Бақылау сұрақтар:
1. Тұмар тарихи дастан
2. Геродоттың Тұмар жөніндегі мәліметтері
3. Шырақ батыр туралы дастанның сюжеті
4. Алып Ертоңға дастанының сюжеті
5. Алып Ертоңға дастанының негізгі идеясы
6 Орхон –енесей ескерткіштерінің зерттелуі
7. Түрік қағанатының негізін қалаушылар
8. «Күлтегін» жазуы және тарихи шындық
9. «Күлтегін» жыры және қазақ эпосы
Әдебиеттер тізімі:
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Окулық. -А.,1986
Келімбетов И. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Окулық. -А., 1991
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия /Құрастырған А.Қыраубаева/. -А., 1991
Келімбетов Н., Канафин Ә. Тұркі халыктары әдебиеті. -А., 1996
Сүйіншәлиев Х.Казақ өәебиетінің қалыптасу кезендері. -А.,1967.
Сағындықұлы Б. «һабат-ул хақайиқ» XII ғасыр ескерткіші. А., 2002.
Ақынжанов М. Казақтың тегі туралы. Зерттеу. -А.,1962 Албани Б.Қ. Тарихитаным. -А.,1994
Әбілғазы. Түрік шежіресі /ауд. Б.Әбілкасымов/. -А., 1992 Бабырнама /казақ тіліне аударған Б.Қожабекұлы/. -А.,1993 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. -А., 1989
Бартолъд В.В. Шайбаниды//Сочинения. т.2. -М.,1964
Дәріс: 5-6
Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы». «Қорқыт ата» кітабы - оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші. «Оғыз-наме» («Оғыз - қаған» эпосы). "Оғыз-наме" түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма
Cабақты өту түрі: Активті
Жоспары:
1.Ғұндардың батырлық дастандары
2. «Оғыз-наме» («Оғыз - қаған» эпосы) дастаны түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресі
3.«Оғыз қаған» дастанының зерттелуі
4.«Қорқыт ата» кітабы
5. «Қорқыт ата» кітабының зерттелуі
Қазақ халқының көнеден қалған рухани мұраларының бірі – «Қорқыт ата» кітабы. Даналық дастаны деп аталатын бұл шығарма ежелден күллі түркі әлеміне ортақ мұра.Көсем сөздің шебері.Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата – өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт – аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады.Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесіне назар бұрсақ.«Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата» кітабының мұқабасы.«Қорқыт атадан қалған бір сөз мынадай…» деп басталатын базбір нақыл сөздерді мысалға келтіріп көрелікші:«Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды»,«Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады»,Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді»,«Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді»,немесе:«Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,«Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді»,«Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас»,«Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас»…Міне осылайша, бүгінгі қолданысымыздағы мақал-мәтелдерге төркіндес нақыл сөздерді «Китаби дедем Қорқуттан» көптеп табуға болады.«Қорқыт ата кітабын» орыс ғалымы, академик В.Бартольд ондаған жылдар бойы зерттеп, аянбай, тер төгіп, орыс тіліне аударған.Ғалым Бартольдтың аудармасы негізінде «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған ғалымдар: филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев пен ғалым Мардан Байділдаев болатын.Ол еңбек жоғарыда айтқанымыздай, 1986 жылы жарық көрген еді. Аудармашылар сондай-ақ қазақша мағынасын саралау барысында 1950 жылы жарық көрген жыр аудармасының Баку нұсқасын да басшылыққа алғандарын өз еңбектерінде жазған екен.Әр жолы тұнған имандылық «Қорқыттың нақыл сөздері» атты кіріспедегі «Бисмиллаһи Рахмани Рахим» деп басталатын қасиетті сөздер Баку нұсқасында алынып тасталғандықтан, қазақша аудармасына да енгізбеуді жөн санағандарын қос ғалым ғылыми түсініктемелерінде ескерте кеткен. Бәлкім советтік қызыл идеологиядан қаймығулары оларды осы әрекетке итермелеген болар?!Демек жырдың түпнұсқасы мен В.Бартольд аудармасы – Құранның қасиетті сөздерімен басталған деген сөз.Енді аталған кітаптағы «Қорқыттың нақыл сөздері» атты кіріспесінен тағы біраз мысал келтіріп көрелік:«…Қорқыт ата тағы не айтқан екен: «Аузымды ашсам, тіліме кәлима келеді.Аллаға – шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке – құрмет!Сол Мұхаммедтің оңында тұрып дұға оқыған Әбубәкірдің аты өлмесін!…Құранның бетін ашып, «Ясин» сүресін оқығандарға құрмет!… Сөзі көктен түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кәлимаға келтірген Құранға – құрмет!…өлмесін!… Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға – құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рахым етіп, жар болсын!» деген екен Қорқыт ата.Ғасырлардан жеткен нұсқа. Ғалымдардың айтуынша, «Қорқыт ата кітабының» қос қолжазба нұсқасы бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оның біріншісі – Дрезден (Германия) қалалық кітапханасының сирек қолжазбалар қорында көрінеді. Біз тілге тиек етіп отырған аударма осы Дрезден нұсқасы.Ал мұқият сақталған екінші нұсқа – Италиядағы Ватиканның Аростолика кітапханасында.Алғашқы нұсқа 12 жыр, яғни 12 оғыз-намеден тұрады. Екінші қолжазба – бар болғаны 6 жырдан құралған.Филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың дәлелдеуінше, аталған шығарма «…VII-VIII ғасырлардаСырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында дүниеге келіп, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған-рухани қазына…»Сондай-ақ, осы ғалымның айтуынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екен.«Міне сондықтан да Қорқыт ата қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын мекендеген оғыздар арасында, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар» дейді ғалым Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты еңбегінде.Ғалымның осы тұжырымына «Қорқыт ата кітабының» «Жырдың кіріспесі» деп аталатын бөлімінен дәлел келтіріп көрелік:«Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз келген.…Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын істе болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған.Ел оның барлық өсиетін, билігін Бұлжытпай орындаған», деп жырланған жыр кіріспесінде.Тайға таңба басқандай келтірілген бұл үзінді Қорқыт атаның тарихи тұлға екендігіне-бұлтартпас дәлел.Бұл тұжырымды ғалым Әуелбек Қоңыратбаев одан әрі шегелей түседі:«Қорқыттың нақыл сөздерінде…» «Бұл жырды Қорқыт айтқан»… деп отырады.Сонда Қорқыт әулие емес, оғыздардың үлкен ойшылы, эпос ақыны боп көрінеді. Сонымен бірге Қорқыттың өзін де барлық жырдың бас кейіпкерінің бірі ретінде көрсетеді», дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев.Біздің ойымызша, демек Қорқыт атаның осы дастандар ауторы ретінде көрсетілуі оның Жаратушы айрықша дарын берген ел перзенті екенін айғақтаса керек.Ал Қорқыттың 12 жырдың өн бойындағы негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде сипатталуын, бабалардан бізге мирас боп қалған осынау жазба жауһарларымызға, яғни «Қорқыт ата кітабына» Халық деген талантты ұлы аутордың қосқан шығармашылық үлесіне дәлел деп қарағанымыз жөн болар.Осынау тарихи құнды еңбекті зерттеу ісіне академик Әлкей Марғұлан мен филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақов та өлшеусіз үлес қосқан. Қазақ даласын тербеген жырлар. Аталған шығармалардың жалпы түркі тектес халықтарға ортақ мұра екендігін түрколог ғалымдардың барлығы дерлік баса айтқан.Дей тұрғанмен, «Қорқыт ата кітабындағы» ол батырлық баяндарда, яғни қайталанбас жырларда жиі ұшырасатын адам есімдері мен жер-су аттары аталған тарихи оқиғалардың қазіргі қазақ даласында өткендігін айғақтайды.Мысалы, сол хикаяларда Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз, яғни Балқаш көлі, Арқа белі сияқты жер-су аттары жиі ұшырасады.Ғалым Немат Келімбетовтың айтуынша, 12 жырдың біраз жырлары өзара ортақ кейіпкерлер және жалғасты сюжеттер арқылы бір-бірімен байланысып жатады.Десе де, ол жырлар оқиғаның дамуы, өрбуі тұрғысынан белгілі бір хронологиялық тәртіппен орналаспаған екен. Себебі, алдыңғы жырлардың бірінде «қайтыс болды» деп жарияланған кейіпкерлер содан кейінгі жырларда қайтадан оқиғаға араласып жүретін көрінеді.Сондықтан ғалым Немат Келімбетов «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» жинағындағы батырлық дастандарды логикалық желі тұрғысынан мынандай тәртіппен жүйелеуге ұсыныс жасаған екен. Яғни, ол жыр-баяндар 8, 1 ,3, 4, 11, 2, 5, 6, 7, 9, 10, 12 деген тәртіппен орналастырылғанда ғана жинақта хронологиялық жүйе қалыптасатын көрінеді. Осы 12 дастандағы поэзиялық ұйқастар оның прозалық мәтінімен өзара астаса үндесіп, жырдың көркемдік қуатын күшейте түскен.Осынау батырлық 12 баянның әрқайсысы дерлік жыр ауторының Аллаға мінажат етіп, Жаратқаннан жарылқау тілеуімен аяқталып отырады.Мысалы, «Кітаптағы» «Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі…» деп аталатын ең соңғы 12-ші жырдың соңғы түйінінде былай деп жырланады:Бұл жиынға Қорқыт атам келіп, қуанышты өлең айтыпты. Дін үшін күрескен сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты… Адам өмірі өткінші… Құдай сені өлгеніңше дініңнен айырмасын! Ақ сақалды әкеңнің барған жері жұмақ болсын! …Иманды жүзіңді көрген соң бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Ол дүниеде Мұхаммед саллалаху алейхиуассалам пайғамбар үшін Алла сенің күнәңді жеңіл етсін!»-деген тілекпен соңғы жыр аяқталған екен.Әрбір батырлық баяны бір немесе бірнеше талдау еңбектерге арқау боларлық бұл «Қорқыт ата кітабы» жинағы біздің ата-бабаларымыздың ұлттық жазба әдебиетімізге қайталанбас қаншама жауһар дүниелерді қосып кеткенін айғақтаса керек. Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті. Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды. Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: — Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, — Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, — Оғыз қаған жыры т. б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т. б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы — әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; Ат қиналмай жол шалмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т. б.Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз, жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Қорқыт және қобыз-Халық ақын-жыраулары өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған күнін осылай жырлаған. Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық музыкалық аспабы — қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады Қобызды жасаушы да, тартушы да — Қорқыт. Жырда халықтың бұл тамаша аспабы — қыл қобыздың қандай заттардан, қалай жасалғаны да сипатталады. Мысалы:Қарағайдын түбінен қайырып алған қобызым. Үйенкінін түбінен үйіріп алған, қобызым. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған, қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған, қобызым. Ортекенің терісін сауыт қылған, қобызым. Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырынды ашып, үніңді сынап алған қобызым.Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бугінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт Атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шыгып, шагып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте куйге елтіп, арбаған әбжылан Қорқыт қалгып кеткен кезде шағып алады да, Қорқыт Ата содан өледі.«Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досиқырлы Желмаясы болды. Ескерткіші - Қорқыт атаға арналып 1980 ж. Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 km жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ауторлары — сәулетші Б. А. Ыбыраев, физикадан ғалым С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 m. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. «Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме «қорқыт» сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін «қорқыту» сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. «Қорқыт ата кітабы» — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В. В. Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Қорқыт атаның кесенесі: Қорқыт Атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қәзіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты теміржол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасына /IX—XI ғ./ орнатылған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз уйі сияқты дөңгелек. Ә. А. Диваев пен И. А Кастаньенің зерттеуі бойынша /IX ғ. / мазар кірпіштен салынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен безендіріліп, кереге, уықтар бейнеленген. XIX ғасырдың аяғында Қорқыттың табыты басқа жерге көшірілгең, мазарының қалдықтарын Сыр суы шайып әкеткен. Соңғы жьілдары /1978—1980/ Қазақстан Республикасы тарихи және мәдени ескерткіштерді қоргау қоғамы Орталық советі Президиумының шешімі бойынша арнайы қаржы босатылып, Қорқытқа мәңгі ескерткіш орнатылды. Алматылық жас архитектор Ибраев Бектің жобасы бойынша жүзеге асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы — қыл қобыз бейнеленген бұл ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады. Ескерткіш Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының теміржол станциясына жақын жерден бой көрсетеді. Қорқыт Ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев түсіріп алған екен. Сол фото-сурет Стамбул университетінің профессоры М. Ергиннің /Китаби Қоркыт/ еңбегінде пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: |