Дәріс тақырыбы: Графтар теориясы (5 сағат) Негізгі сұрақтар



жүктеу 0,75 Mb.
бет19/23
Дата03.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#35463
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
лекция

Анықтама. Мультиграфтың барлық қабырғалары болатын цикл Эйлер циклы деп, ал Эйлер циклы бар граф Эйлер графы деп аталады. Жоғардағы суреттегі мультиграфта Эйлер циклы жоқ, себебі онда дәрежесі тақ төбе бар. Айталық ондай цикл бар деп жориық. Олай болғанда бұл циклдың бойымен жүре отыра графтың кез келген төбесіне одан шығу қанша болса сонша рет кіреміз. Демек, G графының әр төбесінің дәрежесі жұп болуы керек. G графында керісінше барлық төбелер тақ дәрежелі.

Бұл тұжырым кез келген бағытталған G графына да жарамды. Сонымен бағытталмаған G графында оның барлық қабырғалары арқылы өтетін цикл бар болу үшін G графының төбелерінің дәрежесі жұп болуы қажетті.



Анықтама. Бағытталмаған (бағытталған) G графындағы цикл оның барлық қабырғалары арқылы өтсе, ол- Эйлер циклы деп аталады. Бағытталмаған графта Эйлер циклы бар болу үшін бұл графтың байланысты болуы қажетті.

Анықтама. Кез келген х,уV(G) төбелерін қосатын жол бар болса бағытталмаған G графы байланысты граф деп аталады.

Анықтама.Егер С циклы Бағытталмаған G графының барлық қабырғалары арқылы өтетін болса, кез-келген х,у V(G) төбелері үшін C циклының х төбесінен у төбесіне апаратын C(x,y) кесіндісі х-тен у-ке апаратын жол болып табылады. Олай болса G байланысты. Эйлер циклының бар болуы үшін графтың дәрежелерінің жұп болуы және оған қоса графтың байланысты болуы жеткілікті екен.

Эйлер теоремасы. Бағытталмаған графта Эйлер циклы болу үшін оның байланысты болуы және оның барлық дәрежелерінің жұп болуы қажетті және жеткілікті.

Эйлер теоремасын шамалы өзгеріспен бағытталған графтарға да қолдануға болады. Ол үшін бағытталған графтардың да байланысты болу ұғымын енгізу керек.

Доғаларының бағыттарын алып тастағаннан кейінгі алынған бағытталмаған G графы байланысты болса, бағытталған °G графы байланысты деп аталады.

Теорема.Бағытталған G графында Эйлер циклы болу үшін оның әр төбесіне кіретін дәрежемен шығатын дәрежелердің бірдей болуы қажетті және жеткілікті. дәр.+(х) = дәр.- (х) барлық xV(G).

Байланысты және тиелген бағытталмаған графтағы белгіленген V0 және Vn төбелерін қосатын ең қысқа жолды іздеуді жүзеге асыратын Форд алгоритмі.

V0төбесіне λ0таңбасы беріледі де, қалған төбелердің таңбалары λ=∞V0 болады.

(Vi, Vj) қабырғаларының ішінен λj–λi>L((Vi, Vj))орындалатындай қабырғалар ізделеді және олардыңλjиндекстері λj'=λi+L((Vi, Vj )) алмастырылады. Индекстрді өзгерту процесі одан әрі λj таңбасын азайту мүмкіндігі болмайтын бірде бір қабырға қалмағанша жүргізіледі. Нәтижесінде әр төбенің таңбасы осы төбенің V0 төбесіне дейінгі ең қысқа қашықтықты көрсетеді. Ең қысқа жолдың өзін табу үшін Vn төбесінен екі жағындағы төбелердің таңбаларының айырымы қабырғаның ұзындығына тең қабырғалардың бойымен қозғалу қажет.



Гамильтон циклдары.Гамильтон циклдары туралы есептің интерпритациясы ретінде ең көп тараған коммивояжер туралы есепті қарастыруға болады.

Коммивояжер аралайтын бірнеше қалалардың арақашықтықтары белгілі.

Барлық қалаларда бір реттен ғана болып алғашқы шыққан қаласына қайтып келетін маршрутты табу керек. Егер мұндай маршруттар бірнешеу болса, олардың ең қысқасын табу керек. Мұндай есептер іс жүзінде жиі кездеседі, мысал үшін өндіріс өнімдерін сауда орталықтарына ең қысқа жолмен жеткізу есебі.

Мұндай есептерді шешудің жалпы ортақ теоремалары мен көлемі жөнінен шағын, әрі тиімді алгоритмдердің жоқтығы есепті шешуде қиындықтар туғызады.




жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау