Маркетинг комплексі. Нақты стратегия маркетинг комплексінің мына элементтерін қамтиды: жаңа тауар, сатуды ұйымдастыру, жарнама өнім өткізуді ынталандыру, баға және тауарды бөлу.
Маркетингке жұмсалатын шығындар. Меңгеруші маркетинг бюджетінің көлемін анықтайды, жоғарыда келтірілген стратегияның бәрін жүзеге асыру үшін қажетті қаржы мөлшерін анықтайды.
Жұмыс бағдарламасы. Мына сұрақтарға жауап беру арқылы маркетинг стратегиясын нақты іс бағдарламасына ауыстырады:
1)не істеу керек? 2) ол істі қалай атқаруға тиіс? 3)оны кім атқарады? 4) бұл іс қанша тұрады?
Бюджет. Жоспарланған шаралар нәтижесінде меңгеруші оған қажетті бюджетті дайындайды, былайша айтқанда бұл пайда және зиян жөніндегі іс жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |