Дәрістер кешені пәні –«Жалпы гигиена»



жүктеу 1,35 Mb.
бет4/8
Дата21.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#5426
1   2   3   4   5   6   7   8

VІ.Қорытынды сұрақтар:

    1. Топырақтың гигиеналық маңызы неде?

    2. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы неде?

    3. Топырақты сұйық қалдықтардан тазарту әдістерін атаңыз.

    4. Топырақтың санитарлы-эпидемиологиялық көрсеткіштерін атаңыз.

10.



І.Тақырыбы: Елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салудың гигиеналық негіздері.

ІІ.Мақсаты: студенттерді елді мекендерді жоспарлау және құрылсын салудың гигиеналық негіздерімен таныстыру.

ІІІ.Дәріс тезистері:

Елді мекенді жоспарлаудың маңызы. ХХ-ғасырдың бір ерекшелігі урбанизация үрдісінің жоғарылауы, яғни қалада халық санының өсуі болып табылады. Ол ескі қалалардың кеңейтілуі және жаңа қалалардың, жаңа өндірістік мекемелердің салынуымен, сонымен қатар табиғи қазыналардың игерілуімен байланысты Мұндай жағдайларда гигиенаның негізгі міндеті, тұрғындардың өміріне қолайлы жағдай жасау, ол бүтін экономикалық аудандар (аудандық жобалау) немесе жеке аймақтар (тұрғын аймақтарды) салу арқылы іске асырылады.

Жобалау сұрақтарын шешуде қолданылған негізгі нормативтік құжат ҚНменЕ РК №3.01.01-2002. «Градостройтельство. Планировка и застройка городских и сельских населений» болып табалады.

Бұл құжат республиканың барлық елді мекендеріне қатысты. Бұл құжатқа сәйкес барлық елді мекендер халық санына байлнысты және елді мекеннің дамуы мен демографиялық болжауын ескере отырып жеке топтарға бөлінеді.

Жоспарлау сатылары. Елді мекенді жобалау және салудың барлық кезеңдерінде сақтық санитарлық бақылау жүргізіледі. Қалаларды жобалау 3 негізгі сатыдан тұрады; бірінші саты аудандық жоспарлаудың жобасы мен сызбасы негізінде қаланың бас жоспары құрылады; екінші саты- қаланың бас жоспары негізінде нақты жоспарлау жобасы өңделеді; үшінші саты – нақты жоспарлау жобасы құрылыс жобасы құрылады.

Типографиялық картада елді мекендер және нысандар, сонымен қатар жергілікті жердің рельефі бейнеленеді. Жергілікті жердің рельефінің ерекшелігі архитектуралық және санитарлық сұрақтарды шешуде маңызды рөл атқарады.

Жағдаяттық жоспар болашақта салынатын нысанға бөлінген жер учаскесі, оның маңайындағы территория бейнеленген карта. Ол, нысанды территорияда дұрыс орналастыруға және басқа нысандармен ара қатынасына баға беруге көмектеседі.

Типографиялық және жағдаяттық жоспарларды есепке ала отырып бас жоспар өңделеді, мерзімі 20 жыл. Бас жоспардың жалпы сипаттамасы қала түзуші базалар туралы, халық саны, жерді функциональды аймақтарға бөлу арқылы мәліметтері бар түсініктеме қағазда беріледі.



Функционалды аймақтар. Санитарлық қызмет бас жоспарда көрсетілген қала территориясының функционалдық аймақтарының дұрыстығына баға береді. СПиП «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселений» құжаты бойынша қала территориясы селитебті, өндірістік және ланшафты –реакционды территорияларға бөлінеді.

Селитебті территорияда тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, ғылыми зерттеу институттары т.б. әр түрлі мекемелер, көшелер торабы, саябақтар, алаңдар орналасады. Сонымен қатар бұл аймақта санитарлық қорғау аймағын қажет етпейтін коммуналды және өндірістік нысандарды орналастыруға болады.

Өндірістік территорияда өндірістік өнеркәсіптерді және олармен байланысты нысандарды, тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелерді, коммуналды нысандарды орналастыруға болады.

Ландшафты –рекрециялық территория қалалық ормандар, бақтар, орман қорғау аймақтары, су қоймалары, ауыл шаруашылығына қолданған жерлерден тұрады.

Құрылыс жүйесі. Елді мекеннің құрылыс жүйесі жергілікті жердің табиғи климаттық жағдайларына байланысты. Егер жергілікті жерде қатты жерлер соғатын болса, оларды қорғау мақсатында периметральді құрылысты қолданады. Периметральді құрылыс дегеніміз – ғимараттарды көше бойымен, кварталдың төрт жағынд тұйық тік төрт бұрыш түзіп орналасуы. Бұл жүйенің кемшіліктері: кварталдың нашар желдетілуі және инсоляцияның төмендеуі.

Тізбекті құрылыс кезінде кварталдағы ғимараттар бір –біріне параллель орналасады, ғимараттың осьтік бағыты инсоляция және желдетілу жағдайларына байланысты болып келеді.Топтық құрылыс дегеніміз квартал немесе шағын аудан территорияларында бірнеше топ үйлердің үйлесімділігі, бұл кезде топ ішінде орналасқан үйлер қорғалады.

Кейбір жағдайларда еркін құрылысты қолданады, бұл кезде инсоляцияны, аэрацияны, шудан қорғауды және архитектуралық әдемілікті ескере отырып ғимараттар бос орналасады. Бірақ қазіргі кезде қала салу тәжірибесінде құрылыстың комбинирленген түрі қолданылады. Комбинирленген құрылыс- әртүрлі жүйелердің элементтерінің үйлесімділігі.



ІV.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

V.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



VІ. Қорытынды сұрақтар:

  1. Елді мекенді жоспарлаудың гигиеналық маңызын қандай?

  2. Жоспарлау сатыларын атаңыз.

  3. Қандай функционалды аймақтарды білесіз?

  4. Құрылыс жүйелерін атаңыз.

11



І. Тақырыбы: Тамақтану – денсаулық факторы ретінде. Тиімді тамақтанудың қазіргі кездегі аспектілері.

ІІ. Мақсаты: студенттерді адам ағзасы өміршеңдігінің маңызды факторы ретінде, тамақтанумен таныстыру

ІІІ. Дәріс тезистері:

Адам өмір сүру үрдісінде үнемі жұмыс істейді. Ол жер жыртады, егін егеді, өнім жинайды, ғылыми еңбектер жазады, оқу оқиды, үйлер мен заводтар салады, басқа да пайдалы мыңдаған істерді атқарады.

Сондықтан халықты тамақтандыру – аса маңызды әлеуметтік проблема болып отыр.

Жер қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдарды жеткілікті мөлшерде тойғызып тамақтандыра ала ма ? Сөз жоқ, тамақтандыра алады, тіпті қазіргіден 2-3 есе көбейіп кетсе де тамақ жетеді, бірақ ол үшін қоғамның негізгі күштері адам игілігіне бағытталуы тиіс.

Жер үстінде қаншама дәнді дақылдар, жемістер , көкөністер өседі, байтақ өрісімізде қаншама қанатты, тұяқты, жануарлар – құстар , аңдар , малдар өседі , ұшы- қиырсыз мұхиттарда қаншама балықтар, молюскалар, балдырлар тіршілік етеді – осының бәрін тамақ ретінде пайдалануға болады,

Тамақтың неғұрлым көп пайда келтіруі , балалардың денсаулықтары мықты, күшті , қайратты болып өсуі, адамдардың жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тиімді тамақтану заңдарын жақсы білуге тиіс.

Адам нешік , біздің уақтымызда да тиімді тамақтану элементтерін , мәселен, денсаулықты сақтау үшін қажетті ақуыздың мөлшерін, оның қажетті мөлшері нақты қай өнімдерде болатынын жұрттың бәрі біле бермейді, ал өзінің күнделікті рационында іс жүзінде қанша ақуыз бар екенін ешкім тексермейді.

Дұрыс тамақтану үшін мынадай үш үрдісті сақтау қажет :

1.Тамақпен келіп түскен энергия мен адамның тіршілік ету кезінде жұмсайтын энергиясы тепе-тең болу қажет;

2.Ағзаға қажет қоректік заттар белгілі бір мөлшерде және арақатынасында болғаны жөн .

3. Тамақтану тәртібі сақталу шарт( тамақты белгілі бір уақытта ішу және тамақтанған кезде белгілі бір мөлшерде тамақ ішу).

Осы үрдістердің әрқайсысын толығырақ қарастырып көрейік.

1. Дұрыс тамақтанудың бірінші үрдісі - энергия теңдестігі .

Ағзадағы энергия көмірсудың , майлардың, азырақ мөлшерде ақуыздардың биологиялық қышқылданудың үздіксіз болып жататын үрдістері нәтежесінде босайды. Бұл заттардың көпшілігі көмірқышқылы мен суға дейін ыдырайды да, энергия фосфорға бай қосылыстарға аденозинтрифосфор (АТФ) қышқылына шоғырланады.

Жұмыс үстінде ғана емес , ұйықтаған немесе жатып тыныққан, біршама тыныш кезде де ағзадағы физиологиялық қызметтер жүректің соғуын, тыныстауды, дененің температурасын бір қалыпты денгейде ұстауды, т.с.с. қамтамасыз ету үшін энергия қажет. Соңғы мәрте тамақ ішкеннен кейін 12-14 сағаттан соң бір шама тыныш жағдайда және 20 градус температурада өлшеген ағзаның энергия жұмсау деңгейі негізгі алмасу деп аталады.

Қазіргі кезде дені сау адамның рационында ақуыздың , майлар мен көмірсулардың арақатынасы шамамен 1: 1: 4 болуы тиіс . Бұл арақатынас – адам ағзасын пластикалық қажеттерін де , энергиялық қажеттерін де толық қанағаттандыру үшін ең қолайлы арақатынас.

Тамақ өнімдерінің ақуыздары адам үшін алмастырылмайтын 8 және алмастырылатын 12 амин қышқылдарынан тұрады. Дұрыс тамақтану үшін амин қышқылдарының алмастырылатыны да, алмастырылмайтыны да белгілі бір мөлшерде қажет болады .

Күнделікті өмірде адам тамаққа жануар және өсімдік дүниелерінен алынатын ақуыз қоспасын пайдаланады және олардың қолайлы арақатынасы 60: 40 тан 50:50 – ге дейін , орта есеппен 55: 45 болу тиіс.

Әр түрлі ет пен балық , сүт және сүт тағамдары , әсіресе кілегей , қаймақ, ірімшік, әр түрлі кондитерлік тағамдар майға бай келеді. Оның үстіне ас әзірлегенде да май қолданылады . 100 гр. сиыр етінде – 30, қаз етінде – 27, шұжықта- 15, ірімшікте – 30, сүтте – 3 граммға дейін май бар.

Майдың тағамдық құндылығы оның құрамында бірнеше қос байланысы бар линол, линолен, арахидон май қышқылдарының болуында. Әсіресе өсімдік майларында олардың мөлшері жоғары . Сондықтан өсімдік майын күнделікті рационымызда көбейту керек .



ІV. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

V. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



VІ. Қорытынды сұрақтар:

1. Тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

2. Ағзаның энергетикалық балансын дегеніміз не?

3. Тағамдық биологиялық құндылығы қандай?

4. Тәуліктік энергия шығыны қалай есептеледі?

12



І. Тақырыбы: Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу.

ІІ. Мақсаты: студенттерге алиментарлық аурулар мен олардың алдын алумен таныстыру.

ІІІ. Дәріс тезисі: Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. Дүние жүзілік денсаулық сақтау (ДДС¥) ұйымының жіктеуі бойынша олар:

I. Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын аурулар.

II. Жарамсыз тагамдарды қабылдаумен байланысты аурулар.

III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ферментопатиялар, тагам аллергиялары) деп бөлінеді.

Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топқа бөледі:

•толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар - алиментарлық дистрофия.

•тамақтанудың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар - бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде немесе абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты.

•артық тамақтанумен байланысты аурулар.

•тағамдық азықтардың дұрыс балансталмағандыгына және тамақтану ре- жимінің сақталмауына байланысты аурулар.

Аштық кезінде немесе жалгіы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруга дене салмағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, "аштықтан ісіну", ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігімен байланысты ауруларга жататындар:

•ақуыз-энергня жетіспеуиіілігі (квашиоркор, алиментарлық маразм, ане- мия, кахексия, алиментарлық қортықтық).

•дәрумендердің жетіспеуиіілігі - гипо- және адәрумендіктер (қырқұлақ, мешел, тауық соқырлыгы, бери-бери, пеллагра, т.б.)

•минералдық заттардың жетіспеуиіілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, ме- шел т.б.)

•майлардың жетіспеушілігі - "май жетіспеушілік" ауруы

•көп қанықпаган май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеушілігі

Тамақ жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар тұрмысы нашар халықтардың арасында, әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері: тамаққа жарымау, рационда жануар текті ақуыздардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы. Бұл жағдайда тамақ жетіспеушілігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады, себебі басында биохимиялық бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.

Егер, рационның энергиялық құндылыгы энергия шыгынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам ақуыздары да, агзаның өз тіндерінің ақуыздары да, энергиялық материал ретінде пайдага асады, бұл ақуыз-энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады. Ақуыздар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде, агзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің коріністері байқаладьг. Бұлармен қатар, А дәруменінің және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі жэне гипохромды анемия пайда болады.



«Квашиоркор» емшектен шығарылған бала" немесе басқа түсінікте - "қызыл бала" деген магынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруга ұйқышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағыньгң азаюьг, терісі мен шашының түсі озгеруі, беті, аягы, шабы қьгзғьглтьгм тартуы, депигментация, шашының агаруы, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс жэне тұрақты түрде іш өтуі, алдьгмен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек - беті мен аяқ- қолының ісуі, бауьгрыньгң үлкеюі, атторексия тән. Ауьгр жағдайларда ақыл-есі ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.

Алиментарлыц маразм — атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы әбден жүдегенге дейін томендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады, ішектің нұсқасы (жобасы) байқалады. Негізгі алмасуы томендейді, дененің температурасьт томендеу боладьт, жиірек іш қатады, кейде аштықтан диарея бол)'ы да мүмкін.

Тагамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде, "май жетіспеушілігі" деп аталатьгн ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасының азаюьгмен, осуі жэне дамуыньгң баяулауымен, бауьгрдың, бүйректің, эндокриндік жэне жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабыргасының өткізгіштігі жоғарылауьг, репродуктивті қьтзметінің нашарлауы, терісінің экзема тэрізді зақымдануьг, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.

ІV.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

V.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008


VІ. Қорытынды сұрақтар:

  1. Алиментарлық ауруларға анықтама беріңіз.

  2. Дұрыс тамақтанбаудан болатын аурулар қалай жіктеледі?

  3. Квашиоркор ауруы дегеніміз не?

  4. Алиментарлық маразм ауруы дегеніміз не?

6 семестр

1



І.Тақырыбы: Ұйымдастырылған ұжымдардағы тамақтанудың ұйымдастырылуына гигиеналық бақылау жүргізу әдісі.

ІІ.Мақсаты: студенттерді гигиеналық бақылау әдістері және оны ұйымдастырылған ұжымдарда ұйымдастырумен таныстыру.


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау