Конечная точка первой оси или [Орталық]:
4.11-сурет 4.12-сурет
Нүктені енгізгеннен кейін компьютердің сұрауларына жауап ретінде бірінші осьтің екінші шеткі нүктесін, содан соң екінші осьтің шеткі нүктесін енгізу керек. Одан кейін конустың биіктігін енгізіп, команданы аяқтаймыз (4.10-сурет).
Жоғарыда айтылған тәсілдердің бәрінде конус биіктігін енгізетін кезде, конустың үстіңгі табанының радиусын енгізуге болады. Бұл қиық конусты салуға мүмкіндік береді (4.12-сурет).
Клин (Wedge)
AutoCAD-та клин деп аталатын сына тәрізді, пішімі дигоналімен бөлінген параллелепипедтің жартысы болып келетін призмалық денелерді салуға болады. Бұл үшөлшемдік қаттыденелі объект күрделі пішімді геометриялық денелерді құрастыру үшін жиі қолданылады. Бұл команданы шақыру жолдары:
Моделирование аспаптар панелі батырмасы;
Рисование мәзірі Моделирование Клин;
Командалық жолда Клин немесе Wedge сөзін енгізу;
Басқару пульті 3D Make (3D построения) Клин.
Клин командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады:
Команда: _wedge
4.13-сурет
Клин параллелепипедтің жартысы болғандықтан, клинды салу үшін де алдымен призма табанының бірінші бұрышын сұрайды.
Первый угол или [Орталық]:
Бұл жерде сына табанының бірінші бұрышын көрсету керек.
Другой угол или [Куб/Длина]:
Сына табанының екінші бұрышын енгізу керек.
Высота или [2Точки]:
4.14-сурет 4.15-сурет
Сына биіктігін енгізу керек. Биіктіктің оң мәнін енгізгенде, биіктік ағымдық ПСК-ның Z осінің оң бағытымен бағыттас етіп салынады.
4.13-суретте өлшемі 300×100×200мм сынаның каркастық моделі көрсетілген. 4.14-суретте Визуалды стильдің Концептуальный түрінің көмегімен сынаның боялған кескіні көрсетілген.
Орталық опциясын қабылдаған кезде клин нұсқалған орталық нүктенің көмегімен салынады (4.15-сурет).
Команда: _wedge
Первый угол или [Центр]: Ц
Центр ретінде 1 нүктесін нұсқаймыз.
Другой угол или [Куб/Длина]:
Табанының екінші бұрышын көрсетеміз.
Высота или [2Точки]:
Биіктікті енгіземіз.
Куб опциясын қабылдаған кезде сынаның ұзындығы, ені, биіктігі бірдей болады.
Длина опциясын қабылдаған кезде сынаның ұзындығын, енін, биіктігін енгізу керек
Бақылау сұрақтары
AutoCAD жүйесінде үш өлшемді координаталардың түрлерін атаңыз?
Үшөлшемді полисызықтарды салу үшін қандай команда қолданылады? Шар салу үшін қандай команда қолданылады? Цилиндр салу үшін қандай команда қолданылады? Конус салу үшін қандай команда қолданылады? Клин салу үшін қандай команда қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |