Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



жүктеу 146,5 Kb.
бет40/49
Дата29.04.2022
өлшемі146,5 Kb.
#38328
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

Тарих философиясы

Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф «уақыты». Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері.

Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері.

Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.

Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы прогресс және регресс .

Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. «100 жаңа есім» жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігіТаным екі жақтың бірлігінде беріледі, сезімдік және рационалдық, олардың әр қайсысын сипаттай отырып, олардың да өз құрылымы бар екенін көреміз.

Сезімдік таным адамды сыртқы дүниемен байланыстырады, қоршаған ортаның заттар мен құбылыстары туралы көрнекті түсінік береді, әр алуан жеке түрлі функционалдық шындықта бағыт таңдауға мүмкіндік береді . Сезімдік таным өте ежелгі таным түрі, ол негізінен адамды қоршаған шындыққа шығатын бірден- бір маңызды жол, сезімдік танымның үш түрі бар: түйсік, қабылдау, елестеу. Біріншісі қарапайым сезімдік әсерлерді береді, ол заттардың тек тек бір қасиеттері мен сапасын бейнелейді, екіншісі - өте күрделі бейне, түйсіктің негізінде пайда болған, заттың жеке қасиетін ғана емес, олардың жиынтығын, бүтіндігін бейнелейді; үшіншісі - бұл да шындықтың толық сезімдік бейнесі, бірақ ол тікелей қабылдамайды, ес арқылы қайта көрінеді. Бұл бейне түсінік пен қабылдауға тән көрнектіліктен айырылған, бірақ оның жинақтау қасиеті зор. Сезімдік танымның ерекшелігін баяндағанда оның түрлері сыртқы дүние заттарын күрделене бейнелеудің көздері екенін аша көрсету керек.

Рационалдық таным (логикалық ойлау, абстрактілік ойлау) - бұл екінші, танымның жоғарғы сатысы. Ол сезімдік танымның нәтижесіне сүйенеді, бірақ өзі көрнектілікті қажет етпейді, шындық пен тікелей байланыста болмайды және синтездік қортылған білім береді, бұларсыз адам қызметі тиянақты болмайды. Рационалдық таным да үш түрде болады: ұғым, пікір ой қорыту. Біріншісі ой түрінде, заттар мен құбылыстардың ең жалпы маңызды жақтарын, сапасын, байланысы мен қатынасын бейнелейді, екіншісі ойды жеткізу үшін түрлі ұғымдар арасындағы қатынасты белгілеп анықтайды, қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайды немесе теріске шығарады; үшіншісі, пікірдің ерекше түрі, оның арқасында бір немесе бірнеше пікірден (алғышарттан) туатын, біздің білімді қорытындылайтын жаңа пікір ( ой қорыту) туады.

Бұл сұрақтағы ең керегі - сезімдік пен рационалдық бірлігін түсіну. Дүниені сезімсіз тану мүмкін емес, сонымен катар ол танымның бастапқы кезеңі ғана жоғарғы рационалдық танымның негізгі бұлағы. Сезімдік таным бізге жеке салдар, түр, құбылыс туралы білімдерді береді, ал рационалдық мазмұнды, мәнді, жалпыны, себепті, заңды анықтайды.

Сезімдік пен рационалдық танымның жалпы мақсаты білімді немесе процесстер мен құбылыстарды дұрыс бейнелейтінін табу. Сондықтан, ақиқат не екенін анықтап білу және біздің санамыздың ақиқатқа барар жолын көрсету маңызды.

Ақиқат дегеніміз бізді қоршаған орта туралы біліміміздің объективтік шындыққа дәлме-дәл келетін мазмұны. Ақиқаттың барлығы объективті. Философияда бізге таные «объективтік» деген ұғымды субъектінің санасынан тәуелсізді белгілеу үшін қолданады.

Қорыта айтқанда, практиканың тану процесіндегі ролі оның ақиқаттық өлшемі болуымен аяқталмайды. Оның рөлі әлде қайда кең, ол: а) танымның бастамасы, көзі ретінде, ә) танымның негізі ретінде, б) танымдық әрекеттердің мақсатын анықтаушы ретінде қызмет жасайды.

Ғылыми ақиқаттың ерекшелігі және оның жаратылыстану ғылымдарындағы және әлеуметтік-гуманитарлық танымда объективтендірілуінің формалары.

Әдіс (метод) мәселесі.Танымның негізгі әдістері. Логика және әдістеме. Ғылыми таным әдістері. Рационалдылық феномені. Ғылым әлеуметтік институт. Казіргі заманғы ғылымның даму перспективалары.




жүктеу 146,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау