Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет155/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   176

312 
 
қарастырылмайды  дейді.  Егер  «іс-әрекеттің  немқұрайлы  іс-әрекеттік  құрлымымен  бірге 
ұстаздың  шығармашылық  белсенділігі  де  мөлшермен  берілсе,жаңа  педагогикалық  ойлар 
және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі»,-дейді. 
М.С.Левит:  «кәсіби  жұмыс  технологиясын  менгермеген  педагог,  оқытудың 
стратегиясы  мен  тактикасы  жайлы  білімді  қайдан  алу  керек  екенін  білмейді.  Тек  жоғары 
дәрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», - деген екен. 
В.П.Беспальконың  айтуынша,  әрбір  іс-әрекет  не  технология,  не  өнер  болуы  мүмкін. 
Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, 
технологиямен  аяқталады,  ал    педагогикалық  іскерлікке  онсыз  айналып  өтуге  болмайды. 
Экспромтқа қарама-қарсы,  интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық 
іс-әрекетке  көшу болып табылады. 
Оқыту  технологиясын  жаппай  ендіруді  зерттеушілер  60-шы  жылдардың  басына 
жатқызады  және  оны  алғашында  американдық,  ал  одан  соң  европалық  мектептің  қайта 
өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал 
зерттеушілер:  Дж.Кэролл,  Л.Н.Ланд,  Ю.К.Бабанский,  Л.М.Эрдниев,  Н.П.Раченко, 
Л.Я.Зорина,  В.П.Беспалько,  М.П.Хомерики  және  басқалардың  ғылыми  еңбектерінде 
көрсетілген. 
Бастапқыда  көрсетілген  педагогтер  оқыту  технологиясы,  оқу  технологиясы  және 
педагогикалық  технология  арасында  өзгешілік  қоймады.  «Педагогикалық  технология» 
термині  тек  қана  оқытуға  байланысты  қолданылады,  ал  оқу  технологиясы  өзі  техникалық 
құралмен  оқытуды  түсіндіріледі.  Бүгін  пеагогикалық  технологияны,  педагогикалық 
тапсырмаларды  шешумен  байланысты,  педагогтің  зерттеу  іс-әрекеті  ретінде  немесе  алдын-
ала жобаланған педагогикалық  үрдісін тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы 
ретінде  түсіндіріледі.  Педагогикалық  технология  туралы  бұндай  көріністер  былай 
анықталады: 
-  өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың 
әр түрлі тандаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері; 
-  мақсатқа  сай  педагогикалық  технологияларды  өзіндік  таңдау  мүмкіндіктері, 
мұғалім  және  оқушылар  іскерліктерінің  өзара  байланысты  мүмкіндіктерімен  және 
шарттарымен байланысты. 
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін 
ғылыми  жобалау  және  нақты  өндіру.  Сонымен  педагогикалық  үрдісс  белгілі  жүйе 
қағидаларында  құрылатын  болғандықтан,  педагогикалық  технология  сыртқы  және  ішкі 
болып  бөлінеді.Осы  қағидаларды  жалғастырмалы  орындау  олардың  обьективті  қарым-
қатынасында  және  педагогтің  тұлғасын  толық  көрсететін  жинағы  ретінде  қарастырылуы 
мүмкін. 
Қоршаған  ортамен  оның  қарым-қатынастарына  қатысты  балаға  ғылыми  негізделген 
әсер ету. Н.Е.Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа 
қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық 
технология  бұл  көзқарастан  –  бұл  табиғи  және  тепе-тең  педагогтің  іс-әрекеті,  жетіліп  келе 
жатқан  жағдайды  сипаттайды.  Психологиялық-педагогикалық  және  оның  жоғарғы 
руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланысты болады. 
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары  (дидактикалық технологиялар) 
және  тәрбиелеу  технологиялары  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  В.В.Ликан  бұл 
технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді: 
-  технология  нақты  педагогикалық  ой  түрінде  өндіріледі,  оның  негізінде  автордың 
белгілі  әдіснамалық  философиялық  ұстанымы  жатады.Осылайша,  білім  беру  үрдісінің 
технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады; 
-  педагогикалық  іс-әрекеттердің  технологиялық  тізбегі  операциялары,  қарым-
қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес 
тізбектеледі; 


313 
 
-  диалогтық  қарым-қатынас  адами  және  технологиялық  мүмкіндіктерді  тиімді  іске 
асыру,  даралау  және  саралау  қағидаларын  негізге  ала  отырып  келісімді  түрлі  мұғалім  мен 
оқушылардың өзара қарым-қатынасы іс-әрекетін технология қарастырады; 
-  педагогикалық  технологияның  элементтері  бір  жағынан  кез-келген  мұғаліммен 
өндірілуі  қажет,  ал  екінші  жағынан  қарағанда  барлық  оқушылардың  жобаланған 
қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді; 
-  педагогикалық  технологиялардың  органикалық  бөлігі  болып  табылатындар  – 
диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және 
ережелер, белгілі ұстанымдар. 
Педагогикалық  технология  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  қарым-қатынаста. 
Педагогикалық  технологияны  өте  жақсы  меңгеру  дегеніміздің  өзі  –  шеберлік.  Технология 
және  шеберлік  қатынастарына  қарағанда  меңгеруге  болатын  педагогикалық  технология 
басқалар  сияқты  тек  қана  орталықтанбайды.  Педагогтің  тұлғалық  ерекшеліктерімен 
анықталатыны  байқалады.  Бір  ғана  технология  әр  түрлі  мұғалімдермен  іске  асуы 
мүмкін,бірақ  оны іске  асыру  ерекшеліктерінде  олардың  осы  педагогикалық  шеберлігі  және 
кәсіби іскерлігі көрінеді. 
Сонымен,  оқыту  технологиясы  сабақ  беру  әдістемесімен  салыстырғанда, 
оқушылардың  өздерінің  іс-әрекетін  ұйымдастыру  тәсілдері  және  мазмұнын  өндіруді 
көрсетеді.  Олар  диагностикалық  білім  маңыздылығын  және  оқыту  үрдісінің  қасиеттерінің 
жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Ксензова  Г.Ю.  Перспективные  школьные  технологии.  –  М.:Педагогическое 
общество России,2000 
2.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации  /  Сост.А.П.Чернявская.-
Ярославль:изд-во ЯГПУ им К.Д.Ушинского, 2002 
3. Рысбаева А.Қ., Қоңырбаева С.С. және басқалар. Жоғары оқу орындарындағы білім 
мазмұны және оқыту технологиялары. /  Дәрістер жинағы /.- Алматы: «Полиграфия –Сервис 
К», 2010 
4.  Селевко  Г.К.  Авторские  программы,  педагогические  технологии,  инновационные 
школы.- Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997 
5.  Монахов  В.Проектирование  и  внедрение  новых  технологий  обучения.- 
М.:Педагогика, 1990  г 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІН 
ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ 
 
Үмбетәлі Ж.Б. 
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке 
дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, 
zhanar.umb@mail.ru
 
 
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 
халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 
жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 
дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау