Сенім мен арман мұра жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес-қызмет- әрекет етуге деген эмоционалды-жігер әзірлік.
Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәжірибелік жүйелердің негізін қрайды.
3. Жеке тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары жеңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарды топтастырған феномен. Осылайша, жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен олардың пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылыма принциптер мен арман-мұраттар қызмет-әрекеттке деген әзірлік сияқты компоненттер өзара байланыс болып келеді.
Л. И Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - бір шама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыты, дүниетанумен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.
Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер «мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен даиуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекеттің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты».
Құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік «Мен» деген сөзінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет, құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтыры мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелігінің интегралды көрсеткіші.
Психологтар «құндылық» ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелік, жеке тұлғаның және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал еіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.
Кейбір зеттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқына көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субъективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулер «құндылық бағыттары» ұғымын психологиялық тұрғыдан ұғынады.
Д.Н. Узданзе құндылық бағыттары, бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, объектінің субъект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінші жағынан, іс-әрекетке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет үдерістерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Құндылық бағыттар адамның мінез-құлықтың ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны «заттандыруға», яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы табуға болады. А.Н. Леоньевтің пайымдауынша, қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мативке айналады. Сонымен, адам үшін «жеке тұлғалақ мәні» бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.
Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этникалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.
Теориалық-таным ретінде құндвлвқ дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады, үшіншіден, санадағы құндылық - объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады. (А.А. Микешина).
Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар – өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.
4. Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық үдеріс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушыларматериалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игеруді қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың талассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас үдерісі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, үдерісс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты – оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Аналитикалы-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әр түрлі жақтары, бірақ бұл үдерісте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық үдерісі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекетретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалптастыруы қажет. Түсініктердің пайда болуы, жаңдарды жете түсіну – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді үдерісі» (М.Н.Скаткин).
Оқу оқушыларынң іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теоиялық сана мен ойлаудың қалымтасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны – іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгері болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне аәналуы қажет. Оқышылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |