Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір колмпьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға – клиеттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді. Бір днеңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбәр жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі – әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдаланушы үшін бөліп береді. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады. Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурсиарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс жжұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |