбылыстар,  сондай-ақ,  бір-біріне  әсер  етеді.  Олар  бір-бірінен 

оқшауланбайөзара  байланыста  болады.  Әрбір  жеке  ғылым  белгілі  бір  материалдық 

жүйедегі байланыстардың ерекше жаратылысын зерттейді. Байланыс дегеніміз – заттардың 

белгілі  бірөзгерістерінің  екінші  заттардыңөзгерістеріне  қатар  жүріп  отыратын  қатынасы. 

Бір  заттың  қасиеті  екінші  заттардың  байланысында,  қатынасында  көрініп  отырады. 

Байланыс әртүрлі сипатта болады. Олар:  

– бір заттың екінші бір затпен қатынасы ретінде шығады.  

– денелердің физикалық және химиялық қасиеттерінің арасындағы байланыс.  

– адамдардың бір-бірімен арасындағы, мінез-құлық арасындағы байланыс.  

– материя қозғалысының әр түрлі формаларының арасындағы байланыс.  

Байланыстар  сыртқы  және  ішкі,  тура  және  кері  байланыс  болып  бөлінеді.өзара 

байланыс  қозғалушы  материяның  жалпыға  бірдейөмір  сүру  формасы.  Егер  дүниедегі 

барлық заттар, құбылыстарөзара байланыста болса, онда сол жағдайды ескере келіп, бұл 

құбылысты сол байланыс тұрғысынан қарау керек. Бұл – диалектикалық әдіс талабы.  

«Затты  шын  мәнінде  білу  үшін  оның  барлық  жақтарын,  байланыстарын  қамтып 

зерттеу  керек.  Біз  бұған  ешқашанда  жете  алмаймыз.  Бірақ  жан-жақтылық  талап  бізді 

қателіктерден, ойдың тоқырап қалуынан сақтайды».  

Сонымен,  материалистік  диалектика  дегеніміз  дамудың  жалпы  философиялық 

теориясы. Ол табиғаттың, қоғамның және адам ойлауы дамуының ең жалпы даму заңдарын 

зерттейтін ғылым. Диалектика адам ойлауының, оның болмысына қатынасын және соны 

бейнелейтін  заңдар  мен  категорияларды  қарастырады.  Оның  зерттейтін  пәні,  негізгі 

мәселесі заңдар мен категориялар жүйесінде бейнеленеді. Заң – дегеніміз құбылыстардың 

арасындағы қажетті, тұрақты, маңызды, қайталанып отыратын байланыс.  

Категория  дегеніміз  не?  Категория  –  болмыс  пен  ойлаудың  ең  жалпы  түрлері, 

адамның дүниені тануы мен іс жүзіндеөзгертуінің сатылары.  



Ғылымның ең жалпы ұғымдары, адам ойлауының оның болмысына қатынасының 

сипаттамалары,  ғылымның  қалыптасуы  мен  дамуының  алғы  шарттары.  Адамның 

ойлауыөзінің табиғаты жағынан категориялы, ал категориясыз біз ойлай алмаймыз. Адам 

ойлауының  категориялық  құрылымы  оның  күнделікті  практикалық  қызметінде  ғана 

қалыптасады. Әрбір ғылымныңөзіне тән ұғымдық категориялар жүйесі бар. Философиялық 

категориялар  қоғамда,  адамның  практикалық  қызметінде  қалыптасып  дамиды.  Олар 

танымдық  және  практикалық  қызметтің  ең  жалпы  шарттары  және  принциптері  болып 

табылады.  




жүктеу 229,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау