Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Қазақ жері: «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің аясында



жүктеу 230,02 Kb.
бет12/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

2.Қазақ жері: «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің аясында.
1917 жылғы қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.
1918 жылы 23-наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-құлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты.
1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бүлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты.
1 918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдерге қарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында "Черкасск қорғанысы" - деп аталды.
Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә.Т.Жангелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді. Облыстық және уездік кеңестер мен әскери комиссариаттар жергілікті бұқара халық өкілдерін - қазақтарды, қырғыздарды, дүнгендерді, өзбектерді, ұйғырларды және басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда саяси-ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті. Қызық Армия бөлімдерін жасақтауда көптеген қиындықтар да кездесті. Қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдықтар жетіспеді. Әскери жасақтарға басшылық ететін тәжірибелі қызыл командирлер мен саяси қызметкерлердің қатары аз болды.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында "әскери коммунизм" саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тыйым салынды. Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды көбейтуге, Қызыл Армияны, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міңдеттілігі талап етілді. Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлмдерін құруда Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсыпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Міне, осы шаралардың барлығы Қазақстанның азамат соғысы майдандарында интервенттер мен ақ гвардияшыларға шешуші соққы беруге жағдай жасады. 1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугурслан, Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп, Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың 22-қаңтарында Орынборды, 26-қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.
Қазақстандағы азамат соғысы тарихында елеулі оқиға болды.
1919 жылдың жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күштерінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. Қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.
Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдеде қоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5-қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8-қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік берді. 1920 жыл көктемінде Үржар, Арасан станциялары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29-наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ.



жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау