5-слайд.
Математика әлемдегі барлық техникалық ғылымдардың және технологиялық
құрылғылардың негізін қалайтын іргелі ғылым болып табылады. Сондықтан математиканы
оқытуда қолдану үшін ұсынылатын бірқатар нұсқауларға назар аударыңыз:
-
Оқушылардың есеп шартында берілген барлық сөздердің мағынасын түсінетініне
көз жеткізіңіз.
-
Математикалық ережелерді зерделеуге ерекше көңіл бөліңіз, есептердің
сипаттамалары, формулалары, теңдеулер және шешу жолдары – осының барлығы
математика ғылымының негізгі құралдары болып табылады.
Оқушыларға негізгі
құралдарды табысты меңгеріп, тиімді қолдануды үйретіңіз.
- Оқушыларды
сұрақ қоюға және қойылған сұраққа жауап беруге
дағдыландырыңыз.
Сұраққа жауап іздеу балалардың ақыл-ойын жауап беруге және мәселенің шешімін табуға
жұмылдырады.
- Оқушыларды
ынтымақтастықта жұмыс істеуге және өзара көмекке
дағдыландырыңыз. Оқушылардың барлығы бірдей математикаға бейім болмауы мүмкін,
сондықтан оқушылардың математиканы түсінуі және меңгеруі үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер
мен стратегияларды тиімді қолдану қажет.
- Оқушыларды
өз пайымдауларын толық немесе әр қадам сайын жазып отыруға
дағдыландырыңыз, бұл шешу қадамдарын, іс-әрекеттерді еске сақтауға және өз қателерін
анықтауға көмектеседі.
- Оқушыларды
сабақ тақырыбына қатысты барлық есептерді шығаруға
дағдыландырыңыз. Бұл оқушылардың қандай есептерді шешуде қиындықтар туындайтынын
анықтауына мүмкіндік береді.
6-слайд
. Оқушыларыңызға мынадай нұсқаулар беріңіз:
- Оқушыларды
шешімі табылған және тексерілген есептерге қайта оралып
отыруға
дағдыландырыңыз, әсіресе, өздері қате жіберген және мұғалім түзеткен есептерді
зерделеп отыру дағдыларын қалыптастыру керек.
- Оқушыларға
үйде орындау үшін сараланған тапсырмаларды ұсыныңыз
, бұл
оларды күрделілігі әртүрлі тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландырып,
математика ғылымының алдындағы қорқынышын сейілтеді.
- Оқушыларды
өзінің есепті шешу жолдарын көрсетуге және өз дәлелдерін негіздей
білуге дағдыландырыңыз.
- Оқушыларды
есепті шешудің өзіндік тәсілдерін табуға ынталандыруды және
ерекше шешу жолдары үшін мадақтап отыруды ұмытпаңыз.
Құрметті әріптес, модуль тапсырмаларын орындауда табыс тілейміз!